Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары
Курмалова Асель Агисовна
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,
«Сымбат» жеке мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Педагогикалық өтілі: 20 жыл
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру жолдары
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.
Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені де баршаға белгілі.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
К.Д. Ушинский пікірін П.Ф. Каптерев одан өрі дамыта отырып, педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан, бұл - мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан - оқушының өзіндік ішкі әрекеті. Ол оқушының белсенді білім игеруі мен қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді. Каптерев оқушының білімді игерудегі ішкі процестерін зерттеуді бірінші орынға қойды. Ең маңыздысы, бұл процестерге жағымды жағдайлар жасау дейді.[№ 4, 29бет]
Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы болды. Ы.Алтынсарин бойынша оқытудың жеке әдіс - тәсілдеріне:
а) оқыту әдісі - бұл баланың білімге құштарлығын оятатын, кейіннен өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;
ә) сабақта баланың ой-әрекетін жаттықтыру. «Маңыздысы, оқушының өз бетінше ойлана білуі.».
Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.
Кейбір зерттеулерде оқушының танымдық белсенділігі – бұл интеллектуалды және кәсіптік дайындыққа бағытталған үздіксіз оқу үрдісі, оқу тиімділігі мен оқытудың ғылымилығы деңгейін оптималдандыру ретінде түсіндіреді.[№ 1, 10бет]
Баланың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын тәрбиелеу ана тілі арқылы жүзеге асады. Осы пәннің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді: «Оқытатын пәндердің бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар, бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді». Ал ана тілін оқыту арқылы шығармашылық іс - әрекетті қалыптастыру дегеніміз - өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену. Осыған орай В.В.Давыдов: «Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктерді оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі - оқуға құштарлық, ынталылық» - дейді. Ал шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін.
Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден-бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану.Мен өз тәжірибемде жаңа технологияларды қолдану арқылы біраз нәтижеге жеттім. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды.
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы қалыптастыруға бағытталған шақтар түрлері төртке бөлінеді: «танымдық, коммуникативтік, шығармашылық , әдіснамалық».
Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор.
Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары оқушының шындық белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге топтастырады және қорытындылау жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді.
Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, олардың қабілеттері, ескерілуі тиіс. Оқушылардың шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды өткізу жоспары мен кезеңдерін қарастырамыз.[№ 6, 17бет]
Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшін
тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық
байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алуға болады. Жалпы бағдарламада көрсетілген пәндік сабақтардың әр тарауында жететін жетістіктері негізінде оқушылар білім алуда нәтижеге жетеді.
Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім алдына
мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.
Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға мықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет.
Оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады:
1. Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
2. Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;
3. Ертегіні ұжым болып тыңдау;
4. Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
5. Қиялдау арқылы сурет салғызу, ролмен ойнату;
6. Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.
Сыныбымыздағы әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықтаймын. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.[№ 3, 8бет]
Шығармашылық жұмыстарды тәжірибемде мынадай тәртіппен орындаймын: мақсаты жұмыс барысы, алынған нәтижелері бойынша өзіндік ұстауы, сондай-ақ оқушылардың пікірлері енгізіледі, таңдаулы жұмыстардың авторларына қорғау қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі жүргіземін, жұмыс мектеп көрмесіне қойылады немесе шығармашылық жұмыс жинақта жарияланады т.б.
Оқушылар өздері таңдаған шығармашылық жұмыстарды ықыласпен тыңдайды. Кейбір оқушылар жыл бойына әр түрлі пәннен 10-15 шығармашылық жұмыс орындағанын тәжірибемде кездесті.
Шығармашылық жұмысты мына жоспар бойынша көркемдеймін:
1. Тақырып, оқушының және жетекшінің аты - жөні, сыныбы, мектебі, жылы.
2. Тақырыптың өзектілігі.
3. Негізгі идеясы, мақсаты.
4. Жұмыс мазмұны, жоспары.
5. Жұмыс орындауда туындалған проблемалар, қиындықтар және оның шешілуі.
6. Жұмыс қорытындысы және оның практикалық мәні.
7. Жұмысқа өзіндік талдау, өзіндік баға беруі.
Шығармашылық ай қорытындысы бойынша ғылыми жұмысқа қабілетті оқушылар іріктеліп, белгілі бір тақырып бойынша ғылыми жұмыстар беріледі.
