Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Металдардың адам өміріндегі маңызы

24 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халық арасында ежелден қолданылып келе жатқан
металдар туралы, олардың қасиеттері, адамға қажеттілігі туралы, қолдану аясының кеңдігі туралы білімдерін толықтыру.

Міндеттері: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы арқылы оқушыларды өзіндік жұмысқа дағдыландыру және сараптау, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, тұлғалық қасиеттерін қабілеттерін дамыту. Оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге, бірлесіп жұмыс жасауға, өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Қолданылған технология: СТО жобасы элементтері
Сабақтың әдісі: Іздену - зерттеу әдісі
Сабақтың көрнекілігі: Металдар жиынтығы, дидактикалық кестелер, металл бұйым түрлері.
металға бай тағам суреттері. Қ. Сәтпаевтың «Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат, бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес» даналық сөзі жазылған плакат.

Сабақтың жоспары.
Оқушының танымдық іс - әрекетін ұйымдастыру, үш топқа бөлу.
І. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы.(Оқушыларға Қ. Мырзалиевтің «Менделеев кестесі» өлеңін оқи отырып, оқушылардан өлеңде неше металл элементтің аты аталатындығын табу жөнінде тапсырма беріледі)

Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын,
Менделеев кестесіне қарап тұрып таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Анау емес, мынау емес – титан болу сырың ба?
О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?
Темірдей деп мақтаушы едік, Темірдің де кезі өткен
Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26 - шы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты болғасын,
Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.
Ал орнын сұрама сен
Айтуға оны ұялам
Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан. элементтер ішінде де қатты сірә, қақтығыс,
Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.
Күміс дейміз
Күмістің де өмір емес өмірі –
Екінші емес,
Үшінші емес –
Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саған ұнай ма бұл?
Ұнаса егер, ал тыңда:
Жүлделі орын тимей қалған платина,
Алтынға!
Жетпіс сегіз,
Жетпіс тоғыз –
Екеуінің кезегі
Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.
Тас - талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,
Платина сұп - сұр болып, қаны шыққан бетінен
Құрметті тор тимесе егер шын асылда бар ма айып?
Өз орынын күте - күте кеткен алтын сарғайып.

ІІ. Мағынаны тану. «Джиксо» стратегиясы бойынша оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар арқылы жұмыс жасайды.. Оқушылар өз бетімен кеңінен қолданылатын металдар жөнінде мағлұмат алады.
І топ тапсырмасы. Адам ағзасындағы металдардың биологиялық ролі. ( натрий, иод, кальций, алтын, селен, қорғасын, т. б метал үлгілері)
ІІ топ тапсырмасы. Металдардың адам өміріндегі маңызы.(өнеркәсіпте, техника, шаруашылықта, күнделікті тұрмыстағы бұйымдар)
ІІІ топ тапсырмасы. Құрамында металдар бар тағамдар туралы мәлімет.(алма, банан, алмұрт, құрма, киви, анар, сүт өнімдері, қырыққабат, балық, жұмыртқа, қара нан т. б)
ІІІ. Ой толғаныс. «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясы.
А) «Кім жылдам?» ойыны. Әр топқа 5 сұрақ беріледі, шапшаң, ұтымды жауап беру керек.
І - топ
1. Жеңіл балқитын металл? /Цезий/
2. Тез магниттелуге және магниттік қасиетін жоюға бейім металл (темір)
3. Электр шамының қылын жасайтын, ең қиын балқитын металл (вольфрам)
4. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын сілтілік металл? /Калий/
5. Негізгі топшаның металдары (s. p элементтер)

ІІ - топ.
1. Неліктен темір «аспан тасы» деп аталған? (себебі метеориттің құрамында темір бар)
2. Сүйекті қаптайтын элемент? /Кальций/
3. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі металдардың
пайыздық мөлшері. (80%)
4. Металдардың және оның құрамаларының айналадағы ортамен әрекеттесіп, бүлінуі.
/Коррозия/
5. Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (темір, мырыш, қалайы, қорғасын, күміс, алтын, мыс)

ІІІ - топ.
1. Бастапқы буыны палуанға тән, екінші буыны өнерпазға тән элемент? (Күш - ән)
2. Германиядағы облыс атауымен аталатын элемент? (магний)
3. Дүние бөлігінің атымен аталатын элемент? /Европий/
4. Ең қатты металл (хром)
5. Пышақпен кесуге болатын металдар (натрий, кальций)

Б) «Жеті жұрттың тілін біл». (Химиялық элементтерге жұмбақ жасырылады, тапқан химиялық элементтің атын қазақша, орысша, латынша атау керек).
1. Өзі ауыр металға жатады,
Балалар осы металл құйған сақамен атады (қорғасын, свинец, плюмбум)

2. Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді,
Салмақты адамды мақтауды да келістіреді. (күміс, серебро, аргентиум)

3. Машина мен трактордың жаны,
Қара металлургияның наны. (темір, железо, феррум)

4. Ел іші -.......... бесік (алтын, золото, аурум)
5. Батыр майданда шыңдалады,
........ қайнауда шыңдалады. (темір, железо, феррум)

Г) «Металл мәнін кім біледі?» кезеңінде әр топ оқушылары тағам суреттерін пайдалана отырып, жазған мәнжазбаларын, қосымша хабарламаларын баяндайды..

IV. Тірек сөздер стратегиясы (Мұғалім тірек сөздер береді, оқушылар тірек сөздерді пайдалана отырып сөйлемдер құрайды.)
Және, кепілі, өте, қойнауы, техниканың, одан, бай, Отанымыздың, дамуының, металдар, мен, әрі, қазіргідей, жетуінің, дәрежеге, ғылым, жер, металдарға, бірден - бір.
(Отанымыздың жер қойнауы металдарға өте бай. «Металдар – ғылым мен техниканың қазіргідей дәрежеге жетуінің және одан әрі дамуының бірден – бір кепілі»)

Сабақты қорытындылау. Оқушылардың танымдық қабілеттерін, тақырып шеңберінде алған білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма: «Металдар бейбіт заманға керек» – эссе жазу.
34 196
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Металдардың физикалық, химиялық қасиеттерін ажырата білу және тапсырмаларды уақтылы орындауға үйрету.
Натрий және калий
Натрий және калий
Металдар периодтық жүйеде қалай орналасқан? (сол жақ жоғарғы бөлікте, диагональ бағытта негізгі және қосымша топшада орналасқан) Элементтер қасиеттеріне қарай қалай жіктеледі?( S, p, d, f )
Азот физикалық және химиялық қасиеттері
Азот физикалық және химиялық қасиеттері
Шымкент қаласы, №70 С.Бекбосынов атындағы жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Асанова Асемкул Ужетовна
Көміртек. Көміртектің қасиеттері
Көміртек. Көміртектің қасиеттері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Нияз Улан Комшабайулы
Мыс және мырыш қосылыстары
Мыс және мырыш қосылыстары
Ақтөбе облысы, №3 Хромтау орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы
Металдар. Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру
Металдар. Металдармен бейметалдардың қасиеттерін салыстыру
Астана Гуманитарлық колледжінің химия мен биология пәні оқытушысы Оразбек Муздальафа Омарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×