Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


MS ACCESS – те мәліметтер қорын құру

02 сәуір 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
MS ACCESS – те мәліметтер қорын құру
Қазіргі таңда мұғалімнің басты мақсаты оқушылардың білім сапасын арттыру, пәнге қызығушылығын, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіру, өзіндік дамуына мүмкіндік беру және нәтижеге бағытталған білім беруге көшу.
Оқушылардың өздігінен шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқуына талдау жасау, алған білімін практикада қолдана білу арқылы оқу бағдарламасын қаншалықты меңгергендіктерін көрсетеді.
Оқушылар сынып сатысына сәйкес игерген білімдерін жаңа бағдарламаларда қолдана білуі қажет.
Төменде әріптестеріме Microsoft Access – те кестелер құру және мәліметтер қорын кез келген типті қосымшаны жылдам дайындайтын Visual Basic технологиялық тілімен, 8 сынып бойынша игерген Microsoft Excel қолданбалы программасымен байланыстыра отырып, сабақта «мектеп кітапхана қорын» әзірлеудің элементтерін ұсынып отырмын.

Мәліметтер қорын құру.
Мектеп кітапхана қорын әзірлеу үшін ең алдымен оқушылар кітапхана қорын зерттеу тәсілдері туралы ақпараттар жинақтаулары қажет.
Қорды зерттеу. Электронды кітап қорының кітапхана міндеттеріне сәйкес келуін, оқырманның талабы мен талғамына сәйкес болуын қамтамасыз ету. Қорды зерттеудің негізгі әдістері:
- Аналитикалық
- Библиографиялық
- Статистикалық болып келеді.
Аналитикалық әдіс – баспа шығармаларының түр, жанр, салалық, типтік тұрғыдан т. б жақтары бойынша қорға жинақталу және пайдалану дәрежесін салыстырылып бағаланады.
Библографиялық әдісі бойынша библиографиялық құралдары көрсетілген әдебиеттердің бар – жоғы қордың өзі мен немесе кітапхана каталогымен салыстыру арқылы зерттейді.
Статистикалық әдіс бойынша қордың құрамы мен айналымы жөнінде статистикалық көрсеткіштерге талдау жасалып, ол кітапхана қызметін сипаттайтын түрлі мәліметтермен сипатталады.

Тапсырманы орындау жолы.
1. Бос деректер құру.
Пуск → Программы → MS Access командасын қосқаннан кейін экранда MS Accessте терезесі шығады.
Деректер қорына ат беріп, ОК батырмасын басу керек.
Жаңа дерек құру;
Бос дерек құру;
Проекті (бар мәлімет б/ша)
Проекті(жаңа мәлімет б/ша)
Файл таңдау
Үлгітүр б/ша

Жаңа дерек құру бөлігін таңдаған соң, қосымша терезе деректің атын енгізу керек.
Шыққан қосымша терезенің сол жағындағы ақпараттық орналасу түрлерін таңдап, кез - келген біреуін таңдаймыз.

2. Создание таблицы в режиме конструктор →
→ бұнда: өріс атауы, деректер түрі, сипаттамасын енгіземіз.
Өріс атауы Өріс /Имя поля/ бағанында енгізіледі. Өріс атауын енгізгенде мына ережелерді сақтау керек:
- Өріс атауы 64 символға дейін болуы мүмкін, бірақ ұзын ат берудің қажеті жоқ;
- Цифр, бос орын және арнайы символдар, тек нүкте, леп белгісі, апостроф, тік жақша және ASCII 0 - 31 кодты басқарушы символдар қолданылмайды;
- Өріс атауы бос орыннан басталмау керек;
- Бір кестедегі екі өріс бір атаудан аталмайды.

Деректер типтері Өріс атауы кестелер деректеріне сілтеме жасау үшін қолданылады. Сақталатын деректердің типін айқындауға деректер типі пайдаланылады. Өрістің деректер типі Деректер типі /Тип данных/ бағанына енгізіледі.
Деректер типі: мәтіндік, сандық, ақшалай, санауыш, күндер/уақыттар, логикалық, МЕМО өрісі, OLE өрісі, гиперсілтеме, ауыстырулар шебері.
Мәтіндік. Өріс ені мәтіндік түрінде ені 50 - ге тең, ал сандық 1 - 255 - ке дейінге санды беруге болады.
Сандық. Сандық типтең деректерін енгізгенде деректерді автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Егер деректер мәтіндік немесе арнайы символдардан тұрса, қате деректер енгізілмейді. Сандық өрістерде математикалық операциялар орындалуы мүмкін.
Логикалық. Логикалық өріс екі мәннің бірін қабылдайды: Ақиқат/Жалған, Иә/Жоқ немесе Қосу/Жою. Мұнда Ақиқат, Ия, Қосу – True, Жалған, Жоқ, Жою – False логикалық мәніне эквивалентті.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 582
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу
Электрондық кестелердің негізгі ұғымдары. Деректерді енгізу, редакциялау және пішімдеу
Электрондық кесте MS Excel - де деректер базасын құру. Оқушыларды мәліметтер қоры түсінігі, ақпаратты кестелік түрде өрнектеу жолдарымен және алаң түсінігімен таныстыру.
Мәліметтер қорын ұйымдастыру. Көрсеткіш мәндерін есептеу.
Мәліметтер қорын ұйымдастыру. Көрсеткіш мәндерін есептеу.
Мәліметтер қорындағы есептелетін көрсеткіштер есептеулерді толықтыру үшін қолданылады. Барлық есептеулер өрнектерге негізделіп құрылады.
Мәліметтер қорын тұрғызу принциптері. МҚ кестесін құру. МҚ  кестесі параметрлерін орнату.
Мәліметтер қорын тұрғызу принциптері. МҚ кестесін құру. МҚ кестесі параметрлерін орнату.
Тақырып: Мәліметтер қорын тұрғызу принциптері. МҚ кестесін құру. МҚ кестесі параметрлерін орнату
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Microsoft Word мәтіндік процессоры (саяхат сабағы)
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
MS Access бағдарламасында мәліметтер қорын құру және өңдеуд
MS Access бағдарламасында мәліметтер қорын құру және өңдеуд
Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі Пән: Информатика (Есептеу техникасы мамандығының арнаулы пән оқытушысы) Ермагамбетова Акгуль Абылжановна
Microsoft аccess программасы
Microsoft аccess программасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті № 266 мектеп-лицейдің 10 "Г" класс оқушысы Нұрман Лаура
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×