Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютер - әмбебап есептеуіш машина

13 сәуір 2014, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Компьютер - әмбебап есептеуіш машина. Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты: компьютер құрылғыларымен таныстыру
Білімділік: Оқушыларды ДК - мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ - нің мүмкіндіктерін көрсету. Компьютердің негізгі құрылғылары – процессормен, ЖЖҚ - мен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың тәрбиелікке, ұқыптылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт. тақта, слайд көрмесі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ой сананы арттыру,
Бүгінгі күн талабы.
Біле білсең бұл дәуір,
Информатика заманы

ІІ. Үй тапсырмасы. Ой шақыру - қызығушылықты ояту кезеңі
ІІІ. Жаңа білімді игеру
IV. Блинц - тренинг сұрақтары
V. Қорытынды. Суретке қарап ұқсастығын табыңыздар
VI. Миға шабуыл. Венгр жұмбағы
VІІ. Бекіту, бағалау
VIII. Үйге тапсырма беру. Қорыту

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. (Дода ойыны)

Ерте заманғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы есепшот болып табылады. Деректерге қарағанда оның жасы 2000 - 5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын қытайлықтар «суан - пан», жапондықтар «серобян» деп атаған.
1. Сұрақ: (10 ұпай) Бұл санау құралын гректер мен Батыс Еуропалықтар не деп атаған? Жауабы: Абак
Бірінші электронды есептеуіш машина 1946 жылы АҚШ - тың Пенсильван университетінде жасалды, құрастырушылар Дж. Моучли мен Дж. Эккерт болды
2. Сұрақ: (10 ұпай) Бұл алғашқы ЭЕМ қалай аталды? Жауабы: ENIAC
3. сұрақ (20 ұпай). Мына суретте қандай есептеуіш машинасы бейнеленген?
Жауабы «Марк - 1» электромеханикалық есептеуіш машина.
4. сұрақ ( 20 ұпай) 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдің идеясын дамытып, өзінің қандай есептеуіш машинасын құрастырды? Жауабы: Арифмометр
5. сұрақ. (30 ұпай) 1642 жылы дүние жүзінде бірінші рет механикалық машинасын кім құрастырды? Жауабы: француз математигі Блез Паскаль
6 сұрақ.(30 ұпай) Алғашқы автоматты есептеуіш техникасының авторы, ағылшын оқымыстысы компьютер атасы кім? Жауабы: Чарльз Бэббидж

ІІІ. Жаңа сабақ
Компьютер “сөзі” есептеуіш” дегенді білдіреді, яғни есептеуге арналған құрылғы. компьютер - деректерді бағдарламалап өңдеуге арналған электрондар құрылғы. Қазіргі компьютерлер тек есептеп қана қоймай, цифрлық емес (мәтіндер, дыбыстар, графика және т. б.) ақпаратты өңдейді, әр түрлі технологиялық процестерді, деректер базасын және басқаларды басқарады. Бұл типті компьютерлерді дүние жүзінде жүздеген өндірушілер шығарады. Олар өзара өнімділігімен, жадының сыйымдылығымен және бірқатар функционал мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. ДК - сі. Бірақ. ДК - лердің барлық типтерінің ақпарат өндеу және адаммен қарым - қатынас жасауының негізгі принциптері бірдей. Дербес компьютер өнеркәсіп бұйымы ретінде өзара жалғастырушы кабельдермен байланыстырылған бірнеше блоктардан тұрады.

Блоктардың номенклатурасы әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кез келген компьютер жұмыс істеуі үшін, үш блоктан тұратын жинақ керек. Басқа құрылғылардың барлығы қосымша деп аталады. Оларға принтер, дыбыс колонкалары, құлаққап, микрофон, модем, сканер, маус, трекбол, терте жатады. Компьютердің аталған негізгі жинағының басты элементі - жүйелік блок. ДК жүйелік блогы – компьютердің негізгі тораптары орналасқан тік төртбұрышты қорапша, онда: микропроцессоры мен жедел жады және т. б. аналық тақша, адаптерлер, қоректендіру блогы, иілгіш және қатқыл дискідегі жинақтауыштар, контролер ажыратпалар орналастырылған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
11 783
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. ИНФОРМАТИКА 5 - сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. ИНФОРМАТИКА 5 - сынып
Техника қауіпсіздік ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру.
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Есептеуіш техникасының даму тарихы
Оқушыларды ЕТ - ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру, ЭЕМ - нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру; Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Компьютер - әмбебап есептеуіш машина
Компьютер - әмбебап есептеуіш машина
Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе.
Компьютер құрылымы
Компьютер құрылымы
Компьютер құрылғыларымен танысады, алған білімдерін тапсырма орындау барысында қолданады. Шығармашылық қасиеттерін арттырады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым болады.
Компьютердің негізгі және ішкі құрылғылары
Компьютердің негізгі және ішкі құрылғылары
Информатика пәні мұғалімі Ташходжаев Султанмурат Акмалович
Информатикадан сабақ топтамасы
Информатикадан сабақ топтамасы
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Мамай батыр ауылы, «М.Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ Информатика пәні мұғалімі Садвакасова Зульфия Мадениетовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×