Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қышқылдардың құрамы, алу жолдары

10 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Химия
Химия 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдардың құрамы, алу жолдары
Сабақтың мақсаты. Оқушыларды жаңа қышқыл, индикатор ұғымдарымен, алыну әдістерімен таныстыру. Қышқыл қалдығының валеттілігін, қышқылдардың формулаларын құрастыра білу; қышқылдардың формуласын мен аттарын үйрету.
Білімділік: қышқылдарға сипаттама беру
Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, іскерлікке, отансүйгіштікке, білім деңгейін өзі бағалауға, әділ болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: сұрақ – жауап, есеп шығарту арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту, ой – өрісін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Күкірт қышқылы, тұз қышқылы, фосфор қышқылы, азот қышқылы, т. б. мырыш, магний, сызбанұсқалар, кестелер.
Тірек білім мен біліктер: валеттілік, қышқыл, оксид, қышқыл қалдығының валенттілігі, валенттілігі бойынша тұздарды жаза білу, негізгі қышқылдарды атау.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасы «Қызығушылықты ояту»
Сабақты әңгімелесу түрінде жүргізуге болады. Ол үшін мұғалім мынадай сұрақтар қояды:
1. Сендерге қандай жай заттар белгілі?
2. Қандай күрделі заттармен таныстыңдар?
3. Төмендегі заттар қандай кластарға жатады?

Формулаларды мұғалім тақтаға жазады./
Сутегінің химиялық қасиетін қайталау мақсатында төмендегі тапсырмаларды беруге болады.
1. Мына заттардың қайсысымен сутегі әрекеттеседі:

Реакция теңдеуін жаз, реакцияның қай типіне жатқызасыздар?
2. Екі газ А және В берілген. А газы Б газында жанғанда бу пайда болады, оны суытқанда түссіз сұйыққа айналады, осындай жағдай А газы қыздырылған мыс оксиді /ІІ/ арқылы өткізгенде /жібергенде/ де болды. А және Б газдарын тап. Жоғарыда құбылыстарды түсіндір, реакция теңдеулерін жаз.
Жаңа сабақ Мұғалім мына қышқылдардың НСІ, Н2S, Н2SО4, НNО3
формулаларын жазады. Бұл заттарды оксидтерге жатқызуға бола ма? Бұл қышқылдардың құрамында қандай ұқсастық бар?
Қышқыл қалдығы ұғымын түсіну үшін сутегі бөліну реакциясын еске түсіру қажет. Мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде сутегі бөлінеді. Неліктен? Реакция теңдеуін бір оқушы тақтаға жазып, реакция нәтижесінде түзілген заттардың құрамын түсіндіреді. Оқушылар өздері қорытынды жасайды: металл қышқыл құрамындағы сутегін ығыстырып шығарады да, тұз түзеді. Тұз құрамына металл және қышқыл қалдығы кіреді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 278
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
Қышқылдар дегеніміз – құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына байланысты.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және олардың қасиеттері.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және олардың қасиеттері.
Оқушылардың ой-өрісін, қышқылдардың адам өмірімен байланысы туралы ұғымды кеңейту, химия пәніне қызығушылығын, химиялық тілін, біліктілігін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы туралы түсінік беріп, білімділік және біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
Қышқылдар әлеміне саяхат
Қышқылдар әлеміне саяхат
Ақтөбе қаласы, №34 орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Қышқылдар тақырыбын қайталау
Қышқылдар тақырыбын қайталау
Қарағанды облысы, "Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ химия пәні мұғалімі Қуанбекова Ж. Ж.
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Қайрат Рысқұлбеков атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің химия пәні мұғалімі Турысбекова Гульмира Оразбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×