Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатикадан сабақ топтамасы

05 сәуір 2014, Сенбі
Категориясы: Информатика
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Алгоритмнің түрлерін программалау әдістері
2. MS Word мәтіндік редакторында қайталау сабағы (7 сынып)
3. Информатиктер сайысы
4. Электрондық кестелер (8 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Электрондық кестелер (8 cынып)
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Microsoft Excel - кестелік процессорын іске қосу, терезе элементтері, мүмкіндіктері, бағанның енін және жолдын биіктігін өзгерту, бағанның енін және жолдың биіктігін өзгерту туралы білімдерін қалыптастыру. құжатты сақтау және ашу жолдарын түсіндіру
Дамытушылық: оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру және тез жылдам ойлауға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дамытушылық
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер құрылғылары, электронды оқулық, интерактивті тақта Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын тілі
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұраймын:
Өткен сабақты қайталау: (ауызша);
1. Adobe Photoshop не үшін арналған? (Расторлық графика құру үшін және өңдеуге арналған). 2. Пиксель дегеніміз не? ( монитор экранындағы кескіннің минимал элементі, әлбетте ол квадрат пішінді) 3. Жалпы компьютерлік кескіндік ақпараттың негізгі неше түрі бар және атаңыз? (екі түрі бар. Біріншісі растрлық және екіншісі векторлық).
Растрлық кескін дегеніміз не? (үлкейткенде әрбір нүктенің өлшемі үлкейіп, сатылы эффект пайда болады, оны оптикалық құралсыз көзбен де көруге болады. Растрлық бейнені кодтау 0 және 1 сандарымен орындалады.)
4. Векторлық кескін – бұл: ( нүктелер; сызықтар; шеңберлер; төртбұрыштар және басқа геометриялық примитивтерді пайдаланып, компьютерлік графикада кескінді өрнектеу.)
Практикалық жұмыс:
Adobe Photoshop бағдарламасымен жұмыс жасау «суреттен сөз қиып алу.»

ІІІ. Топтастыру: (Психогеометриялық сараптама) (Оқушыларды таңдаған фигуралары бойынша топтастырып, өздерінің алған фигуралары бойынша мінездеме беру).
Квадрат. Еңбекқорлық, бір бастаған ісін соңына дейін жеткізу. Оның негізгі қасиеттері: шыдамдылық, байыптылық, ол әрбір нәрсе өз орнында болғанын, қатаң тәртіпті қалайды. Өмірде кездесетін өзгерістерді сүймейді, ол үшін барлығы жоспарланған күйде жүзеге асуы тиіс.
Үшбұрыш. Бұл лидерліктің белгісі. Ол алдына нақты мақсат қойып, соған барлық қабілетін шоғырландырады. Ол өзінің және қарамағындағылардың жұмысын басшылыққа көрсете біледі. Үшбұрыштың ең басты қасиеті өзіне сенімділік. Ол әрдайым жоғары жетістікке жетуді көздейді.
Шеңбер. Барлық фигуралардың ішінде ең жақсы қарым қатынасқа түсуші және тыңдаушы. Оған тән қасиеттердің бірі жоғары эмпатиясының дамығандығы мен сезімталдық. Шеңбер тума психолог, адамның жан дүниесін жақсы таниды, басқалардың қуанышы мен қайғысы өзінің басынан кешкендей сезінеді. Сондықтан айналасындағылар шеңберге жақын тартылады.

ІV. Жаңа сабақты баяндау: (Топтық жұмыс).
Топты бағалау «екі жұлдыз, бір ұсыныс», (екі топ бір - бірін бағалайды)
Квадрат. Microsoft Excel - ге кіріспе. Тарихи шолу.
Үшбұрыш. Microsoft Excel - мен таныстыру.
Шеңбер. Microsoft Excel - мен MS Word - тың ұқсастықтарымен айырмашылықтары. (Венн диаграммасымен)

Тарихи шолу: Microsoft Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office - тің құрамына кіретін программа MS Excel - сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office – тің құрамына кіретін программа. MS Excel - дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады. Есептеу кезінде 400 - ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.
1985 жылдың мамыр айында Мicrosoft компаниясы өздерінің электрондық есептеулерге арналған кестелік бағдарламасы МICROSOFT ЕXCEL ойлап шығарды. Үш айдан соң - ақ бұл бағдарлама барлық есеп жүргізушілерге таным болып қолданысқа енді

