Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Сфера» интеллектуалдық-сарамандық ойыны

13 қыркүйек 2013, Жұма
Категориясы: География
Сыныптан тыс шара. Сыныбы: 6 сын
«Сфера» интеллектуалдық - сарамандық ойыны
Мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін ынталандыру, интеллектуалдық дүниетанымдарын дамытып, өз бетімен және топта жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырып, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Қатысушылар: әр сыныптан 8 оқушы, 4 топ
Барысы:
1. Сайыс ережесімен таныстыру, 3 сарапшы тағайындау
Мұғалім сөзі: Бүгінгі сайыстың атының «Сфера» аталу себебі біздер 3 сфераны (атмосфера, литосфера, гидросфера) аяқтап, қорытындылау мақсатында қойылып отыр.
1. Топтар өз аттарын терминдердің мәнін ашу арқылы таңдайды.
Масштаб, план, азимут, астероид, меридиан, бергштрих
1 айналым - « Ой сергіту». Ең, ең... сериясы бойынша әр топқа 8 сұрақтан қойылады.
1 топ
1. Ең биік шың (Джомолунгма)
2. Ең үлкен түбек (Арабия)
3. Ең кіші материк (Австралия)
4. Ең терең шұңғыма (Мариан)
5. Ең үлкен көл (Каспий)
6. Ең ұзын өзен (Ніл)
7. Ең суыққа төзімді құс (Пингвин)
8. Ең кіші мұхит (Солт мұз мұхит)
2 топ
1. Ең үлкен арал (Гренландия)
2. Ең үлкен бұғаз (Дреик)
3. Ең ұзын тау (Анд)
4. Ең үлкен шөл (Сахара)
5. Ең биік ағаш (Секвоя)
6. Ең үлкен ойпат (Амазонка)
7. Ең суық материк (Антарктида)
8. Ең үлкен мұхит (Тынық)
3 топ
1. Ең ылғалды материк (Оңт Америка)
2. Ең тұзды мұхит (Үнді)
3. Ең үлкен жылан (Анаконда)
4. Ең аралы көп мұхит (Тынық)
5. Ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)
6. Ең жылы ағыс (Гольфстрим)
7. Ең үлкен тау (Гималай)
8. Ең үлкен сарқырама (Анхель)
4 топ
1. Ең терең көл (Байкал)
2. Ең енді мұхит (Тынық)
3. Ең халқы көп материк (Евразия)
4. Ең кішкентай құс (Колибри)
5. Ең ыстық материк (Африка)
6. Ең көп балық ауланатын мұхит (Атлант)
7. Ең үлкен жылы ағыс (Гольфстрим)
8. Қазақстандағы ең үлкен мұздық (Корженевский)
2 айналым. «Топодиктант»
1 топ
Мұрат екеуміз жексенбі күні атамыздың саяжайына жол тарттық. Атамның саяжайы өте алыста. Біздер автобуспен шоссенің............ оң жағына түсіп, жалғыз ағашқа......... қарай жүріп отырдық. 20 минут жүрген соң ауыл маңындағы өзенге де........... келіп жеттік. Өзеннен ағаш көпір......... арқылы өттік. Атам бізді үй жанындағы құдық.......... қасынан қарайлап тұр екен. Бізді көріп қуанып, жеміс бағына...... ертіп барды.
2 топ
«Желек» атты ерікті оқушылар тобы орманды жерлердің тазалығы мен өсімдік түрлерін анықтау үшін саяхатқа шықты. Саяхатымызды бұталар тобынан......... бастап, сирек орманға........... келдік. Бұл жерде зерттеу жұмыстарын жүргізген соң, аралас орманға........ беттедік. Жарты сағаттан соң солтүстікке қарай қозғалып, 1 км ден соң кесілген орманға да....... келіп қалдық. Мұнда ағаштар көп кесіліп, қоқыстар көп тасталған екен. Әріректе орманшының үйі......... көрінді. Біздің топ айналаны жинастырып, мектебімізге........ қайттық.
3 топ
Бір топ суретшілер туған өлкенің тамаша бейнесін қағаз бетіне түсіру үшін су көздеріне саяхатқа шықты. Саяхат ауыл маңындағы жел диірменінің........ жанынан басталды. Жол бойы батпақты....... айналып өтіп, сұлу өзенге......... де келіп жетті. Осы жердің тамаша көріністерін бейнелеген соң, бөгенге қарай.......... жол тартты. Бұл жердегі судың дыбысын тамашалап, ағаш көпір........ арқылы өзеннің екінші жағына өтеді. Суретшілер табиғат сұлулығын қағаз бетіне түсірген соң, ауылға............. қайтты.
