Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Интернеттің пайдасы мен зияны (пікір - талас)

24 ақпан 2012, Жұма
Категориясы: Информатика
Интернеттің пайдасы мен зияны
Сабақтың түрі: дебат /пікірталас/
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, тиянақтау;
Дамытушылық: Оқушылардың интернет туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;
Тәрбиелік: Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа
құралдары

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу
Топ мүшелермен және сарапшылармен таныстыру
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сарапшыларымыз:

ІІ. Тақырыппен жұмыс
1. Жүргізуші ашық пікір - таластың ойын - шарттарымен таныстырады:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар сіздерге
9 - 10 сынып оқушылары арасындағы «Интернеттің пайдасы мен зияны»
атты пікір - таласты ашық деп жариялаймын.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу ығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде, жеңілсең де қалма жасып.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді таланттар
Бұл пікірталаста 10 сынып оқушыларынан құралған «Самғар» тобы жақтаушы,
9 сынып оқушыларынан құралған «Мұрагер» даттаушы.
Пікірталас шарттары:
1./ екі топ өз ойларын ортаға салады, онда (регламент сақтау,) 3 мин
2/ сұрақ жауап кезеңі
3/ спикерлердің қорытындысы
4. әділқазылардың қорытынды сөзі

3. Сөз кезегі ойыншыларға беріледі
1. «Самғар» тобының спикері: Асылым 10 сынып
Армысыздар құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір - бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.

Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ - тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір - бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып - жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».

Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд. адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

2. «Барыс» тобының спикері: 9 сынып Аида
Сәлем бердік қауымға! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық - коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл - қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу - баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра - күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы - ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.
Тыңдағандарыңызға рахмет!

Кадырова Светлана Сабитқызы
Б.Момышұлы ауылы, Жуалы ауданы,
№1 Г.Орджоникидзе атындағы мектеп - гимназия

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
36 599
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Интернеттің пайдасы мен зияны
Интернеттің пайдасы мен зияны
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау, қорытындылау. Тәрбиелік: Балаларға интернеттің пайдасы мен зияны жайлы айту, зиянды ойындардан, бұрыс жақтарынан сақтау.
Көңілді асық ойыны
Көңілді асық ойыны
Компьютер құрылғылары бойынша оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау.
PAINT - қа саяхат
PAINT - қа саяхат
Оқушылардың алған білімдерін нығайту, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны (пікірталас)
Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны (пікірталас)
Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Муканова Айгуль Бактыгалиевна
Компьютердің пайдасы мен зияны
Компьютердің пайдасы мен зияны
Шымкент қаласы, №15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп- лицейінің информатика пәні мұғалімі Умирова Гулайна Зиябековна
Компьютер және ғаламтордың пайдасы мен зияны
Компьютер және ғаламтордың пайдасы мен зияны
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдыллаева Зәуре Жанабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×