Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химия-биология сабақтарында тірек-сызба нұсқаларын пайдалану

03 шілде 2014, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Қазіргі кезде білім беру саласында әлемдік білім кеңістігіне бағытталған қайта құру қалыптасуда. Білім беру жүйесі білім мазмұнын ұйымдастыруды, қарым - қатынасын және құрылымын түбегейлі өзгертуді, жаңартуды талап етуде.
Білім беру жүйесі жаңаша көзқараспен іскерлікпен, ақпараттарды қабылдау мен өңдеу қабілетін дамытуды, білім беру мәселелерін шығармашылықпен шешуді, білім бағдарламасын дербес өзгешеліктермен толықтыруды ұсынады. Мұғалімдер съезінде елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деген еді. Сондықтан, оларды қазіргі заман талабына сай жан - жақты білімді, өз бетімен білуге талпынатын, өзінің ой - тұжырымы бар етіп тәрбиелеу үшін, сабақ формалары мен оның құрылысын жетілдіру, оқытудың жаңа әртүрлі әдіс - тәсілдердің озығын пайдалану бүгінгі күн талабына айналып отыр.

Мектептегі білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол - оқыту процесінде жаңа технологияларды кеңінен енгізу. Жаңа технологиялар баланы дамытуға бағытталған оқу - тәрбие жұмыстарының және бір - бірімен тығыз байланысқан мұғалімдердің сабақтары, іс - әрекеті, әдістері мен сабақ түрлерінің жиынтық жүйесі. Әрбір сабақты жаңа үрдіспен өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту - ұстаздардың кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.

Қай технологияны алмайық, олардың оқушыларды пәнге қызығушылығын арттыратын, ынталандыратын мүмкіндіктері көп.
Өзімнің ұстаздық іс - тәжірибемде химия - биология сабақтарында Шаталовтың тірек - сызба технологиясын кеңінен қолданамын. Бұл технология қазіргі уақыттағы кең тараған және белсенді қолданатын технологиялардың бірі. Сабақтағы оқушылардың іс - әрекеті мұғалімдердің сабақты құру тәсіліне, мұғалімнің пайдаланған технологиясының түріне байланысты. Қандай әдіс қолдансам да, алдымен бұл әдіс оқушыны жалықтырмау жағын үнемі ойластырып отырамын. Белгілі бір әдіс, белгілі бір кезең өткен соң өзге бейнеде түрлендіріп берілсе, онда оқушыларда қайта қызығушылық пайда болып, оларды ізденуге жетелейді.

Тірек - сызбаны сабақтың негізгі құрам бөліктері ретінде қолданамын. Тірек - сызба – бұл айтылатын материалдың бейнелі жоспары, белгілі бір мағынаны білдіретін шартты белгілер, сөздер, суреттер және басқа да ойға тірек болар белгілердің жүйесі. Қысқа бейнелі түрде берілген хабарды кез - келген оқушы тұжырымдап, әрі кеңейтілген түрде айта алады. Тірек - сызба баланың ойын қозғайды, материалды берік есте сақтауға негіз болады. Тірек - сызбаны материалды түсіндіруге, бекітуге, оқушы білімін тексеруге, қайталау сабақтарында қолданамын. Жаңа материалды түсіндіруге қолданатын белгілер - жеңіл жазылатын, суреттер - оңай салынатын болуы шарт.

Мысалы: Е - ериді, ЕМ - ерімейді, АЕ - аз ериді, Ме - металдар, Бейме - бейметалдар, Қ - қышқыл, Н - негіз, Т - түссіз, И - иіссіз, Д - дәмсіз.
Осындай шартты белгілерді пайдалана отырып, негізгі ұғымдарды есте сақтауды жеңілдетуге, әрі химия тілінде сөйлеу мәдениетін қалыптастырамын.
Мысалы, «Бейорганикалық қышқылдар» тақырыбын өткенде, қышқылдарға тән жалпы химиялық қасиеттерді мынадай тірек - сызба нұсқасы түрінде түсіндіремін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 922
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сындарлы оқыту - заман талабы
Сындарлы оқыту - заман талабы
Жаңа технологияның әдіс - тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану – ұстаз шеберлігінің белгісі деп
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесін информатика пәнін оқытуда қолдану
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай тың бағдарлама
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - заман талабы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №11 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахметова Замзагуль Болатовна
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Білім сапасын көтерудің негізі – білім беруді демократияландыруды көздейтін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
Семей қаласы, ЖОББМ № 22 № 2 "Еркетай" толық күнді шағын орталық топ тәрбиешісі Бекишева Айнагуль Булатовна
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Инновациялық технологиялардың тарихты оқытудағы қажеттілігі
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №153 Ш. Есенов атындағы мектеп - лицейдің тарих пәні мұғалімі Битаева Салтанат Есенгелдіқызы
Электротехника пәнінен дидактикалық материалдар
Электротехника пәнінен дидактикалық материалдар
Қызылорда облысы, Арал қаласы, № 2 кәсіптік лицейдің арнаулы пән оқытушысы Жаймақова Роза Сағындыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×