Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алгоритм қасиеті және жазылу түрлері

13 наурыз 2014, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақ тақырыбы: Алгоритм қасиеті және жазылу түрлері
Сабақ мақсаты:
1. Оқушыларға Алгоритм және оның қасиеттері, орындаушы жазылу түрлері туралы жалпы мағлұмат беру.
2. Оқушылардың Алгоритм жазылу түрлерінің көмегімен есептер шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Қарапайым алгоритмдер құра білу, нәтижесін талдай алу;
Сабақ көрнекілігі: тақырып бойынша мультимедиалық слайд, оқулық.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету.
Оқушылар білуі қажет: алгоритм ұғымын, алгоритмдер қасиеттерін және жазылу түрлерін.
Оқушылар орындай білу керек: алгоритм қасиеттерін ерекшелеу және алгоритм жазылу түрлері арқылы есептер шығара білу.
Пән аралық байланыс: математика, қазақ тілі, геометрия, технология.

І. Сабақ барысы:
Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
2. Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ.
«Алгоритм» ұғымы информатикада ақпарат сияқты іргелі ұғымдар қатарына жатады. Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл - Хорезми ( 763 - 850 ж. ж) есімінің латынша Algorithmi (Алгоритми) болып жазылуына шыққан.
Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет - ретімен орындалуы.

Алгоритмнің атқарушылары:
Адам
Автоматты құрылғы
Компьютер
Робот
Алгоритм қасиеттері
Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде келтірілген барлық әрекеттердің мағынасы айқын, нақты анықталған болу керек. Онда қандай қадам көрсетілсе тек солар ғана орындалуы қажет. Есеп шығаруға керектің бәрі анықталуы және орындаушыға түсінікті әрі нақты болуы тиіс.
Алгоритмнің үзіктілік қасиеті. Алгоритмнің үзік модульдерге бөлінуі, яғни алгоритмді бірнеше кішкене алгоритмдерге жіктеу мүмкін болу керек. Бұл қасиеті бойынша алгоритм аралық нәтиже беретіндей бірнеше ықшам бөліктерге, ал олар одан кіші қадамдарға бөлінеді, яғни мәселені шешу процесінің тізбегі жеке - жеке әрекеттер жіктеледі. Сондықтан алгоритмді, екі - үш бқлікке бөліп, оларды жеке қабылдай алатын дәрежеде жұмыс істелінуі қажет.
Алгоритмнің нәтижелік қасиеті. Кез - келген алгоритмнің нәтижесі болу керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет.
Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға қарсы ғана арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.
Алгоритмнің формальды орындалуы. Алгоритмді орындағанда орындаушы оныәр командасының мағынасын түсінуі де, түсінбеуі де мүмкін. Бірақ алгоритмнің әр командасы орындаушының нақты бір әрекетті орындауын талап етеді.
Алгоритм жазу жолдары
Алгоритмді компьютерде орындау үшін оларды алдын - ала жазып алу керек. Жалпы жағдайда, алгоритм жазудың келесі түрлері қабылданған:
Табиғи тіл
Алгоритмдік тіл
Программалау тілі
Блок - схема
Мысалы, у=2x -(х+8) өрнегін алгоритм жазылу түрлерін де жаз.
табиғи тілде:
а және х мәндерін енгізіңіз.
х және 6 - ны қосу.
x на 2 - ге көбейту.
2x – дан (х+8) қосындысын азайту.
Өрнектің есептелген нәтижесі ретінде у - ті шығару.
Алгоритм тілінде
алг у=2x -(х+8) өрнегін орындау
Арг х, м1, м2
Нәт у
басы
м1:=х+8
м2:=2*x
у:=м1 - м2
соңы
Программалау тілінде:
Program №1;
Var x: integer;
Begin
Writeln(‘х енгіз’);
Readln (a, x);
y:=2*x -(x+8);
Writeln(‘y=’, y);
End.
Блок - схемасы

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
У=3х -(5+3х) өрнегін алгоритм жазылу түрлерінде жаз.
Z=8x -(5y - ab) өрнегінің блок - схемасын сыз.
Суретшінің суретті салуына алгоритм құр.
Алгоритм тілінге жазылған есепті өрнекке айналдыр.
2 - ні х - ке көбейтте А1 - ге меншікте.
А1 - ді 8 - ге қоста А2 - ге меншікте.
3. 3 - ті у - ке көбейтте А3 - ке меншікте
4. А3 - ті 5 ке азайтта А4 - ке маншікте.
5. А2 - ні А4 - ке бөлде У - ке меншікте
Жауабы y=(2x+8)/(3y - 5)

ІҮ. Үйге тапсырма: Жаңа сабақты оқу. Есептер шығару
Өрнектерді табиғи және алгоритм тілдерінде жаз.
1. У=2х+(2х+5);
2. у=(4+3х)/3х
3. у=(5z+(2x - 8))/(2x - 10)
Ү. Бағалау.
23 550
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Алгоритм түрлері
Алгоритм түрлері
Алгоритм – қажетті нәтижеге жеткенге дейін орындалуы тиіс әрекеттер тізбегі.
Алгоритмді жазу түрлері. Блок - схема
Алгоритмді жазу түрлері. Блок - схема
Алгоритмнің жазылу формаларын түсіндіре отырып, оқушылардың пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Жуалы ауданы, Ертай ауылы, №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің информатика мұғалімі Қиясова Гүлнұр Жаңбырбайқызы
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
Информатика пәні мұғалімі: Бегасилова Роза
Тармақталған алгоритмдер
Тармақталған алгоритмдер
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ ОЖББМ – нің информатика пәні мұғалімі Хамзина Индира Сабырғалиқызы
Алгоритм және оның атқарушылары
Алгоритм және оның атқарушылары
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Көбенова Қарылғаш Жанұзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×