Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тарихындағы би - шешендер мұрасы

31 наурыз 2013, Жексенбі
Категориясы: Ғылыми жұмыс
Қазақ тарихындағы би - шешендер мұрасы
Сайын дала төсінде мал - жан, тіршілік қамымен көбінесе аттың жалы, түйенің қомында көшіп - қонып жүрген дарынды халқымыз көршілес батыс - шығыс елдеріне қарағанда жазу - сызу мәдениеті кенжелеу дамығанымен, мазмұны мен сапасы, көлемі жағынан алғанда қай халықтікінен болса да кем түспейтін, олқы соқпайтын орасан бай ауыз әдебиетін жасады.

Тумысынан ойшыл, дана халқымыз өзі өмір сүріп отырған орта, саялы табиғат, тұрмыс - тіршілік болмысын, ел - жұрт арасындағы қарым - қатынас, ел басынан өткен қилы - қилы кезеңдерді, жақсы - жаман жағдаяттарды ой - сана елегінен өткізіп, оған деген өзінің көзқарасын білдірді. Халықтың өмірі, тарихы, елдің тұрмыс - тіршілігі қазақ көкірегінен жыр - дастан, өлең - ән, ертегі - аңыз, күмбірлеген күй болып төгіледі. Табиғатынан көзі ашық, көкірегі ояу, өзінің кең жазира туған даласындай дарқан дарынды ойын - сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазынаны киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңістіріп, болашаққа мәңгі өлмейтін мұра етіп қалдырады. Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр.

Халқымыздың мақтанышына айналған қазақтың көне ауыз әдебиетінің арада талай ғасырлар өтсе де ұрпақтан - ұрпаққа тарап, ел зердесінде мықтап орныққан, танымдық мәнін, тәрбиелік мазмұнын әсте жоймаған, заман ағымына қарай қайта жасарып, айрықша көпшілік ілтифатына ие болып отырған түрі шешендік сөздер, тағылымдар. Қазақ - табиғатынан ділмар, шешен халық. Бізде ежелгі Грек, Рим мемлекеттеріндегідей шешендер тәрбиелейтін арнаулы мектептер болмаған, әйтсе де сөз қадірін білген халқымыз ел ішінен шыққан тума дарын шешендерді, ақылгөй қария, күміс көмей әнші - жыршыларды айрықша көтермелеген. Тілі қылыштың жүзіндей өткір, ойы салиқалы, терең, қысылшаңда қиыннан қиыстырып жол табатын шешендердің әділ төрелігіне тоқтай да білген. Халық туғанына, қарына тартпай тура билік айтқан шешендерді ханнан бетер бағалаған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 602
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біз табиғаттың достарымыз
Біз табиғаттың достарымыз
Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су.
Табиғат – тал бесігім. Эссе
Табиғат – тал бесігім. Эссе
Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған.
Ертегі арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту.
Ертегі арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту.
Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі, көркем - эстетикалық әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді
Махамбет - ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Махамбет - ерлік пен елдіктің өшпес рухы
Өтемісұлы Махамбет (1804-1846) Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Нарын құмының Жасқұс жерінде туған.
"Мәшһүртану" қосымша сабаққа бағдарлама
"Мәшһүртану" қосымша сабаққа бағдарлама
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сыздықова Жанар Қиноятқызы
Қазақ тарихындағы би - шешендер мұрасы
Қазақ тарихындағы би - шешендер мұрасы
Арал көпсалалы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Гүлхан Шарапатқызы Тілепова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×