Осындай шығармашылық жұмыс барысында оқушының бұрыннан білетініне жаңа мәліметтер қосылып, тәжірибесін практикада қолдану білігі қалыптасады. 4-сыныпта Асқар Алпысбайдың «Желтоқсанда үзілген жауқазын» әңгімесін оқытқанда «Екі түрлі сипаттама» әдісін қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, тілдік қоры дамыды. Өмірге деген көзқарасы, өзіндік ой-пікірі қалыптасты.
Екінші сыныпта Б.Сокпақбаевтың «Бурыл ат» әңгімесін өткенде жылқының жасына қарай аталуын және ат әбзелдерінің атауларын мынадай кестеге толтыруға болады.
Жылқы жасына,
түріне қарай:
Құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен, бесті, қулық, бие, ат, сәурік Құнан - екі жасқа толып, үш жасқа аяқ басқан еркек жылқы мал
Дөнен – үш жасқа толып, төрт жасқа аяқ басқан жылқы
Ат әбзелдері:
Жүген, қамшы, тізгін, тартпа, үзеңгі, ер, тоқым, құйысқан, өмілдірік Үзеңгі – атқа міну үшін ер-тұрман әбзелінің аяқ салатын бөлігі
Тартпа – ер-тоқымды ұстап тұратын бел тартпа
Өмілдірік – аттың омырауында бел тартпаны ұстап тұратын әбзел
Оқушылар жылқының жасына, түріне қарай қалай ажыратылатынымен, ат әбзелдерімен танысады және сөздік жұмысы да қоса жүргізіліп кетеді. Әр сөзге мұғалім көмегімен түсініктеме беріледі.
Баланың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында бала өзінің бұған дейінгі білетін амал-тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
4-ші сынып оқушыларының танымдық қажетсінуін анықтау
мақсатында төменгідей тест пайдаландым:
Оқушылардың танымдық қажетсінуін анықтау.Тест № 1
5- иә
4 - көбінесе
3- кейде, сирек
2 - білмеймін
1 - жоқ, сәйкес келмейді.
1. Мен білуге тырысамын.
2. Мен өз мүмкіндігіме, қабілетіме сенемін.
3. Жұмысым көп болмаса да, өзімді дамытуға көп уақыт арнаймын.
4. Өз пікірімді, көзқарасымды жеткізуге тырысамын, .
5. Танымдық сұрақтар туындағанда кеңінен отырып пікірлесемін.
6. Сабақта кездесетін кейбір кедергілер менің белсенділігімді реттейді.
7. Проблемалық жағдаяттар танымдық ізденімпаздығымды арттырады.
8. Өзімнің және жолдасымның әрекетін салыстырамын.
9. Ақыл-ой еңбегімен ұзақ уақыт айналыса аламын.
10. Кері байланысты іздеймін, бұл өзімді білу мен бағалауға көмектеседі.
11. Өз білімімді, тәжірибелерді өмірде іске асырамын деп ойлаймын.
12. Өзімнің қызығушылығыма байланысты достар іздеймін.
13. Мен мамандық таңдауға өз білімімнің дәрежесін ескеремін.
14. Мен танымдық ой-өрісімді дамытып отырамын және жақсы нәтижелерге
жетемін.
15. Жауапкершіліктен қорықпаймын.
Оқушылар өздерінің жалпы ұпай санын есептеп шығарады.
Егер сізде 45 ұпайдан жоғары болса, онда сіз қажеттіліктеріңізді белсенді орындайсыз;36-44 ұпайөзіңіздідамытуға құлшынбайсыз, танымдық ізденімпаздықты қалыптастыружолғақойылмаған; 14-35 ұпай - өзіңізді мүлдем дамытпайсыз, оқуға жауапкершілікпен, саналылықпен қараңыз. Өзіңіздің жеке тұлғаңыздың
дамуына көп көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Жоғарыда көрсетілген 15 критерий
бойынша әрекет етуге тырысыңыз.
Тест нәтижесінен оқушылардың 20%-і 45 ұпайдан жоғары, 48 %-і 36-44
ұпай жинаса, 32%-і 14-35 ұпай жиналды.
Танымдық қажетсіну ізденімпаздыққа апаратын жол екендігін, оқушы
шығармашылық әрекетке қажетсінбейінше сапалы білім алу мүмкін еместігі
белгілі болғандықтан, оқушылардың өзінің интеллектуалдық, жеке дамуына
кедергі келетін факторларды анықтау мақсатында төмендегідей тест
пайдаландым:
Тест №2
Төмендегі факторларды 5 балдық шкала бойынша бағалаңыздар:
5-иә
4-көбінесе
3-кейде
2-білмеймін
1-жоқ, қосылмайтын.
