Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Темірлан» Менің атымның мағынасы

07 сәуір 2015, Сейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Семей қаласы, Шақаман ауылы, Шақаман ЖОББМ
4 сынып оқушысы Амангельдыев Темірлан Асланұлы

«Темірлан» Менің атымның мағынасы
КІРІСПЕ
Балаларға бүгінгі жарқын өмір, бақытты дәуір талабына сай жарасты да лайықты есім қою халық діттеп отырған мүдделі де маңызды мәселенің бірі болып саналады.
Ата - ана дүниеге келген перзентке мағынасы айқын, әдемі де айшықты, сұлу есім беруді қалайды.
Бірақ олар атты таңдауда, оны жазуда қиналысқа ұшырап отырады.
Ал ұрпаққа жарасымды есім беру - ежелден келе жатқан, ізі суымаған игі дәстүр. Есімдер де халық тіліндегі сөздер сияқты өмір сүріп ескеріп әрі жаңарып отырады. Олар да ғасырлар үнін қарт шежіре сияқты келешек ұрпаққа жеткізіп отырады.
Ат адамға туған кезде берілетің дербес атау. Адам атына заты сай болу керек. Әр ат өзінің мағынасына байланысты маңызды болады.
Әр аттың тектілігі болады. Тектіліктің негізгі өлшемдерінің бірі абыройлы азаматқа айналу.
Осыған орай халық арасында «Жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа алғысыз»- деген қанатты сөз айтылады.
Менің шығармашылық жұмысымның мақсаты:
Зерттей отырып атымның мағынасында қандай ой жатқаның білгім келеді, келешекте жеті атамның атына кір келтірмейтіндей ата - анамның тірегі болатындай азамат болып өсу.


Негізгі бөлім
Ассалаумағалейкум ұстаздарым,
Ғылыми жұмысымды ала келдім.
Батырлардың атын қуған мен Темірлан,
Амангелді Асланның баласы едім.

Темірлан - ер адамның аты. Темірлан деген есім Түрік халқынан шыққан.
Мен атымның тарихи мағынасына тоқтала кетсем.
Темір (1411 - 12ж. ж.) – деген Жошы ханының ұлы орыс ұрпағы болған. Темір Мәлік ол (Ақ орданың ханы), Ақсақ Темір деген хандар болған.
Батырлардың бәрі сайып қыран емес,
Ақсақ Темір сайып қыран - деп өзім Ақсақ Темірге тоқтала кеткім келеді.
Әмір Темір (Ақсақ Темір) – ( Құтбиддин Темір Туркап, Темірлан) – қол басшы, мемлекет қайраткері 1336 жылы Түркістанда туған. Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы.
Жас кезінде бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. Осыған байланысты Ақсақ Темір атанған.
Ақсақ Темірдің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя – Темір мемлекеті құрылды.
Ақсақ Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болады. Самарқан қаласында жерленген.

Сонымен қатар Темір деген табиғатта 4 тұрақты және 5 радиоктивті изотоп
бар, б. з. 100 жыл болған элемент, адамдар темірді алғашында аспаннан метеорит түскен уақытта білген.
Темір алюминий ден кейін көп таралған металл.
Ежелгі қол өнерші ұсталар мыс пен қоладан еңбек құралдарын жасай жүріп, олардан ерекшелеу жаңа металды байқады. Бұл темір еді. Темір мыс пен қолаға қарағанда мықты болды. Осылайша ежелгі халық темірден жасалған құралдардың арқасында жұмыстары жеңілдеді.
Және де Темірқазық деген жұлдыз да бар, ол кіші аюдағы 2 жұлдыздық шамада жалтырап тұратын жарық жұлдыз.
Осындай елімізде Темір туралы көптеген аңыз - әңгімелер мен тарихтарға сүйеніп, мені отбасым Темірлан – деп атаған.
Маржан көзің көмірдей,
Арам ет бітіп семірмей.
Денең күшті темірдей -
деп маған азан шақырып Темірлан есімін берген екен.
Анамның айтуынша менің есімім түсіне «АЯН»- болып кірген, бұл баланың аты «Темірлан» болады деп. Содан отбасым мықты, қайратты, өжет, қарулы, ісіне мығым күшті болсын деп Темірлан атаған.
Темірлан – Қарулы, қайратты, мықты, мығым, батыл, күшті

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫС
Менің зерттеу жұмысымның барысында, Достық ауылдық округінде 1972 адам тұратының, оның ішінде 6 Темірлан есімді азаматтар бар екенің олар өмірдегі өз орындарын білетін, алға қойған мақсаттарын орындай алатын тұлғалар екенің білдім.

Арғынмын, баласымын Асланның,
Қалайша мен руымды жасырамын.
Ұрпағымын Амангелді атамның,
Атыма затымда сай Темірланмын.

Менің атам 1941жылы соғыс басталған уақытта туылған екен.
Соғысқа кеткен ағалары аман - есен, жеңіспен оралсын деп Амангелді деп атын қойыпты.
Атам менің әрқашан
Кішіпейіл бол деген.
Ақыл сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
Атам менің әрқашан
Мейірімді бол деген.

Ақыл сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
Атам менің әрқашан
Бол дейтұғын тіл алғыш.
Үлкендерден содан да
Алып жүрем кіл алғыс.

Менің жеті атам

Қорытынды.
Менің атымның мағынасы туралы шығармашылық жұмысымды зерттей отырып,
Темірдей мықты, шыдамды, Ақсақ Темірдей батыр әрі батыл, Темірқазықтай жарқырап жан деген мағынаны білдіреді екендігін білдім.
Алдағы уақытта атыма затым сай Тәуелсіз еліміздің Отан қорғар азаматы болғым келеді.
Шығармашылық жұмысымды тыңдағандарыңызға рахмет!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
30 020
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Қазақстаным!
Менің Қазақстаным!
Отан дегеніміз не? Отан отбасынан басталады. Отбасында бір - біріне ең жақын адамдар өмір сүреді. Олар әрдайым бір – біріне қолдау көрсетіп, көмектесіп отырады. Отбасым – ата - анам, ата - әжем, ағаларым, әпкелерім. Отбасында іңгалап дүниеге келіп,
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы
Сөз және оның мағынасы туралы білімді қайталау, еске түсіру, толықтыру. Сөйлеу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттері арттыру.
Зат есімнің жасалуы. Дара және күрделі зат есімдер. Деректі, дерексіз зат есімдер
Зат есімнің жасалуы. Дара және күрделі зат есімдер. Деректі, дерексіз зат есімдер
Зат есімнің жасалуы. Тақырып бойынша білім беруі, кеңейту, алған білімдерін қолдана білуге үйрету;
Дара және күрделі сан есімдер
Дара және күрделі сан есімдер
Атырау қаласындағы №32 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бернияшова Мөлдір Жұмабайқызы
Сөз және оның мағыналары
Сөз және оның мағыналары
Ақтөбе обылысы, Хромтау қаласы, №3 Хромтау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сарсенбаева З.Ш.
Бейбіт болсын болашақ
Бейбіт болсын болашақ
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, «Алға мектеп - бақшасы»ММ бастауыш сынып мұғалімі Жуманиязова Жулдыз Дуйсенгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×