Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


PAINT графикалық редакторын қорытындылау

04 қараша 2014, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: PAINT графикалық редакторын қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Білім алушылардың PAINT графикалық редакторында жұмыс жасау қабілеттерін айқындау, редактордың мүмкіндіктері жөнінде алған білімдерін жинақтау.
Тәрбиелік мақсаты: Білім алушылардың өткен сабақтан алған білімдерін тиянақтай отырып, әсемдікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Білім алушыларды осы редакторды толық меңгеруіне көмек бере отырып, сабақ үстінде жылдам, әрі тиянақты жұмыс істеу, логикалық ой - өрісін және танымдық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: дербес компьютер, проектор, слайд, карточка, тест.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Блиц сұрақтар
3. Сәйкестендір
4. Қалыспай қайтала
5. Ақпараттық диктант
6. Жұмбақталған сурет
7. Тест
8. Үйге тапсырма: Эссе «Қиялдағы бояулар»
9. Қорытындылау
10. Бағалау.
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа әзірлігін тексеру.
2. Блиц сұрақтар: Өткен материалдарға қатысты слайд арқылы сұрақтар қойылды. (жауаптары тыңдалды және слайдтан дұрыс жауап көрсетіледі)

Қойылатын сұрақтар:
1. PAINT графикалық редакторы деген не?
2. PAINT графикалық редакторының іске қосу әрекетінің тізбегін ата.
3. PAINT графикалық редакторының терезесінің элементтерін көрсет.
4. Палитраның міндеті қандай?
5. Қандай түстер үнсіз келісім бойынша орнатылады?
6. Кескін түсін қалай таңдауға болады?
7. Фон түсін қалай таңдауға болады?
8. Сурет салу кезеңдерін ата?
9. PAINT графикалық редакторында қанша құралдар бар?
10. Мысық сұрақ қояды
• Мысық қатарынан бірнеше күн PAINT графикалық редакторында сурет салды. Ол оны Күшіктің туған күніне сыйламақшы еді. Сурет дайын болар кезде, Мысықтың бояуы төгіліп, бүкіл суретін жауып кетті, Басқа сурет салуға Мысықтың уақыты жоқ. Ол қатты ренжіді. Оған қалай көмектесеміз?
• Соңғы әрекетті қалай қайтарамыз?
• Кеңес бергендеріңе Мысық өте риза болды. Оның қуанғаны соңғы, бір рет орындаудың орнына үш рет орындап, суреттің ең маңызды бөліктерін жоғалтып алды. Ол тағы жылап отыр. Сенің көмегіңді күтеді.

3. Сәйкестендір
(құралдар тақтасындағы құралдардың суреті мен аты реті өзгеріп беріледі, оқушы тілше арқылы дұрыс жауабын белгілейді)

4.Қалыспай қайтала Практикалық тапсырма.
(экранда слайд арқылы екі сурет салынады, оқушылар қалыспай қайталап отыру керек)
5.Ақпараттық диктант
• Компьютерлік өшіргіш (ластик)
• Экранды бірден тазарту іс - әрекеті (Рисунок - Очистить)
• Экранда жоқ саймандар тақтасын орнату іс - әрекеті (Вид - Панель инструментов)
• Түстер гаммасы (палитра)
• Windows ОЖ ойлап тапқан фирманың аты? (Microsoft)
6.Жұмбақталған сурет (жұмбақтың жауабын тауып, суретін салады)
1) Ұйықтайды ұлы түнде, күндіз қызы,
Жүргенде білінбейді басқан ізі (Күн мен ай)
2) Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды (балық)
3) Қанаты жоқ, жаны бар
Гүл іздеп сабылар (Көбелек)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 342
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс жасау
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Информатикадан қысқа мерзімді жоспалар
Графикалық редактормен жұмыс істеуге үйрету. Оқушылардың сызықтардың түсін, қалыңдығын өзгертуді үйрену.
Paint графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау
Paint графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау
Paint графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау Стандартты Paint редакторымен танысу
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс істеу
Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторы
Сабақтың тақырыбы: «Paint» графикалық редакторы жазуды қою
Paint графикалық редакторы
Paint графикалық редакторы
Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ермекова Айгерім Мұханбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×