Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Иондық және металдық байланыс

19 қаңтар 2014, Жексенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Иондық және металдық байланыс
Сабақ мақсаты:
d) Оқушыларға иондық және металдық байланыс жайында түсінік қалыптастыру;
e) Оқушыларды ізденімпаздыққа, ойлауға, сауаттылыққа, тазалыққа, қауіпсіздікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу;
f) Оқушылардың ғылыми - материалистік көзқарасын дамыту.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдер: қызығуды ояту сұрақтары, мағынаны тану сергіту ойындары, тестік тапсырмалар, есептер шығару, жаңа сабақты түсіндіру, кітаппен жұмыс, химиялық диктант, венн диаграммасы.
Көрнекілігі: периодтық кесте, есептер жинағы, үлестірме қағаздар.
Пән аралық байланыс: математика

Сабақ барысы:
6. Ұйымдастыру кезеңі;
7. Оқушыларды түгендеп, сынып тазалығына көңіл аудару;
8. Психологиялық жағдай туғызу;
9. Сұрақ - жауап жаттығу ойыны.

Үй тапсырмасын қайталау:
1 - кезең. «Қызығуды ояту»
1. Алғашқы периодтық жүйені кім, қай жылы ашты?
2. Периодтық жүйеде қанша топ бар?
3. Периодтық жүйеде қанша период бар?
4. Әр топ қандай топшаларға бөлінеді?
5. Периодтар нешеге бөлінеді және қалай?
6. Атом құрамы қандай?
7. Атом құрылысының ядролық моделін кім ұсынған?
8. Период нені көрсетеді?
9. Топ нені көрсетеді?
10. Нейтрон санын қалай анықтаймыз?

Сергіту жаттығулары. Химиялық элементтер.
6 - кезең. «Иә - жоқ» ойыны
1. Оттегі күшті бейметалл? (Иә)
2. Фтордың электр терістілігі төртке тең? (Жоқ)
3. Қосымша топшаларда бейметаллдар орналасқан? (Жоқ)
4. Периодтық жүйені Эрнест Резерфорд ашты? (Жоқ)
5. Бір орбитальды спиндері қарама - қарсы екі электрон орналасады. (Иә)
6. Элемент протон саны электрон санынан артық? (Жоқ)
7. Ортақ электрон жұптары арқылы байланысқан химиялық байланыс иондық деп аталады? (Жоқ)
8. Ковалентті байланыс полюсті, полюссіз болып бөлінеді? (Иә)

7 - кезең. «Әркімнің өзі шығар биігі бар?» деңгейлік тапсырмалар.
1. Атомдық ядро заряды +28, +35 болатын элементтерді периодтық жүйедегi орнын тап.
2. Магний және күміс атомдарындағы электрондар таралуының электрондық және графикалық таралуын жаз.

Жаңа сабақ.
Иондық байланыс кезінде атомдар электрондарын беріп жіберу немесе қосып алу арқылы оң не теріс зарядталады. Мұндай зарядталған атомдар - иондар деп аталады. Демек, қарама - қарсы зарядталған иондар арасындағы байланыс иондық байланыс деп аталады.
Өзінің сыртқы валенттілік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал, осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар теріс зарядты аниондарға айналады.
Электрондарды беріп металлдарға, электрондарды қосып алу бейметалдарға тән қасиет.
Сонымен, қорыта келе электр терістіліктері алшақ орналасқан элементтердің арасында иондық байланыс түзіледі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 528
0
  • 60
3 дауыс


Жаңалықтар
Иондық байланыс. Металдық байланыс
Иондық байланыс. Металдық байланыс
Мұғалім мақсатқа жету жолдарын көрсетеді, ұйымдастырады. Сабақтың тақырыбын ашу. Оқушыларды топтарға бөлу. Иондық байланыс деп – иондар арасындағы байланысты айтады. Металл мен бейметалл арасында түзіледі. Ион – бұл электрон беру немесе алу
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ізденіс - саяхат сабағы
Д. И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне ізденіс - саяхат сабағы
Периодтық кесте, Периодтық жүйе бойынша пәндік ұғым негіздерін зерделеу; пәнаралық ізденіс арқылы білімдерін тереңдету
Иондық байланыс. Металдық байланыс
Иондық байланыс. Металдық байланыс
Химиялық байланыс типтері, байланыс табиғаты, иондық және металдық байланыс туралы мағлұматтар беру. Жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, химиялық сауаттылыққа баулу.
Химия 10 сынып
Химия 10 сынып
Химиялық байланыстың түрлері, ковалентті байланыс туралы білімдерін жүйелеу және қорытындылау, ковалентті байланыстың маңызды сипаттамалары туралы білімді қалыптастыру; Заттардағы химиялық байланыстың типін анықтай білу.
Көміртек
Көміртек
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ә. Жангелдин атындағы № 52 жалпы орта мектебінің химия пән мұғалімі Жарқынбаева Гулзира Тынысбекқызы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Химиялық элементтер, атом молекулалар. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы, периодтық жүйенің құрылысы
Астана қаласы ЖШС « Медициналық – техникалық колледж» Биология химия пәндерінің оқытушысы Сатпаева Мағрипа Мағзұмқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×