Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аммиак және оның қосылыстары

30 сәуір 2015, Бейсенбі
Категориясы: Химия
Аммиак және оның қосылыстары
Сабақтың мақсаттары:
1) оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін бекіту және тереңдету
2) өз білімдерін топ алдында көрсетуге, жылдамдыққа тәрбиелеу;
3) шығармашылық қабілеттерін, зертханалық жұмыстар жүргізу дағдыларын қалыптастыру;
Сабақтың көрнекілігі: "Азот және оның қосылыстары", "Иондарды анықтау" кестелері, есептер шығару алгоритмдері, газ алуға арналған аспаптың суреті, минералды тыңайтқыштар үлгілері т. б
Зертханалық тәжірибелерге қажетті реактивтер мен құрал - жабдықтар: құрғақ аммоний хлориді, аммоний сульфаты, аммоний нитраты, натрий гидроксиді ерітінділері, тұз және азот қышқылдарының концентрлі ерітінділері, лакмус және фенолфталейн қағаздары, спирт шамы, шыны таяқшалар,
сынауықтар т. б.
Сабақтың түрі: семинар сабақ
Пәнаралық байланыс: математика, экология
Сабақтың жоспары: (интерактивті тақтада)
1. Толықтыру тесті
2. Кім жылдам? (сұрақ - жауап)
3. Таңдау тесті.
4. Зертханалық тәжірибелер.
5. Деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен, жоспармен таныстыру. Көмекшілер дайындау және оларға жауап беру парағын беру.

II. Үй тапсырмасын қайталау.
1) Толықтыру тесті. (Жабық тақтада алдын - ала жазылған.)
1. Азот ауаның... бөлігін құрайды
2. Аммиактың формуласы...
3. Аммиактың судағы ерітіндісі... деп аталады.
4. Мүсәтірдің формуласы...
5. Аммоний гидроксиді... негіз.
6. Аммиак молекуласындағы байланыс түрі...
7. Құрамында металл атомы болмайтын тұздар...
8. Аммоний ионы...

Оқушылар көп нүктенің орнындағы керекті сөздерді айтады. Әр қатардың алдында отырған көмекшілер жауап беру парағына белгі салып отырады.

2) "Кім жылдам?" сайысы
Мұғалім сұрақтарды оқып тұрады, ал оқушылар кезекпен жауап береді
1. Терісэлектрлік дегеніміз не?
2. Элементтердің терісэлектрлігі периодтық жүйедегі орнына байланысты қалай анықталады?
3. Элементтердің тотығу дәрежесі қалай анықталады?
4. Қандай реакциялар тотығу - тотықсыздану реакциясы деп аталады?
5. Азот қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
6. Аммиактың физикалық қасиеттері қандай?
7. Газдардың салыстырмалы тығыздығын қалай есептейміз?
8. Аммиак өнеркәсіпте қалай алынады?
9. Аммиак өндірісінің ғылыми негіздерін ата
10. Аммиак синтезделетін қондырғының бөліктерін ата
11. Аммиак зертханада қалай алынады?
12. Мына 2 суреттің қайсысында аммиактың алынуы дұрыс бейнеленген?
13. Ерітіндідегі аммоний ионын қалай анықтаймыз?
14. Аммоний тұздары қайда қолданылады?
Минералды тыңайтқыштарды көрсету.

III. Үй тапсырмасын қорытындылау. Оқушы аммиактың адам ағзасына және қоршаған ортаға зияны туралы хабарлама оқиды.
IV. Тексеру жұмыстары.
1. Таңдау тесті.
Оқушылар екі нұсқада берілген тест тапсырмаларын орындайды. сосын 1 және 2 нұсқадағы оқушылар бір - бірінің жауаптарын тексеріп, көмекшілерге береді
2. Деңгейлік тапсырмалар (магнит тақтада)
3 нұсқада берілген тапсырмаларды оқушылар өз қалауымен таңдап алып орындайды. Әр партаға тапсырмалармен бірге есеп шығару алгоритмдері таратылады.
V. Зертханалық тәжірибелер.
Алдымен кейбір қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сосын оқушылар иондарды анықтау кестесін пайдалана отырып 6 топқа бөлінген жұмыстарды орындайды.
VI. Сабақты қорытындылау.
"Азот және оның қосылыстары" кестесін, "Валеология және экология" т. б. кітаптарындағы экологиялық мәліметтерді пайдалана отырып, аммиак туралы алған білімдерін жүйелендіру

VII. Үйге тапсырма:
есептер жинағынан № 14 - 101 есептер, оқулықтан 6 - жаттығу, сөзжұмбақ құрастыру
VIII. Бағалау.

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
Гимназия сыныптары бар №20 М. Әуезов атындағы
жалпы білім беру орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Шалтаева Гулнар Исахановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 800
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азот және фосфор тақырыбын қайталау
Азот және фосфор тақырыбын қайталау
Азот және фосфор жайлы білімдерін бір жүйеге келтіру. Оқушылардың таным қабілеттерін дамытып, өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік беру.
Азот оксидтері. Азот қышқылы.
Азот оксидтері. Азот қышқылы.
Оксидтердің жіктелуін, құрылысын, қасиеттері мен қолданылуын, байланыс типтері мен кристалдық торын еске түсіру. Азот қышқылының негіздік қасиеттері мен күшті тотықтырғыш ретінде металдармен әрекеттесуін оқып - үйрену.
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Азот оксидтері, қышқылының құрылысы, нитраттардың алынуы, қасиеттері, қолданылуы туралы білімді жетілдіру.
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
Химиядан сабақ жоспары 10 сынып
р - элементтердің атом құрылысы мен кристалл торларының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру; алюминий, оның табиғатта кездесуі, қасиеттері, қолданылуы, алынуы
Бейметалдар тақырыбына арналған эксперименттік есептер
Бейметалдар тақырыбына арналған эксперименттік есептер
Бейорганикалық қосылыстардың алынуы және қасиеттері жөніндегі білімдерін жүйелендіру және тәжірибелер арқылы бекіту.
Аммиак
Аммиак
№ 3 Хромтау орта мектебі Химия пәні мұғалімі Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×