Ынталандыратын факторлар:
1. Болашақты жоспарлау
2. Алдына мақсаттар қою
3. Өзіңнің жеке дамуына талаптанушылық
4. Өз бетінше білім көтеру
5. Дербестігі мен саналылығының артуы
6. Пікірталастарға қатысу, өзінің пікірін айтуы
7. Мұғалімді үлгі ету
8. Оқу тапсырмасын орындауға әрдайым дайын болу
9. Сыныптастарының өзі жайында пікірлері әсер етеді
«Ана тілі» пәнінен орындаған шығармашылық жұмыстары оқушылардың ойлау, мәтін құрастыру қабілетінің, өлең шығаруға да төселіп қалғандықтан сөзідік қорының молдығын көрсетті. Өз тәжірибемде шығармашылығын амытуда мынадай мәселелерге көзім жетті.
● Оқушының өз бетінше білім алуға деген құштарлығы оянды;
● Шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланды;
● Оқуға ынта-ықыласы артты;
● Бір-бірінің ойын, пікірін сыйлауға үйренді;
● Өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренді;
● өз ойын қағазға түсіруді үйренді;
● оқушының жеке басын, ұжымды сыйлауға үйренді.
Көрсетілген әдіс-тәсілдер бастауыш сыныптарға тиімді екендігіне көзім жетті. Осыларды пайлану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бір-бірін тыңдай білуге үйретеді.
Әрбір мұғалімнің басты міндеті оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. Ұлы ғалым Д.И.Менделеев мұғалімдердің ғылымның сарқылмас көзін ашудағы еңбектерін жоғары бағалаған. «Ғылымды сүйген және жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген. Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу – бүгінгі күннің мақсаты.[№ 7, 32бет]
Іс- тәжіребиелерді қорытындылай келіп, мынадай түйін түюге болады:
1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың қызығушылығы артады.
2. Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.
3. Оқушының дарынды тұлға, шығармашылық шеберліктері шыңдалғандығының нәтижесін көруге болады.
4. Қазіргі заман талабына сай тұлға қалыптасады.
5. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс- әрекетке қабілеттері артады.
6. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата- аналармен ынтымақтасуға көмегі тиері сөзсіз.
Бұл шығармашылық жұмыста менің жеткен жетістігіме тоқталатын болсам:
1. Бастауыш класс мұғалімдеріне арналған жақын маңда орналасқан мектептер арасындағы қалалық семинарында:«Әдебиеттік оқу сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты кітапшаға ғылыми жұмысым жарияланды.
2. «Внедрение PR-технологий в образщвательный процесс:проблемы и перспективы» облыстық конференцияда «Білім беру үрдісіндегі PR-технолоияны пайдаланудың тиімді жолдары» атты баяндамасы тыңдалды әрі жинаққа ендім.
3. «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» атты облыстық фестиваліндегі жетістігі үшін Алғыс хатпен марапатталдым.
4. «Отбасы және мемлекеттік тіл» байқауында жүлделі Іорынға ие болдым.
5. «Тілдарын-2012» олимпиадасына қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталдым.

Жаңалықтар
Бейнелеу өнері сабағында танымдық және шығармашылық белсенділіктерін дамыту.
Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылығын бейнелеу түрлері арқылы дамытып, сөйлеу қабілеттерін жан - жақты жетілдіру
Бастауыш сынып оқушыларының ана тілі сабақтарында шығармашылық қабілетін дамыту жолдары.
Оқушылар бойындағы шығармашылық қабілеттерін анықтай отырып, бала бойындағы рухани адамгершілік құндылықтар арқылы түрлі іс - әрекетін қалыптастыру. Балалар бойындағы шығармашылық қабілеттің белгілерін анықтау жолдарын іздестіру, қиындықтар мен
Баяндама. Логикалық тапсырмаларды бере отырып оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылу, іздену. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өмірден өз
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Замзагуль Болатовна
Баланың ақыл - ой белсенділігін дамыту
Оңтүстік Қазақстан обылысы, Арыс қаласы, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебінің «Балауса » балабақшасы тәрбиешісі Жарқынбекова Асемқыз Қожанқызы
Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастырудағы үйірменің рөлі
Қызылорда облысы Қазалы ауданы №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сансызбаева Алтынкул Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.