Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қышқылдар құрамы, алу жолдары

22 қаңтар 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Химия
Сабақтың тақырыбы: Қышқылдар, құрамы, алу жолдары
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды бейорганикалық қосылыстардың бірі болып келетін қышқылдар класымен, олардың жіктелуі мен номенклатурасымен таныстыру. Зерттеу әдісі арқылы индикаторлар туралы түсінік беру, қышқылдармен жұмыс жасау ережелерімен таныстыру.

Міндеттері: Білімділік: Қышқылдардың формуласын құрастыруға және оларды атауға үйрету. Қышқылдардың құрамын, алынуын сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге баулу.
Дамытушылық: Жаңа сабақпен өткен тақырыптарды ұштастыра отырып оқушылардың білімдерін одан әрі дамыту және өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттерін, дағдыларын қалыптастыру. Химиялық биологиялық тұрғыдан тірі табиғат құрамындағы қышқылдардың маңызы емдік қасиеті тұрмыста пайдалану туралы түсініктерін кеңейту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, уақытты үнемдей білуге, әр деңгейдегі оқушылар бірлесіп жұмыс жасауға бірін бірі құрметтеуге, бір бірінің пікірін тыңдап баға беруге тәрбиелеу
Пәнаралық байланыс: биология
Сабақтың түрі: аралас сабақ, дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, зерттеу әдісі

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, интерактивті тақта кітапханасынан суреттер, тірек - сызбанұсқалары, қышқылдар формуласы, қышқыл үлгілері, құрамында табиғи қышқылдары бар тағам үлгілері: алма, лимон, сүт, айран, сірке суы, аскорбин қышқылының таблеткалары, индикаторлар(әмбебап, метилоранж, фенолфталейн), таратпа материалдар, бағалау парақтары, түрлі түсті қарындаштар, А3 қағаз

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру (сәлемдесу, оқушыларды тексеру)
II. Үй тапсырмасын тексеру
2. 1 «Ой шақыру» (тест)
1. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек
A. Молекула
B. Атом
C. валенттілік
D. индекс
2. Зат құрамының тұрақтылық заңын кім ашты
A. Ж. Пруст
B. А. Авогадро
C. М. Ломоносов
D. Р. Бойль
3. Өнеркәсіпте оттегін неден алады
A. Ауа
B. Су
C. Марганцовка
D. Бертолле тұзы
4. Біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыс
A. Қышқыл
B. Оксид
C. Тұз
D. Атом
5. Бір химиялық элементтің бірнеше жай зат түрінде болуы
A. Фотосинтез
B. Тотығу
C. аллотропия
D. валенттілік
6. жылу бөле жүретін реакция
A. экзотермиялық
B. жай
C. эндотермиялық
D. күрделі
7. жылу сіңіре жүретін реакция
A. экзотермиялық
B. жай
C. эндотермиялық
D. күрделі
8. Химиялық реакцияға кіріскен заттардың массасы түзілген заттардың массасына тең
A. Авогадро заңы
B. Газдар заңы
C. Зат массасының сақталу заңы
D. Периодтық заң
9. Ауадағы оттектің мөлшері
A. 78%
B. 21%
C. 1%
D. 0. 03%
10. оттек элементін кім ашты
A. Дж. Пристли мен К. Шееле
B. А. Авогадро
C. М. Ломоносов
D. Ж. Пруст

2. 2 «Сутек, оның алынуы және қасиеті» тақырыбына арналған графикалық тест «иә» - Ʌ, «жоқ» - __ деген жауапты белгілеп отырады.
1. сутектің ең басты қосылысы су иә
2. сутекті алғаш рет 1776 жылы ағылшын ғалымы Г. Кавендиш алды иә
3. өнеркәсіпте сутекті ауадан алады жоқ
4. сутек иіссіз, түссіз газ иә
5. сутектің салыстырмалы атомдық массасы – 16 жоқ
6. сутек металдармен гидрид түзеді иә
7. лабораторияда сутекті марганцовкадан алады жоқ
8. сутек ең жеңіл газ иә
9. сутек оттекпен әрекеттеспейді жоқ
10. күн жүйесі планеталарының 92%- ін сутек атомы құрайды иә
тест кілті
Ʌ Ʌ __ Ʌ __ Ʌ __ Ʌ __ Ʌ
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
2. 3 «Сутек пен оттекті» салыстыру Венн диаграммасы

