Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Моносахаридтер. Глюкоза

10 мам 2013, Жұма
Категориясы: Химия
Тақырыбы: Моносахаридтер. Глюкоза. (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Глюкозаның құрылысы, табиғатта түзілуі, алынуы, жалпы қасиеттері, маңызы мен қолданылуы туралы түсінік беру және білімдерін кеңейту;
Дамытушылығы: Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, ой өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту;
Тәрбиелілігі: Оқушыларды сабақтың мазмұнына бойынша алғырттыққа, өз бетінше ізденуге, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: ақпаратты - комплексті, түсіндірмелі - эвристикалық, сұрақ – жауап, интерактивті оқыту әдісі
Көрнекілік: тақырыптық слайд, химиялық ыдыстар, спиртшам, мыс гидроксиді, глюкоза ерітіндісі, суреттер

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабақ
3. Химиялық диктант
4. Топтық тапсырма
5. Үйге тапсырма
Күтілетін нәтиже:
Глюкозаның молекулалық құрылысын және оның көпатомды спирттерге тән қасиеттерін сипаттай алады.
Глюкозаның химиялық қасиеттерін талдай алады.
Есептер мен жаттығуларды өз бетімен орындай алады. Танымпаздық іс - әрекеті, ойлау белсенділігі, тапқырлығы артады.
1. Ұйымдастыру
2. Жаңа сабақ
«Көмірсу» деген атау ертеден қалыптасты. Алғашқы зерттелген көмірсулардың өкілдері химиялық құрамы көміртек пен судан құралған тәрізді болып, жалпы формуласы
Сn (Н2О) m - ге сәйкес келді. Бірақ кейін бұл формулаға сәйкес келмейтін, ал қасиеті жағынан заттардың осы класына жататын қосылыстар табылды. Дегенмен «көмірсулар» атауы қазір де қолданылады.
Глюкоза (жүзім қанты) — Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жеміс-жидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ ұнтақ түрінде сатылады. Глюкоза — моносахарид тобындағы көмірсутек. Тамақ өнеркәсібінде, медицинада және аналитикалық химияда реактив ретінде қолданылады. Өсімдік жемістерінде және жануар организмдерінде болатын жүзім қанты. Сахароза, лактоза құрамына кіреді және крахмал, гликоген, целлюлоза түзеді. Глюкоза маңызды зат алмасу азығы болып есептеледі, тірі тіндерді энергиямен қамтамасыз етеді. Адам организміндегі қандағы глюкозаның керекті мөлшері (100 мг % шамасында) гликогеннің синтезі мен ыдырауы арқылы тұрақтандырылады.

Глюкозаның табиғатта түзілуі мен алынуы
1. Табиғатта глюкоза фотосинтез реакциясы нәтижесінде түзіледі.
2. Қантты заттарды, ең алғаш A. M. Бутлеров (1861 ж.) кальций гидроксиді қатысында формальдегидтен синтездеді:
Химиялық қасиеттері
Глюкоза құрамында альдегид тобы бар көпатомды спирт болғандықтан, альдегидтерге және көпатомды спирттерге тән екі жақты қасиет көрсетеді.
Альдегид тобына тән реакциялары
Глюкоза жақсы тотықсыздандырғыш, жұмсақ тотықтырғыштардың әсерінен, мысалы, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен альдегид тобы ғана тотығып, глюкон қышқылына айналады:
Мыс (II) гидроксидімен қыздырғанда, альдегид тобы тотығып, карбоксил тобына айналады және мыс (І) оксидінің қызыл түсті тұнбасы түзіледі: Тәжірибе:
Жаңа даяланған мыс гидро тотығына бірнеше тамшы жүзім және алма сөлін не аптека гюкозасымен араластырамыз. Қыздырамыз.

Қорытынды
Қоспаның түсінің өзгеруін алма және жүзім құрамында глюкоза бар екені анықталды. Глюкозаның альдегид тобы тотықсыздану реакциясына да түседі. Катализатор қатысында сутекпен тотықсызданғанда, глюкоза алтыатомды спирт — сорбит түзеді:
C6H12O6+H2=C6H8(OH) 6 сорбит

Глюкозаның көпатомды спирттерге тән қасиеттері
Күрделі эфирлер түзілуі. Қанттардың гидроксил топтары этерификация реакциясына оңай түседі. Кең таралған этерификация реакциясы ацилдеу, оны сірке ангидридімен катализатор (ZnCl2, H2SO4 натрий ацетаты) қатысында жүргізеді. Гексозалардың тұйық құрылымы тұйық пентаацетаттар түзеді. Қышқылмен әрекеттесу реакциясы глюкозаның құрамында бес гидроксил тобы бар екенін дәлелдейді. Мысалы, глюкоза сірке ангидридімен мырыш хлориді қатысында әрекеттесіп, α - пентаацетаттар түзеді: Спирттік ашуы. Ашытқы ферменті әсерінен ашып, глюкозадан этанол түзіледі. Бұл процестің химизмі өте күрделі. Жүретін өзгерістерді қысқаша былай жазады:
С6Н12O6 → 2С2Н5ОН + 2СO2

Сүт қышқылды ашуы. Глюкоза сүт қышқылды ашығанда, сүт қышқылы түзіледі. Процесс сүт қышқылды бактерия ферменттерінің әсерінен жүреді:
C6H12O6 → 2CH3 - CH - OH - COOH сүт қышқылы
Тотығуы. Органикалық қосылыс болғандықтан, глюкоза толық тотыға алады. Ең соңғы өнім ретінде көміртек (IV) оксиді мен су түзіледі. Бұл процесті ықшамдап былай жазуға болады:
С6Н12O6 + 6O2 → 6СO2 + 6Н2O + Q

