Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Термиттер тіршілігі туралы не білеміз?

16 маусым 2013, Жексенбі
Категориясы: География
30 - сабақ.
Сабақтың тақырыбы: «Топтық мінез - қылық» Жануарлар мінез қылығы туралы білімді іс жүзінде пайдалану. Термиттер тіршілігі туралы не білеміз?
Сабақтың мақсаты: 1.«Топтық мінез – қылық» туралы ұғымын қалыптастыру. Термиттер тіршілігімен танысу.
2. Географиялық, биологиялық білім біліктілік дағдыларын ары қарай қалыптастыру.
3. Оқушыларды қоршаған табиғатты қорғауға, тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Қоғамдық жануарлар туралы қосымша әдебиеттер
2. Слайдтар және фото суреттер
3. Оқушының жұмыс дәптерлері
Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа ұғымдарды меңгерту
Сабақтың типі: меңгерту сабағы

Сабақтың барысы:
І Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Қызығушылығын ояту
І тапсырма
Топтасып тіршілік ету қандай жануарларға тән? (Жылқы)
Табын, үйір болып тіршілік ететін қандай үй жануарларын білесіңдер? (Сиыр)
Алыс жаққа топтасып ұшатын құстардың атын атаңдар? (Қаз)

Қоғамдық жәндіктерге қандай түрлер жатады? (ара, шыбын, құмырсқа)
Құмырсқа илеуіндегі қызмет бөлінісін, еңбек бөлінісін атаңдар?

2 тапсырма. Кестені толтыр. І бөлімде берілген жануарларды тіршілік етулеріне қарай топқа бөліп жаз.
Т о п т а р

Отар ------------- Тұқымтоп ---------- Топ ---------- Үйір ---------- Табын
Қойлар --------------------------------- Қаздар

1. Қасқырлар
2. Сойдақ тістілер
3. Аралар
4. Май шабақ
5. Жолақ аттар
6. Құмырсқалар
7. Қаздар
8. Арқан балық, албырттар
9. Пингвиндер
10. Құландар
11. Ақ құмырсқалар
12. Теңіз мысықтары
13. Қойлар

ІІ. Сараланған бөлім.
Операциялық орындаушылық кезең.
3 тапсырма. Оқулықпен, қосымша әдебиеттер және электрондық оқулықпен жұмыс. а) Слайдтардағы термиттер ұясымен мәтінмен танысып, сұрақтарға жауап беру.
1. Термиттер қай белдеулерде тіршілік етеді?
2. Термиттердің ұяларының биіктігі қанша метр?
3. Ұялардың ішкі құрылысы қандай?
4. Термиттердің келтіретін зияны қандай?
Амазонка өзені аңғарларында мекендейтін ақ түсті құмырсқаларды термиттер деп атайды. Термиттердің ұяларының биіктігі 2 - 6метр, аумағында 2 метрге дейін қалың балшықтан, құмнан біріктіріп жасайды.
Ішкі бөлігінде тамақ сақтайтын, жұмыртқаларын қоятын және термиттердің өздері жататын бөлмелері болады; тіпті ауа жинайтын бөлмесін де дайындап қояды. Термиттердің көбісінің ауыз аппараты өткір тіспен қаруланған. Олар ағаштан жасалған құрылыстарды, үйлердің жиһаздарын, киім-кешектер т. б. заттарды тез арада кескінін бүлдіре алады. Бір түннің іш інде кез келген затты қырқып жеп, жоқ қылып жібереді.

ІІІ. Кіріктірілген бөлім.
Рефлексиялық - бағалау кезең.
4 тапсырма.
1. Қоғамдасып тіршілік ететін жануарларды топтастыр. Биология.
2. Кескін картамен жұмыс. Кескін картаға термиттердің кездесетін аймақтарын түсіру. География
● Оңтүстік Америка(Амазонка өзенінің аңғары)
● Батыс Африка
● Аустралия (Квинсленд)
● Шри - Ланка аралы
● Түркмения (Ашхабад маңайы)
5 тапсырма. Оқулықпен жұмыс. §51 мәтінін пайдаланып, сызбаны толтырыңдар.
Жануарлар мінез - қылығы туралы білімді іс жүзінде пайдалану.