4 топ
Айдос пен Арман жоғалған бұзауларын іздеп шықты. Олар шалғынға........... қарай бет алды. Бұзауларын бұл маңнан таба алмады. Енді топ бұталар....... арқылы өтіп, сирек орманға....... келіп қалды. Одан өтіп орманның шетіндегі жыраның...... жанынан да іздеді. Бұзауларын таба алмаған балалар ауылға қайтып келе жатып, құдықтың........ қасынан өте бере бақшаның........ ішін қараса, бұзаулары сонда кіріп кетіпті. Айдос пен Арман сөйтіп бұзауларын тауып алды.
3 айналым -« Үнсіз бейне»
Жер сілкінісі, жанартау, тұман, ауа ылғалдылығы (эл. оқулық)
4 айналым -« Географиялық координаталар»
1 топ
Сидней, Нью - Йорк, Буэнос - Айрес, Кейптаун
2 топ
Токио, Тегеран, Нью - Дели, Вашингтон
3 топ
Сантьяго, Канберра, Астана, Мехико
4 топ
Коломбо, Каракас, Антананариву, Пекин
5 айналым - «Кескін карта»
1 топ - Гималай тауы, Кордильер тауы, Жерорта теңізі
2 топ - Анд тауы, Солтүстік мұзды мұхит, Орал тауы
3 топ - Үндістан түбегі, Амазонка өзені, Скандинавия түбегі
4 топ - Каспий теңізі, Сахара шөлі, Үнді мұхиты
6 айналым -« Негештен келген сұрақтар»
Не?
1. Жел деген не?
2. Метерология деген не?
3. Орбита деген не?
4. Тәулік деген не?
5. Тау деген не?
6. Үгілу деген не?
Неге?
1. Неге құмдар мен бархандар көшеді?
2. Неге мұхит суының қату температурасы төмен?
3. Неге өзендердің деңгейі бірде көтеріліп, бірде тасып, бірде азайып отырады?
4. Неге толысу мен қайту құбылысы болады?
5. Неге адамдар канал салады?
Қалай?
1. Эхолотпен мұхит түбін қалай зерттеуге болады? (1 сек - 1500м)
2. Атмосфераны қалай зерттеуге болады?
3. Цунами қалай пайда болады?
4. Батпақ қалай пайда болады?
5. Атмосфералық қысым биіктік бойынша қалай өзгереді?(әр 10м көтерілген сайын 1 мм төмендейді)
7 айналым -« Энциклопедия беттерінен»
1. Космонавттар ғарыштан жер бетіндегі меридиандар мен параллельдерді көре ала ма?(жоқ)
2. Аспанның түсі қандай? (түсі жоқ)
3. Батыс полюсі бар ма? (жоқ)
4. Ғарышта таулар бар ма? (Иә, Марста Олимп тауы бар)
5. Айға ең бірінші барған кім? (Н. Армстронг)
6. Суға батпайтын тас бола ма? (Иә, пемза)
7. Сіздің ғарыштық мекен жайыңыз?
8. Барлық құстар ұша ала ма? (жоқ, түйеқұс ұша алмайды)
9. Америка мен Африканың біртұтас болғаны шын ба? (Иә)
10. Балықтар қараңғыда көре ме? (Иә, биолюминесценция)
11. Ақ аюлар пингвиндермен қоректене меғ? (Жоқ, екеуі 2 полюсте өмір сүреді)
12. Барлық ағаштар гүлдей ме? (Иә)
13. Камбаланы шахмат тақтасының үстіне қойса не болады?(бейімделеді)
14. Адамдар аюларға спорттың қай түрін үйретті? (хоккей)
15. Құс жолына ең жақын галактика (андромеда)
16. Метеориттердің барлығы жерге құлай ма? (жоқ, кейбіреуі ауада балқып кетеді)
Жеңімпаздарды марапаттау,
4 573
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Аустралияның географиялық орны, жер бедері
Аустралияның географиялық орны, жер бедері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, “Абай атындағы орта мектебі” ММ география пәнінің мұғалімі Спанова Маржан
Сфера және шар
Сфера және шар
Жаркент қаласы, Жамбыл атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Медетбекова Кульжанат
Білгір географ сайысы (8 – 9 сыныптар)
Білгір географ сайысы (8 – 9 сыныптар)
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің география пәні мұғалімі Тлеумуханова Гулсим Тулегеновна
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жанғазиева Аққайша Сағадиқызы
География және әлем
География және әлем
ШҚО, Аягөз ауданы «Горный ЖББОМ» КММ география пәні мұғалімі Омарбаев Нұрлан Нұрахымұлы
Үздік географ (сайыс)
Үздік географ (сайыс)
Қызылорда қаласы, №136 Т. Жүргенов атындағы география пәні мұғалімі Мөлдір Нысанбай Молдабайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×