Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақпаратты іздеу, жазу және оқу

15 ақпан 2014, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақпаратты сақтау ережесін, «Сохранить», және «Сохранить как» командасынан өзге, жұмысты іздестіру алгоритм командасынан «Пуск - Пойск» орындалуымен таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын, компьютерлік сауаттылығын дамыту
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жылдамдыққа үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
4. Компьютермен жұмыс
5. Сабақты бекіту
6. Үйге тапсырма беру
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарларын аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Нысандарға қолданылатын қандай амалдарды білесіңдер?
- Көшіру, орын алмастыру, жою, атын алмастыру
2. Бірнеше нысанды қалай ерекшелейміз?
- Shift пернесін жібермей басып тұрып та ерекшелеуге болады, егер нысандар әр жерде орналасса онда оларды ерекшелеу үшін CTRL пернесін қолданады.
3. Алмасу буфері дегеніміз не?
- Алмасу буфері дегеніміз - компьютер жедел жадының Windows нысандарын уақытша сақтауға болатын арнайы аймақ. Алмасу буферінің көмегімен көшіру үшін екі бұйрық орындалады. Көшіру және Кірістіру.
4. Қоржынды қолданбай нысанды қалай жоямыз?
- Нысандарды Қоржынға орналастырмай жою үшін пернетақтадан Shift+Del пернелер тіркесімдерін қолданамыз. Қоржынға орналастырмай бірден жою өте қауіпті.

ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру.
Кроссворд шешу

1. Байттардың әлдебір атауы бар тізбегі (файл)
2. Компьютерде берілетін командаларды жарық қаламымен басқаратын құрылғы (тышқан)
3. Ақпараттарды компьютерден қағаз бетіне шығаратын құрылғы (принтер)
4. 8 биттен тұратын өлшем бірлік (байт)
5. Операциялық жүйе жүктелгеннен кейінгі ашылатын аймақ (экран)
6. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз (радио)
7. Мәтіндік және графиктік ақпараттарды бейнелеу құрылғысы (монитор)
8. Кіші әріптерді үлкенге және керісінше пайдалану пернесі (shift)
9. Экранда таяқша сияқты жыпылықтап тұратын символ (меңзер)
10. Телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпараттарды алмасуға арналған құрылғы (модем)
11. Оң жағында тұрған символды өшіру пернесі (DEL)
12. Компьютерге қосылған принтермен жұмыс істеу үшін қандай программа керек (утилита)
ІV. Мақсат қою кезеңі: Windows қосымшасында ақпаратты сақтау, оқу, нысандарды іздеу ережелерімен таныстыру.

V. Жаңа сабақ
Нысанды бумадан жылдам іздеу.
Ізделетін нысан орналасқан буманы ашып, нысанның атауындағы бірінші әріп бар пернені басу керек. Егер жылдам іздеуді тек ізделетін нысанның қандай бумада орналасқанын білетін жағдайда ғана пайдалануға болады. Ал егер олай болмаса, онда кеңейтілген іздеуді қолдану керек.
Файлдың немесе буманың атауын Бас мәзірдің іздеу терезесіне енгізу керек. Сұраныстарың бойынша табылған файл терезенің жоғарғы бөлігінде көрсетіледі.

Ақпаратты жазу
Windows - тің барлық қосымшаларында ақпаратты сақтау мен оқудың жалпы ережелері бар. Құрылған суретті немесе құжатты файлға бірінші рет сақтау үшін мына әрекеттер орындалады. Слайдпен көрсету.
Программамен жұмыс істегенде файлдарды жиі - жиі сақтап отыру керек. Егер файл бұған дейін сақталған болса, онда сақтау жұмысы жеңілдейді. Бұл жағдайда программа сақтау терезесін шығармайды және сендерден файлдың атын сұрамайды. Слайдпен көрсету.
Ақпаратты оқу.
Дискіде жазылған ақпаратты қажетті файлды іске қосу (ашу) арқылы оқиды.
Файл атауының кеңейтілуі нәтижесінде Windows операциялық жүйесі файлды қандай программаның көмегімен ашу керек екенін өзі анықтайды. Слайдпен көрсету.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықта берілген А, В, С деңгейлі тапсырмаларды орындау.

VІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Қажетті файлды бумадан қалай табуға болады?
2. Дискідегі файлды қалай табуға болады?
3. Ақпаратты компьютерге қалай сақтаймыз?
4. Ақпаратты дискіден қалай оқимыз?
5. Сақтау және қалай сақтау бұйрықтарының айырмашылығы неде?
VІІ. Сабақты қорытындылау, бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: Тестіні шешіп келу. $ 13 оқу.
15 374
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Кеңейтілген алмастыру буфері
Кеңейтілген алмастыру буфері
Объектілерді кеңейтілген алмасу буферінің көмегімен жылжыту мен көшіру ережелерімен таныстыру; Оқушыларды кеңейтілген алмасу буферін пайдалануға, тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын
Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері
Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері
Кызылорда қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп мұғалімі Баян Баймишева
Объектілермен жұмыс істеу, алмасу буфері
Объектілермен жұмыс істеу, алмасу буфері
Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Қарасу ауылы, Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Балтамуратов Ардақ
Раіnt графиктік редакторы
Раіnt графиктік редакторы
Тақырыбы: Раіnt графиктік редакторы. Негізгі түсініктер. Іске қосу. Құрал-саймандар тақтасы. Палитра. Сурет салу кезеңдері
Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар
Ақпаратты жазу және санау. Ақпаратты тасымалдаушылар
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Раіnt графикалық редакторында үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Раіnt графикалық редакторында үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Елжанова Қымбат №5 жалпы орта білім беру мектебінің информатика пәні мұғалімі.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×