Глюкоза адам организмінде зат алмасу процесіне қатысады. Тамақ арқылы қабылданған крахмал, қант сияқты күрделі көмірсулар ферменттердің әсерінен ас қорыту жолдарында глюкозаға ыдырайды. Адам организмінде глюкозаның негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады. Тірі организм клеткаларында глюкоза оттекпен бірнеше саты арқылы біртіндеп тотығады.
Көмірсулар тез ыдырап, организмді тез арада қажет болатын энергиямен қамтамасыз етеді. Ас қорыту каналында полисахариттер моносахариттерге дейін ыдырап, ішек бүрлерінің капилляраларындағы қанға өтеді. Егер қанттың қандағы мөлшері азайса (гипогликемия) организм шаршап, бас айналып, көз қарауытады. Бұл жағдайда қанға немесе тері астына глюкозаның ерітіндісін жіберсе, не кәдімгі қант жесе, аз уақыттың ішінде - ақ гипогликемиялық шок деп аталатын жоғарыда аталған жағдайдың барлығы жойылады.

Фруктоза (левулоза, жеміс қанты) - моносахаридтер тобына жататын глюкозаның изомері. Фруктоза сахароза мен инулиннің құрамдас бөлігі болып табылады. Фруктозаның жеміс қанты деп аталу себебі, ол табиғи күйінде барлық жеміс - жидектердің құрамында кездеседі. Балдың негізгі бөлігі фруктозадан тұрады.

Фруктозаның негізгі қасиеттерінің бірі – оның тәттілігі, ол сахарозадан 1, 5 - 1, 7 есе тәтті. Фруктозаны қолдану арқылы қанттың қабылдау мөлшерін 30 - 50 %- ға азайтуға болады. Фруктоза адам организмінде өте сіңімді, қорытылу кезінде инсулиннің қатысуын қажет етпейді. Сондықтан да, фруктоза диабеттерге арналған препараттар жасауда, диеталық тағамдар даярлауда және басқа да тамақ өнімдерін даярлауда кеңінен қолданылады.
Сонымен қатар, фруктозаның басқа да ерекше қасиеттері бар. Ол қандағы алкогольдің ыдырауын күшейтеді және де тамақтануда кәдімгі қантты фруктозамен алмастыру – тіс ауруларының алдын алуға септігін тигізеді.
Фруктозаны алудың өндірістік маңызы бар көздеріне инулин құрамдас өсімдіктер жатады. Мұндай өсімдіктерге жататындар: топинамбур, шашыратқы, түйежапырақ, георгин, бақбақ т. б.

Химиялық диктант.
1. Моносахаридтер..................... қарапайым қантты заттар.
2. Қантты заттарды, ең алғаш рет.............. 1861ж. кальций гидрооксиді қатысында.................... гидролиздеп алды.
3. Ашытқы ферменті әсерінен ашып,............. этанол түзіледі.
4. …................ – жеміс қанты деп атайды.
5. Көмірсулардың жалпы формуласы………………………
6. Дисахаридтер..............., моносахаридтердің.... молекуласына ыдырайды...........- сүт қантты.
7. Глюкоза ……….. - крахмалды өндірісте …………ерітіндісінде қайнатып алу.
8. Сахарозаны балқытып қатырса............ мөлдір масса түзіледі.
9. Глюкоза артық мөлшерде............. айналып,........... қор болып жиналады.
10. Глюкоза адам организмінде …………… процесіне қатысады.
Топтық тапсырма
I топ
1. Глюкоза молекуласының құрамындағы көміртегінің массалық үлесі қандай?
2. 400 г 20% – тік ерітінді дайындау үшін қажетті фруктоза мен су мөлшерін анықтаңдар.
3. Егер өнімнің практикалық шығымы 82% құрайтын болса, 171 г сахарозаның гидролизі нәтижесінде түзілген фруктозаның массасын есептеңдер.

II топ
1. 85. 5 сахароза гидролизінде алынатын фруктозаның массасы қандай?
2. 30 г глюкозаны 130 г суда ерітті. Алынған ерітіндідегі глюкозаның массалық үлесі қандай?
3. Глюкоза спирттік жолмен ашығанда 299 г этил спирті алынды, ол шығым 85 - ті құрайды. Ашуға алынған глюкозаның массасын есептеңдер.

Үйге тапсырма
Көмірсулар. Моносахаридтер. Глюкоза
№ 6 - 7 есеп
Глюкоза туралы кішігірім хабарлама
“Адам организміндегі глюкозаның маңызы”

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
45 889
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Химиядан сабақ жоспары 11 сынып
Көмірсулар табиғатта кең таралған қосылыстар ретінде барлық өсімдік және жануарлар организмдеріне кіреді. Өсімдіктердің құрғақ затының 80%- і, жануарлар клеткаларындағы заттардың 2%- і көмірсулар үлесіне тиеді. Кейбір тағамдық заттар қант, бал, т.
Көмірсулар. Глюкоза
Көмірсулар. Глюкоза
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Қызылтаң ауылы. Химия пәні мұғалімі Серкенова Гулдана Болатханқызы
Ион алмасу реакциялары
Ион алмасу реакциялары
Ақтөбе облысы, №3 Хромтау орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы
Көмірсулар. Моно және дисахаридтердің химиялық қасиеттері
Көмірсулар. Моно және дисахаридтердің химиялық қасиеттері
Химия пәні мұғалімі: Раманова Ляззат Бауыржановна
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Ақтөбе облысы №3 Хромтау орта мектебінің химия пәні мұғалімі Мусина Г. А
Тұз қышқылы және оның тұздары
Тұз қышқылы және оның тұздары
Мусина Гүлжанат Абдісадыққызы № 3 Хромтау орта мектебі, Ақтөбе облысы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×