Microsoft Excel - мен танысу. Microsoft Excel - ді іске қосу үшін келесі тізбектерді орындаймыз
1. Пуск - Программы - Microsoft Office - Microsoft Excel. Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Терезе мынадай бөліктерден тұрады.
1. Тақырып жолы.
2. Бас меню де, негізінен басқа да Microsoft Office программаларындағы бөлімдерден құрылған. Оның Word менюінен айырмашылығы Кесте орнына Мәлімет алмастырылған.
3. Стандартты аспаптар.
4. Пішімдеу панелі.
5. Жұмыс істеп тұрған ұяшықтыңаты
6. Формула жолы.
7. Жұмыс парағы8. бағандар аты Латынның А, В, С, D…F 26 әрпінен тұрады.
9. Жол нөмірі 65 536 жолдан тұрады
10. Таңбашалар немесе парақ
11. Айналдыру жолағы
12. Басқа параққа ауысу батырмасы.
13. Қалып - күй жолағы Пуск - Программы - Microsoft Office - Microsoft Word
Мәтіндік құжатты редакциялау дегеніміз не?
Өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету
Кесте дегеніміз не?
Бұл жолдар мен бағандарда реттеліп бірілген ақпаратMicrosoft
Word - та неше меңзер бар. 2 меңзер бар.
Кірістіру нүктесі, І меңзеріMicrosoft
Word - та неше туралау бар?
4 туралау бар.
1. сол жақ шеті бойынша 2. ортасы бойынша
3. оң жақ шеті бойынша 4. оң және сол жақ шеттері бойынша

Мәтінді форматтау дегеніміз не? Мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою Мәтіндік процессордың жұмысын дұрыс аяқтау үшін қандай әдістер қолдануға болады?
1. Файл - Шығу.
2. Alt+F4
3. X батырмасы арқылы
V. Ақпараттық диктант. (Жеке жұмыс)
Аталған фигура және процедураларды программалау тіліне аударып (ағылшын тілінде), сауатты жазыңдар.
1. Түс, 2. Боялған нүкте, 3. Түзу (сызық), 4. Тіктөртбұрыш, 5. Іші боялған тіктөртбұрыш, 6.Шеңбер, 7. Окно, 8. Эллипс, 9. Доға, 10 Файл, 11. Правка, 12. Изображение, 13. Фильтр.
Дұрыс жауаптары:
1. Color
2. PutPixel
3. Line
4. Rectangle
5. Bar
6. Circle
7. Window
8. Ellipse
9Arc
10. File
11. Edit
12. Image
13. Filter

VI. Бекіту: «Кім тапқыр»- ойыны.
1. Электрондық кесте дегеніміз не? Кестенің компьютерлік бейнесі (ЭК).
2. Microsoft Excel - дің пайда болу кезеңі? 1985жылдан бері қолдануда.
3. Бірнеше жолдардан тұратын кестені... Тіктөртбұрышты кесте.
4. Көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі... Баған.
5. Ұяшық дегеніміз не? Дерек сақталатын орын.
6. Көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.... жол.
7. Кесте тек бір ғана жолдан болуы мүмкін бұл.... сызықтық.
VII. VIII. Үйге тапсырма беру: электрондық кестелер. (Оқуға).
Тест құрастырып келу. (20сұрақтан).
VIII. Оқушыларды бағалау. (Әр оқушы бағалау парағына өзі бағасын береді).
IХ. Кері байланыс. (Оқушылар сабаққа деген өз пікірлерін жазу)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 048
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Microsoft Word - ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру
Microsoft Word - ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру
Алматы обысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Бимағанбетова Шарапат
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
MS Word мәтіндік редакторында жұмыс істеу
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Нұрлыкент ауылы, №5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Абдуллаева Феруза
Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel – де деректермен жұмыс істеу
Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel – де деректермен жұмыс істеу
Қарағанды қаласы,Қазыбек би ауданы, №21 негізгі мектеп мұғалімі Нурмаганбетов Талгат Сабитович
Microsoft Excel кестелік процессоры.  Негізгі түсініктері мен амалдар. Excel - де деректермен жұмыс істеу
Microsoft Excel кестелік процессоры. Негізгі түсініктері мен амалдар. Excel - де деректермен жұмыс істеу
Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе лицейі информатика пәні мұғалімі Елжанова Гүлназ Жексенбайқызы
Excel кестелік процессоры
Excel кестелік процессоры
Алматы облыс, Ақсу ауданы, Қапал ауылы Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Исаев Аблай Есетұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×