Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көміртек атомының электрондық құрылысының ерекшеліктері. Гибридтену және гибридтенген орбитальдар

07 сәуір 2020, Сейсенбі
Категориясы: Химия
Көміртек атомының электрондық құрылысының ерекшеліктері. Гибридтену және гибридтенген орбитальдар.
Химия 11 сынып
Білімділік мақсаты, дамытушылық, тәрбиелік: Оқушыларға көміртек атомының электрондық құрылысының ерекшеліктері, гибридтену, гибридтенген орбитальдар туралы білімді қалыптастыру;
түсіндіру біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару, еске сақтау қабілеттерін дамыту;
сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ өткізілу түрі: кітаппен өздік жұмыс, орындау, кестемен жұмыс, мұғалімнің түсіндіруі, кітаппен өздік жұмыс, Сократтық семинар, джигсо әдісі
Құралдар мен реактивтер: Кітап, дәптер, интерактивті тақта, ДДТ - 2, көміртек атомының құрылысы

Ұйымдастыру
кезеңі: (Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау.)
- сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау;
- оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу, оны өткізу жоспарын көрсету.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Сабақтың білімділік мақсаты:
- үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру;
- білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді, тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау;
- кеткен кемшіліктерді жою.
Айналым бойынша жаттығу тексеру.
Оқушыларды білімді, саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі: 1. Сабақ тақырыбын хабарлау. Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою. Білімді жаңғырту. (Актуализация )
Білімділік міндеттері:.
- оқушылардың білім алуға деген ынта - ықыласын жұмылдыру.
- оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
- оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы, ой қорытындыларын жасауы, жалпылай және жүйелей білуі.
2. Оқыту проблемалары:
3. Білімді жаңғырту:
Фронталды әңгімелесу:
ОҚҚТ негізгі қағидалары қандай.
ОҚҚТ негізгі қағидаларын дәлелде.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына, алған білімнен қорытынды шығаруға, жүйелеуге қажетті түрлі әдіс – тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы; берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға, түсініктерді, заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.
1. Мұғалімнің түсіндіруі:
Сұрақтар:
 1. Көміртек атомының заряды қандай? Пж элементтің реттік нөмірі 6 - ға тең болғандықтан, ядро заряды да алтыға тең.
 2. Көміртек атомының ядросындағы қанша протон саны нешеге тең? Протон саны ПЖ элементтің реттік нөмірі 6 - ға тең болғандықтан 6 болады.
 3. Көміртек атомында қанша электрон бар?
 4. Көміртек атомында қанша энергетикалық деңгей бар?
 5. Сыртқы деңгейдегі электрон саны қандай?
 6. Орбиталь деген не?
 7. Электрондық орбиталдың қандай формаларын білесіңдер?
 8. Қандайорбиталдар және оның қаншауы көміртек атомының сыртқы электрондық деңгейін құрайды?

Көміртек атомы органикалық қосылыстарда ылғи төрт валентті. Ол үшін химиялық байланыс түзгенде атом қозған күйге көшіп,,
2 s - электронның біреуі 2 - р орбитальға ауысуы қажет.

Сұрақтар: (Сократтық семинар)
Метанның құрылысы қандай?
1. Метан молекуласында қанша химиялық байланыс бар?
2. С - Н қандай байланыс типі қандай?
3. Бұл байланыстар қандай типке жатады?
4. Көміртек - сутек арасында байланыс қандай типті орбитальдардың бүркесуі арқылы түзіледі?

Үш байланыс көміртек атомының р - орбиталі және сутек атомының s - орбиталінің бүркесуі, ал төртінші байланыс екі s - орбиталдің бүркесуі арқылы түзіледі. Яғни бұл жағдайда С - Н байланыстың біреуі басқа үш байланыстан ерекшелігі болады: энергиясы, байланыс ұзындығы, бағытталуы. Жаңа зерттеулер метан молекуласындағы байланыстың барлығы бірдей екендігін дәлелдеді. Неге? Бұл жағдайды түсіндіру үшін, гибридтелу теориясы деген гипотеза ұсынылды Метандағы барлық байланыстар бірдей, онда олар көміртек атомының бірдей орбиталдарынан түзілген деп болжам жасауға болады. Бірақ бұл орбиталдар бір - бірінен айқын ерекшеленеді. Яғни, көміртек атомында бұндай формадағы орбитальдар жоқ, олардың энергиясы, формасы бірдей болуы керек. Бұл құбылысты гибридтелу деп атаймыз.

*Гибридтелгенде орбитальдарсаны өзгермейді, яғни бірs - орбиталб және үш р - орбиталдан жаңа төрт байланыс түзіледі;
* әрбір орбитальда жаңа форма түзілгенде жұптаспаған бір электроннан қалады, осылардың есебінен төрт С - Н байланысы түзіледі.
Гибридтелгенде орбитальдардың пішіні гантель тәрізді, бірақ әртүрлі сфералы.

Гибридтелген орбитальдардың кеңістік осьтерінде орналасуы.
Гибридтелген орбитальдар бір - бірінен барынша қашықтықта орналасуға тырысады, бұнда остер арасындағы бұрыш
109 28, ал остердің өздері тетраэдр төбесіне қарай бағытталады.

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы,
Қарасу ОЖББМ - нің химия пәні мұғалімі
Досатова Құралай Қыдырқызы

Толық нұсқасын жүктеу
20 555
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Оқушылардың органикалық реакциялардың жіктелуі және механизмі туралы алған білімдерін қайталау;
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Көмірсутектер туралы білімдерін тереңдету, алкендердің атомының құрылысының ерекшеліктері және физикалық қасиеттері; алкендердің гомологтық қатары, изомериясы және номенклатурасы туралы білімді қалыптастыру
Химиядан күнделікті сабақ жоспарлар 11 сынып
Химиядан күнделікті сабақ жоспарлар 11 сынып
Алкандардың гомологтық қатары, изомериясы және номенклатурасы туралы білімді толықтырып қалыптастыру; Изомерлердің формуласын құрастыру, алкандардың гомологтарын, қосылыстың құрылыс формуласы бойынша атын атау, аты бойынша құрылыс формуласын
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Органикалық химия пәні туралы білімдерін жетілдіру, органикалық заттардың ерекшеліктерімен таныстыру, органикалық химияның ғылым ретінде пайда болуы, органикалық химияның қазіргі замандағы маңызы
Химиядан сабақ жоспарлары (10 сынып)
Химиядан сабақ жоспарлары (10 сынып)
Оқушыларға s - элементтердің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясы және оның маңызы. Изомерия
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қарасу ОЖББМ - нің химия пәні мұғалімі Досатова Құралай Қыдырқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×