Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын

10 шілде 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
“Алтын – адамзат ашқан бірінші металл” (К. Маркс)
Алтын
● Атауы: Алтын
● Реттік нөмірі: 79
● Тобы: I
● Периоды: 6
● Электрондық құрылысы: 5d10 6s1
● Атомдық массасы: 197
● Электртерістілігі: 2, 54
● Балқу температурасы: 1064оС
● Тығыздығы: (гсм3)- 19, 32
● Тотығу дәрежесі: +3
● Түсі: ақ

Алтын сақа – Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ақжар ауылына қарасты елді мекеннен табылған соңғы жәдігерлердің бірі. Оны Жарқамыс ауылына жақын маңдағы Қаражар жайлауында мал бағып жүрген қойшы тауып алған. Күнге шағылысқан затқа жақындап келгенде, оның алтын сақа екенін біледі. Қазір бұл жәдігер Астанадағы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің мұражайында сақтаулы. Ал оның кішкентай нұсқасымен суреті Байғанин ауданындағы мұражайдан көруге болады.
“Алтын киімді адам” – Қазақстан Республикасының азаматтық символы. Ондағы тұлпар бейнесі еліміздің гербінен орын алды. “Алтын адам” бейнесі Алматы қаласының Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументінде бейнеленген.

Есіктен табылған Алтын адам жалғыз емес. 2000 жылғы Атырау облысындағы Аралтөбе деп аталатын қорымның төңірегінен сармат көсемі жерленген ескерткіш табылды.
“Атыраудың алтын адамының” киімі түгелдей алтын әшекеймен безендірілген. Оның шашбауы, қару - жарағы, қорамсағы, асатаяғындағы самұрық бейнесі де алтынмен апталған.
Мәйіт жанынан екі жылқы мен қыран құстың сүйектері
жүзден аса жебесі бар қорамсақ, қыш, құмыра мен қайқы қылыш табылған. Шығыс Қазақстан облысындағы Берел қорғанынан да алтын киімді адам табылды.
1843 жылы П. Р. Багратион гидрометаллургиялық әдіспен алтынды цианды калийде еріту арқылы алды.

Алтын
Алтын – ашық сары түсті, жалтыраған жұмсақ әрі өте созылғыш, соғылғыш, тамаша электр өткізгіш (күмістен кейін 2орын алады), тек селен қышқылы мен “Патша арағында” еритін металл.
Сіріңкенің үшінің басындай ғана алтынды 3 километрлік жіп етіп созуға болады екен.
“Патша арағында” атомдық түрдегі бос хлордың болуы оның тотықтырғыш қасиеттерін күшейтеді. Мұнда “металл патшалары” алтын мен платина да ериді:
Au + 3HCI + HNO3=AuCI3+NO+2H 2O

Түзілген алтын (III) хлориді HCI - дың артық мөлшерімен әрекеттесіп, кешенді қосылыс сутек(III) тетрахлороауратын Н[AuCI4] түзеді
Au + 4HCI+HNO3=H[AuCI4]+NO+2H2O

Қолданылуы:
Алтын жұмсақ болғандықтан таза түрде емес,
мыс және күміспен араластырылған құйма түрінде қолданылады. Түрлі алтын заттарды алтын мен мыстың құймасынан жасайды, ол құймада көбінесе 58, 3% алтын болады.
(Алтын заттардың пробасы 583)

Қазақстан алтын қоры жағынан әлемде 7 - орын алады. Алтын қорлары мына елді мекендерде кездеседі:
● Ақмола облысындағы:
● Степняк
● Айдабол
● Жолымбет
● Бестөбе
● Қостанайдағы:
● Жітіқара
● Шығыс Қазақстан облысындағы:
● Еспе
● Мизек
● Ақбастау
● Майқайың
● Жезқазғандағы:
● Қоңырат

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 461
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан Конспект Шығыс Қазақстанды ертеде аримаспылар мекендеген. Аримаспылардың атауы Алтайда алтын мен темірдің мол болуына байланысты шыққан. Тарбағатай баурайын тиграхауда сақтары қоныстанған. Шығыс Қазақстан
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
Арайланып таң атты Алтын сәуле тартты Жарқырайды қаламыз Жарқырайды даламыз
Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбарлы
Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбарлы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Аманқарағай орта мектебі» ММ Дайындаған мектеп кітапханашысы: Бесенова Алтын Аубакировна
Не? Қайда? Қашан? викториналық ойын
Не? Қайда? Қашан? викториналық ойын
Не? Қайда? Қашан? викториналық ойын
Кальций және оның қосылыстары
Кальций және оның қосылыстары
Ақтөбе облысы, №3 Хромтау орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Мусина Г. А
Не? Қайда? Қашан? (викториналық ойын)
Не? Қайда? Қашан? (викториналық ойын)
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы., Алтай ауылы, А. С. Пушкин атындағы орта мектеп химия пәні мұғалімі:Имағамбет Қарлыға
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×