Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Төрт - түлік

08 қыркүйек 2015, Сейсенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
М. Әбенова атындағы жалпы орта мектеп
Орындаған: 1 сынып оқушысы Қасымова Несібелі Ануарбекқызы
Ғылыми жетекшісі: Алмурзаева Баян Куралбаевна

Ғылыми жобаның тақырыбы: «Төрт - түлік»
Мақсаты
Төрт түліктің түрлерімен жан - жақты танысып, адам өмірінде алатын орнының зор екендігін анықтау. Халқымыз малды бағып қағу арқылы, еңбек сүйгіштікке үйреткен.

Кіріспе
Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысып келеді. Мал кезінде алты алаштың жесе - асы, кисе - киімі, мінсе - көлігі, жапанда - серігі болған. Біз ежелден малға жақын халықпыз. Кезінде ата бабаларымыз төрт түлікке жайлы қоныс іздеп кең даламызда көшіп қонып жүрген. Қазақ төрт түлікті ерекше құрметтеген төрт түліктің жайымен жазда жайлауға, қыста қыстауға көшкен. Малдың еті, сүті тамақ болған, терісінен, жүнінен арқан жіптер, киіз үй жабдықтары, киім - кешек, алаша, кілем тоқып т. б. әр түрлі бұйымдар жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз «ағарған» немесе «ақ» деп атаған.

«Түйе малдың қасқасы»
Төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. Осы малдың сақтаушы иесін «Ойсылқара» деп атаған. Ойсылқара атауы ұғымдық жақтан түйе деген мағынаны білдіреді. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б) Тіпті түйенің шудасын да, қайнатып, емге пайдаланған. Осындай аса құнды мал болғандықтан, қазақтар өз перзенттерін де «құлыным, қозым, қошақаным, ботам» деп, айналып - үйірілген, еркелетіп отырған.

«Ат - ердің қанаты»

Төрт түліктің ішіндегі ең таза мал – жылқы. Оның тазалығы соншалық – суды да кешіп барып, таза жерден ішеді. Ол өте сезімтал мал. Қолға тез үйренеді. Бір ғажабы жылқыда өт болмайды. Төрт түліктің ішінде жылқыны өсіру жеңіл. Себебі жылқыны бағуда артық шығын кетпейді. Жылқы - жеті қазынаның бірі. Ол сезімтал, талғампаз жануар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
12 802
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төрт түлігім - ырысым атты ғылыми – зерттеу жобасы
Төрт түлігім - ырысым атты ғылыми – зерттеу жобасы
Төрт түлік туралы қазақ әдебиеті тарихында және халық арасында кеңінен таралып, қолданылуда. Ақын - жазушылар өздерінің өлең жырларын да да жазып, адамға пайдасы зор екенін айтқан.
Төрт түлік
Төрт түлік
Төрт түлік туралы не айтаcыңдар? 1. Қой - төрт түліктің ұсағы. Күзгі терісінен - тон, қысқы терісінен тұлып тігеді. Жүнінен киіз басады. Жіп иіріп, қолғап, шұлық тоқиды. Қойдың сүті қою, жағымды болады.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Атырау қаласы, Талғайраң селосы, Талғайраң негізгі мектебі Шағын орталық тобы тәрбиешісі Елеусинова Бибігүл Қанатбайқызы
Төрт түлігім - ырысым
Төрт түлігім - ырысым
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шалхар Рухия
Төрт түлігім – ырысым
Төрт түлігім – ырысым
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы, Бейнеу ауданы, Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Ақнұр Наренбаева
Төрт түлік мал
Төрт түлік мал
ШҚО, Күршім ауданы, Күршім ауылы Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Джандаралова Жанар Ахметқанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×