III. Жаңа сабақ
3. 1 «Қызығуды ояту» (Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыру мақсатында)
А. Біз тәжірибе жасау барысында сутегін алу үшін қандай реактивтерді пайдаландық?
сонымен біз сутек алуда тұз қышқылын пайдаландық. Яғни өткен тақырыптарда қышқыл деген сөзді жиі кездестірдіңдер. Күнделікті тұрмыста да тағам өнімдеріне «дәмі қышқылтым» деп баға беріп жатасыңдар.
3. 2. Түсіну ( мұнда жаңа сабақты топтасып талқылайды)
Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, оқулықпен өз беттерінше топпен жұмыс жасау, болжам жасату т. б
Оқушыларға « Қышқылдар, құрамы, алу жолдары» тақырыбын оқу ұсынылып әр топқа тапсырма беріледі.
I топ – «қышқылдарға жалпы сипаттама»
II топ – «қышқыл құрамы, жіктелуі»
III топ – «қышқылдарды алу тәсілдері»
(Оқушыларға түрлі түсті қарандаштар, А3 қағазы таратылады)
3. 3 Қолдану ( жасалған жұмыстарды көрсетеді, сипаттайды)

IV. Cергіту сәті:
Алдарында тұрған аскорбин қышқылы, алма мен лимонның дәмін татып көріңдер. Дәмі қандай? Себебі неде?
«Техника қауіпсіздік ережесі»
Бүгін химия сабағында бірінші және соңғы рет сендер бір заттың дәмін мұғалімнің рұқсатымен ғана татып көрдіңдер. Негізі химия сабағында зертханалық жұмыс жасаған кезде:
№ 1 ереже «заттардың дәмін көруге болмайды»!
№ 2 «Қышқылға су құюға болмайды». Қышқылдар күйдіргіш болып келеді Егер де қышқыл қолыңызға тамып кетсе, 5%- к ас содасының ерітіндісімен күйген жерді жуу керек.

V. Бекіту
Тәжірибе ( топ жетекшілері)
Алдарында тұрған сынауықтарға біреуіне – фенолфталейн, екіншісіне – метилоранж тамызыңдар, үшіншісіне - әмбебап индикатор қағазын салыңдар. Не байқадың?
Кестені толтыр

Үш топқа ортақ есеп (әр деңгейдегі оқушылар бірлесіп жұмыс жасауы)
Күкірт қышқылы құрамындағы сутегі, күкірт, оттегі элементтерінің массалық үлесін есепте
VI. Үйге тапсырма беру
Қышқылдар жайлы қызықты мәліметтер жинақтау
VII. Бағалау
Топ басшысы берілген критерийлер арқылы мүшелерін бағалайды.
Мұғалім қорытынды баға шығарады
Рефлексия «Кластер құру»
Қосымша: Қышқыл дегеніміз сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын қосылыс.
16 506
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері
Қышқылдар дегеніміз – құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Қышқыл құрамында оттек атомының болу немесе болмауына байланысты.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және олардың қасиеттері.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы және олардың қасиеттері.
Оқушылардың ой-өрісін, қышқылдардың адам өмірімен байланысы туралы ұғымды кеңейту, химия пәніне қызығушылығын, химиялық тілін, біліктілігін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың жіктелуі, алынуы, химиялық қасиеттері мен қолданылуы (ашық сабақ)
Қышқылдардың физикалық, химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы туралы түсінік беріп, білімділік және біліктілік дағдыларын қалыптастыру.
Қышқылдар
Қышқылдар
Бейорганикалық қосылыстардың бір өкілі - қышқылдар, олардың құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері, қолданылуы, маңызы мен зияны туралы түсінік қалыптастыру.
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Қышқылдардың химиялық қасиеттері
Ақтөбе облысы №3 Хромтау орта мектебінің химия пәні мұғалімі Мусина Г. А
Қышқылдардың жіктелуі, алыну, қолданылуы
Қышқылдардың жіктелуі, алыну, қолданылуы
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы №61 жалпы білім беретін орта мектебінің химия пәні мұғалімі: Қызғалдақ Ризабекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×