Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан

08 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Тарих
Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан
Конспект
Шығыс Қазақстанды ертеде аримаспылар мекендеген. Аримаспылардың атауы Алтайда алтын мен темірдің мол болуына байланысты шыққан. Тарбағатай баурайын тиграхауда сақтары қоныстанған. Шығыс Қазақстан ертеде металлургияның орталығы ретінде даңқы шыққан.
Шығыс Қазақстанда ерте темір дәуірінің б. з. б. 5 - 4 ғасырларына жататын Берел қорымынан 40 - тан астам обалар табылған. Ішіндегі ең үлкенінің биіктігі – 9 метр. Берел кезеңі деп аталуы Катонқарағай ауданындағы Берел қорымына байланысты. Бұл қорымдағы обаға жерленген адам жер бетінен 6 - 7 метр тереңдікте жатыр.

Берелдің кіші обаларынан бөренеден қиыстырып жасаған сандықшаға жерленген адамдар табылды. Адамдармен қоса бұл обаларға аттары бірге көмілген.
Ертедегі тұрғындар мәйітті бальзамдау әдісін білген. Мәйітті жасанды мұзға орналастырған. Олар желдің суықты төмен қарай әкетіп, сонда тұрақтап қалуын ойлап, қорғанның биіктігі мен енін есептеп шығарған. Осылайша желдеткіш желісі орнап, температура төрт градус суыққа дейін тұрақты қалыпта тұрған.

Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданының жерінде алып “патша қорғандары” көптеп кездеседі. Бұл жерде сақ дәуірінің 200 - ден аса обалары орналасқан. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар. Алып қорғандардың диаметрі 100 метрге, биіктігі 8 - 10 метрге дейін жетеді.

Берел обасына жерленген адам астау - саркофагқа салынып, қарағаймен қаланған қабір ішінде жатыр. Қабір жанына 16 аттың қаңқасы, ер - тұрман бірге көмілген. Ат әбзелдерінің алтынмен апталғанына қарағанда, обада тайпа көсемі, ру ақсақалы, бай немесе батыр адам жерленген болуы керек.

Археолог - этнолог Әбдеш Төлеубаевтың б. з. б. 8 ғасырға жататын 3 - Шілікті қорымындағы №1 обадан тапқан археологиялық жаңалығы тарих ғылымында үшінші алтын киімді адам ретінде танылып отыр. Обаның биіктігі 8 метр, диаметрі 100 метрге жуық. Алып ғимараттың ішіне патшаны жерлеген. Ол сом алтыннан құйылған 4325 (2011 жылғы баспада 4303 деп берілген) қаптырма және әшекей түймешіктермен безендірілген киіммен жатыр. Патшаның жанынан биліктің белгісі болып саналатын алтын бесжұлдыз табылды.

Бұл жәдігерді ғалымдар “Шілікті алтын адамы”деп атады.
1998 - 1999 жылдары З. Самашевтің жүргізген қазба жұмыстары кезінде Берел кезеңіндегі №11 оба толық ашылып, ғаламат олжа табылды. Балқарағайдан ойылып жасалған астау табытта 45 жастағы ер адам мен әйел жерленген (б. з. б. 294 ж.). Олардың киімдері інжу - моншақтар мен алтын жапырақшалармен әшекейленген. Обадан ат - әбзелдері мен ішкі құрылысы бұзылмаған 13 жирен жылқы табылды. Әр жылқы алтынмен апталып, күміспен күптелген салтанатты әбзелдермен безендірілген.

Осы аумақтағы Шілікті қорымындағы 51 обаның бірі “Алтын қорған” деп аталады. 1960 жылы зерттелген “Алтын қорған” обасында ер адам мен әйел жерленген. Балқарағай бөренелерінен салынған қабірден 13 қола жебе, қорамсақ, алтын қаптырма табылды. Ғалымдар бұл қорғанды б. з. б. 7 - 6 ғасырларға жатқызады.

Қазақстан аумағындағы ең көне патша жерлеу орны Шығыс Қазақстаннан табылған №1 оба болып есептеледі. Мерзімі б. з. б. VIII ғасырға жатады. Бұл – Қазақстан жерінен табылған үшінші алтын киімді адам жерленген оба. Бұл жәдігер тарихта “Бәйгетөбе” деп аталады.
Берел мәдениетінің бір ерекшелігі жайпақ түпті қыш ыдыстардың таралуы болып табылады. Қыш ыдыс жасаудың екі түрі кездеседі. Біріншісі – мойны қусырылып, кейде тік болып келетін құмыралар, екіншісі – жатаған, жайпақ көзелер.
Б. з. б. III - I ғасырларда Тарбағатай далаларында Жетісудың үйсін мәдениетіне туыстас мәдениет қалыптасқан. Бұл жерді ертедегі үйсіндерге туыстас тайпалар немесе үрге деген атпен қытай жазбаларында кездесетін тайпалар мекендеген.

Конспект сұрақтар
1. Тарбағатай өңіріндегі үйсіндерге туыстас тайпалар:
2. Жайпақ түпті қыш ыдыстар таралған темір дәуірінің мәдениеті:
3. Қазақстан аумағындағы ең көне патша жерлеу орны қай мерзімге жатады?
4. Шілікті қорымындағы “Алтын қорғанның” салынған уақыты:
5. Берел қорымындағы №11 обаны зерттеп, ашқан археолог - ғалым:
6. Ғалым Ә. Төлеубаев ашқан археологиялық жаңалықтың атауы:
7. Астау - саркофагқа салынып жерленген адамның қабірі табылған Шығыс Қазақстандағы оба:
8. «Патша қорғандар» ең көп шоғырланған аймақ:
9. Шығыс Қазақстан тайпаларының мәйітті ұзақ сақтау әдісі:
10. Кіші Берел обаларында адамды жерлеген:
11. Сақ дәуіріндегі Берел қорымы табылған аймақ:
12. Шығыс Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар:
Тақырыптың тесті

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 679
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары Конспект Сақтардың құрамына массагеттер, аримаспылар, аргиппейлер, исседондар кірген. “Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет - салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған” деп жазады грек тарихшылары. Олар
Ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Солтүстік Қазақстан Конспект Қысқы жайылымға қар кеш жауып, ерте еріп кететін аймақ таңдалынды. Қыста жел соқпайтын жерлерге орналасу көзделді. Қысқы жайылымдар солтүстік аймақтың оңтүстігіне таман орналасты.
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан Конспект Геродоттың жазбаларында Орталық Қазақстанды аргиппейлер мен исседондар мекендегені айтылған. Қазіргі ғалымдардың анықтауынша, Сарыарқаның солтүстік батысында аргиппейлер, орталығында исседондар,
Сақтардың мәдениеті
Сақтардың мәдениеті
Сақтардың мәдениеті Конспект Б. з. б. VII ғасырдан бастап “аң стилі” пайда болды. “Аң стилінің” негізгі тақырыбы аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу болса, негізі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы түсінікпен байланысты болған.
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Қазақстан тарихы, адам және қоғам пәндерінен тақырыптық – күнтізбелік жоспар. Сыныптар: 8, 9, 10, 11
Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан
Ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан
Шілікті даласынан табылған патша қорғандары, Берел қорымы туралы мағлұмат беру Әдіс - тәсілдер: АКТ - ны пайдалану, СТО, диалог, Оқу үшін бағалау, жиынтық бағалау, топтық жұмыс
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×