Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім жұлдызы

24 сәуір 2014, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Интеллектуалды ойын
Мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру, сөйлеу шеберлігін, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.
Түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар
Барысы:.
1. І - кезең «Білімділер» сайысы
2. ІІ кезең «Ойлан да, тап» сайысы
3. ІІІ кезең. «Ғажайып алаң»
4. ІV кезең «Көрермендер демеуші»
6. VІ кезең «Кім жылдам»
(Қатысатын оқушы 6, әр кезеңнен 1 оқушыдан шығарылып отырады)
1 – жүргізуші:
1 - ші кезеңі «Білімділер» сайысын бастаймыз. Бұл кезеңде жарыс сұрақтары қойылып, жоғары бал алған оқушылар ІІ - кезеңге қабылданады.
І - кезең «Білімділер» сайысы
1. Алғашқы есептеу құрылғысы (саусақтар)
2. Қазіргі ғалымдар немен есептейді? (компьютер)
3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
4. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы (модем)
5. Пернетақта дегеніміз не? (компьютердің енгізу құрылғысы)
6. Компьютердің атасы кім? (Ч. Бэббидж)
7. Баспаға шығару құрылғысын не деп атайды? (принтер)
8. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата (процессор, монитор, пернетақта)
9. Бір символдың орнын көрсетіп тұратын тік төртбұрышты бейне (курсор)
10. XVII ғасыр адамы немен есептеді? (есепшотпен)

Компьютер – болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып, ХХІ ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды, - дей келе ендігі кезек іріктеу кезеңінен өзінің білімділігімен, алғырлығымен, тапқырлығымен танылған оқушылардың алған балдарына қарай бір оқушы ойыннан шығарылады.
(Әрі қарай 5 оқушы ойынды жалғастырады.)
І жүргізуші:
ІІ кезең «Ойлан да, тап» сайысы
ІІ сайысымыздың кезегі бойынша «Жұмбақтар әлемі»
Бұл кезеңде 5 оқушыға бірдей тапсырма беріледі, қай оқушы бірінші жауап береді сол оқушыға ұпай саны қосылады.

1. Көзіменен көрсетеді,
Сөйлемей – ақ айтар бәрін,
Алдына оның келсе теңі ( монитор)

2. Білмейсің өлі, тірісін,
Қолыңа алсаң әпсәтте,
Бітер жылдам бар ісің. ( тышқан)

3. Бар нәрсеге жетік
Миы күшті тетік
Ол арқылы сөйлесіп
Кетесің шетелге де өтіп (компьютер)

4. Әдетте үнсіз тұрамын
Белгі берсең ұғамын
Жазуы бар қағаздың
Құралы боп шығамын (принтер )

5. Компьютердің айнасы
Бағдарыңды таңдашы
Сурет, сөзін көрсетіп
Тиер саған пайдасы (монитор )

І жүргізуші:
ІІІ кезең. «Ғажайып алаң»
Бұл сайыста әр оқушы өзінің қалаған сұрақты таңдай алады. Мұндағы берілген сұрақтар тек пернетақтаға байланысты берілген.

20 20 20
30 30 30
40 40 40
20 (сол жақта) – Үлкен әріппен жазуға болатын перне (Caps Lock)
20 (ортада) – Функционалдық пернелер саны нешеу (12)
20 (оң жақта) – Курсорды сөздің немесе сөйлемнің басына әкелетін перне (Home )
30 (сол жақта) – Келесі қатарға көшіруге мүмкіндік жасайтын перне – (Enter )
30 (ортада) – Бағдарламаны тоқтатады немесе бастапқы қалыпқа келтіретін перне (ESC)
30 (оң жақта) – мәліметті солға қарай өшіретін перне (Backspace)
40 (сол жақта) – мәліметті оңға өшіретін перне (delete)
40 ортада) – Бұл пернені баспасақ санды тере алмаймыз? (NumLock)
40 (оң жақта) – Латынның «information» сөзі нені білдіреді? (баяндау, түсіндіру, мәлімет беру)
Сайысымыздың ІІІ туры бойынша балы жоғары оқушылар сайысымыздың келесі турына өтеді де балы төмен оқушымызға рахмет айтамыз
(Әрі қарай 3 оқушы ойынды жалғастырады.)
І жүргізуші:
Кезек келді көрерменді тергеуге,
Жауап беру қиын емес білгенге.
Ойыншының ұпай санын көбейтер,
Бар ма залда демеуші боп келгендер
Сайысымыздың соңғы туры «Кім жылдам» сайысымызбен жалғастырамыз.
V кезең «Кім жылдам?»
Бұл сайысымыздың шарты бойынша соңғы қалған екі сайыскерімізге екі сөз беріледі.
1. информатикадан
2. ақпараттанған
VІ кезең: Көрермендер демеушілігі. Ұтқан ұпай сандарын өзі таңдаған оқушыға береді. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.
1. Компьютер атасы кім? (Чарлз Бэббидж)
2. 1642 жылы дүние жүзiнде бiрiншi рет қосу машинасын құрастырған қай елдiң ғалымы, ол кiм, сол кезде неше жаста болды?
Француз матиматигi Блез Паскаль он тоғыз жасында
3. Қазiргi кезде әр оқушының қолындағы калькулятордың негiзiн салғандар кiм, қай елдiң өнертапқыштары?
Орыс өнертапқыштары П. Л. Чебышев пен В. Т. Однер
4. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)
І жүргізуші:
Осы сөзге байланысты кім жылдамдатып неше сөз құрастырып берген оқушы «Білім жұлдызы» атанады.
Сонымен бүгін біз информатика пәні бойынша «Білім жұлдызы» сайысын өткізіп, ең жақсы ойын көрсеткен оқушы «Білім жұлдызы» атанады.
Сайыс қорытындысын жасауға сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
Сондай - ақ ойынды жақсылап бағалап отырған әділқазылар алқасына, қатысып отырған қонақтарымызға рахметімізді айтамыз.
3 552
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жас информатик
Жас информатик
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарабұлақ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Коныспаева Салтанат Коныспайқызы
Информатика мұхитына саяхат
Информатика мұхитына саяхат
СҚО, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбаев атындағы Жаңажол орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Каирова Айдана Арманқызы
ХХІ  ғасыр – ақпараттандыру ғасыры
ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі Төлеуова Сәнімкүл Шалабайқызы
Керемет жетілік
Керемет жетілік
Қызылорда қаласы, №172 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ниязова Куралай
Информатика кеше, бүгін, ертең
Информатика кеше, бүгін, ертең
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Сегізбай ауылы, Тасбұлақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Кожагулов Ерлан Жұматайұлы
Тапқыр достар
Тапқыр достар
информатика пәніне қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру, сөйлеу шеберлігін, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×