Құстар дыбыстарын қолдайтын? бақшаны қорғау
Құстардың ұшақпен соқтығыспауы
Құстарды үркіту (радиолакатор)
Аң аулау мерзімін білу
Балық өсіру
аң – құс шаруашылығы

6 тапсырма. «Адасқан әріптер» ойыны.
Кестедегі әріптерден көлденеңнен биологиялық және географиялық терминдер құрастыру.
Пәндер ------------------------ тапсырмалар
Биология ------ ш ----- а ---- у ---- с ---- а ----- ж
-------------------- р ----- и ---- м ---- т ---- е ----- т
-------------------- р ----- а ----- б ---- а ---- а ---- л
География ----- б ----- о ---- л ----- с ---- у ---- г
-------------------- с ----- п ---- а ----- к ----- о ---- м
-------------------- қ ----- о ---- й ----- б ----- ы ---- л

Дұрыс жауаптары: жасуша, термит, балара, глобус, компас, бойлық
Алған білімнен қорытынды жаса: Жануарлар мен өсімдіктердің бір тұтастығын бірлестікте тіршілік етеді. « Табиғи бірлестікте өсімдіктер – өндірушілер, жануарлар – тұтынушылар, ал бактериялар, құрттар – ыдыратушылар» болып табылады.
7 тапсырма. Тест
1. Қоғамдық жануарлар - бұл......
а) өрмекшілер ә) құмырсқалар б) қолтырауындар
2. Арыстанның тұқым тобы қалай аталады?
а) отар ә) үйір б) топ
3. Термиттердің ұяларының биіктігі қанша?
а) 4м ә) 2м б) топ
4. Термиттердің күшті жетілген ауыз аппаратында болады?
а) жетілмеген тістері бар
ә) өткір тістері бар
б) тістері болмайды
5. Құмырсқалардың қауымдасып тіршілік етуінің күрделі әрекетінің негізі?
а) рефлекс
ә) тітіркенгіштік
б) инстинкт
6. Қай құстың қоразы жұмыртқаны 2 ай басады?
а) тауықтың
ә) түйеқұстың
б) дуадақтың
Тест жауабы
1 - ә 4 - ә
2 - б 5 - б
3 - ә 6 - ә

ІҮ. Өзін – өзі бағалау парағы.
Бағалау критерийі: 48 - 50ұпай «5», 23 - 47 ұпай «4», 0 - 22 ұпай «3»
V. Үй тапсырмасы. 50, 51кесте. Мектеп маңындағы құмырсқа илеулерін қамқорлыққа алу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 746
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – тіршілік аясы
Табиғат – тіршілік аясы
Оқушыларға табиғат туралы түсінік беру, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту, туған жердің экологиясын қорғауға үлес қосу.
Жабайы және үй жануарлары
Жабайы және үй жануарлары
Оқушыларды жабайы және үй жануарларымен таныстыру. Жануарлардың тіршілігі, пайдасы, мекендейтін ортасы және олардың төлдер туралы мағлұмат беру.
Жануарлардың мінез - қылығы туралы білімді іс - жүзінде пайдалану
Жануарлардың мінез - қылығы туралы білімді іс - жүзінде пайдалану
Жануарлардың жеке - дара және топтық мінез - қылығын, тіршілік қалпын зерттеу, балық өсіру, құс, аң, мал шаруашылықтарын дамыту, құстардың жылы жаққа қайту кезінде әуеде ұшақтармен қақтығысып қалуын болдырмау сияқты аса маңызды шараларды сауатты
Топтық мінез - қылық
Топтық мінез - қылық
Топтасып тіршілік ету – жануарлар әлемінде кеңінен таралған құбылыс. Бір түрге жататын жануарлардың ішінде жеке - дара тіршілік ететіндері де, бүкіл тіршілігін топтасып «тұқымтоп» (семья) болып өткізетіндері де бар. Сондықтан осы соңғыларын
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Биология пәнінен 6 - сыныпқа арналған Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау (барлығы 51 сағат)
Жануарлар немен қоректенеді?
Жануарлар немен қоректенеді?
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сам орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі Абенова Жанарай Сагыйбатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×