Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр информатик

10 желтоқсан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Информатика
«Тапқыр информатиктер» сайысы

Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың осы сәтке дейін алған білімдерін тиянақтап, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды белсенділікке, достарының жауабын тыңдауға, сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу.

Тынышталып, тыңдаңыздар!
Назар салып, қараңыздар.
6 - шы сынып бастамақшы,
Жас білгірлер сайысын.
Көргендер де армандар,
Көрмегенде армандар,
Босқа қарап жүргенше,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
Құрметті, оқушылар! «Тапқыр информатиктер» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Компьютер – сенің көмекшің,
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабардың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманның! – дей отырып, сайыс шартымен таныстырайық.
«Тапқыр информатиктер» сайысына 6 - шы сыныптан екі оқушыдан құралған 5 топ қатыса алады. Топтың аты болуы керек және өздерін 1шумақ өлең жолдарымен таныстыра алады. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзіндік сұрақ - тапсырмалары бар.
«Таныстыру» кезеңі. Әр топ өзінің 1 шумақ өлеңмен атын таныстырады. Топтың атын информатика пәнінің мұғалімімен бірлесе отырып таңдайды. Таныстыруға да ұпай беріледі. Ең жақсы таныстыру – 10 ұпай, төмен – 5 ұпай.
«Бәйге» сұрақ – жауап кезеңі. Сұрақтарға толықтай жауап берілсе – 10 ұпай, жартылай болса – 5 ұпай. Дұрыс болмаса – 0 ұпай.
«Құрал - жабдықтар»кезеңі. Құрал - жабдықтар суреті салынған карточкаларды таңдап алу арқылы оның не қызмет атқаратынын айта келіп, қосымша сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап – 10 ұпай, жартылай – 5, дұрыс болмаса – 0.
«Ауыстырмақ» кезеңі. Әріптері орын ауыстырылып қойылған информатика терминдері беріледі. Сол терминдерді дұрыс тапқан топ 10 ұпайға ие болады. Дұрыс жауап – 10 ұпай, жартылай – 5, дұрыс болмаса – 0.

«Сиқырлы тізбек» кезеңі. Бұл кезеңде ақпарат өлшемдері әр топқа фигура түрінде беріледі. Сол фигураларды рет - ретімен қай топ дұрыс қойып шығуы тиіс. Дұрыс жауап – 10 ұпай, жартылай – 5, дұрыс болмаса – 0.
«Жеті жұмбақ» кезеңі. Бұл кезеңде аты айтып тұрғандай пәнге байланысты жеті жұмбақ беріледі. Карточка таңдау арқылы алынған сұраққа жауап беріледі. Дұрыс жауап бере алмаса жұмбаққа келесі топ жауап беруге мүмкіндік бар. Дұрыс жауап – 10 ұпай, дұрыс болмаса – 0.

1. «Таныстыру» - әр топ өздерін таныстырады.
2. «Бәйге» - өз таңдауы бойынша берілген он сұраққа жауап беру;
3. «Құрал - жабдықтар» - карточка астынан жасырынған құрал - жабдық атауын алып, оның атын, атқаратын қызметін айту.
4. «Ауыстырмақ» - тақтайшаларда теріс орналастырылған сөздердің атауын дұрыс жазу.
5. «Сиқырлы тізбек» - ретсіз берілген информатикалық өлшем бірліктерді өсу ретімен орналастыру.
6. «Жұмбақтар әлемі» - өз таңдауы бойынша берілген он жұмбақты шешу.

♦ «Бәйге» кезеңі
1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
2. Компьютерге ақпарат енгізетін негізгі құрал (пернетақта)
3. 1 байтта қанша бит бар? (8 бит)
4. Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)
5. Компьютерде жұмыс жасаған кезде адам қанша арақашықтықта отыруы тиіс? (60 - 70 см)
6. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата
(Жүйелік блок, монитор, пернетақта, тінтуір)
7. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата
(принтер, сканер, модем, дыбыстық колнка)
8. Компакт дискті оқу құрылғысы (дискжетек немесе дисковод)
9. Дүниежүзілік компьютер желісі (ғаламтор)
10. Компьютердің «ауруы» (вирус)

♦ «Құрал - жабдықтар» кезеңі
1. Жүйелік блок (процессор) мәлімет сақтайды
2. Принтер (шығару құрылғысы) мәлімет сақтамайды
3. Компакт диск (сақтау құрылғысы) мәлімет сақтайды
4. Пернетақта (жазу, енгізу құрылғысы) мәлімет сақтамайды
5. Монитор (бейнені көрсету құрылғысы) мәлімет сақтамайды
6. Тышқан (енгізу, жұмыс атқару құрылғысы) мәлімет сақтамайды
7. Дыбыстық колонка (дыбыс шығару құрылғысы) мәлімет сақтамайды
8. Құлаққап (дыбыс енгізу, тыңдау құрылғысы) мәлімет сақтамайды
9. Флешка (тасымалдау құрылғысы) мәлімет сақтайды
10. Сканер (енгізу құрылғысы) мәлімет сақтамайды

♦ «Ауыстырмақ» кезеңі

♦ «Сиқырлы тізбек» кезеңі
Мбайт Кбайт Бит Гбайт Байт
Дұрыс жауабы: 1) Бит. 2) Байт. 3) Кбайт. 4) Мбайт. 5) Гбайт.

«Жұмбақтар әлемі» кезеңі
1. Өзім шап - шақ денесі бар бір затпын,
Сан жетпейді есебіне мен арқылы алып жүрер құжаттың. (флешка)
2. Адамзаттың үлкен жетістігімін,
Пайдасы көп менің жетістігімнің.
Жер шарының барлық түкпірлерінен,
Жеткіземін көп хабардың түрлерін. (ғаламтор)
3. Осынау күнде компьютер менің тұрағым,
Үйімді мен «жаудан» қорғап тұрамын. (антивирус)
4. Ақпаратты қағаздан мен аламын,
Компьютерде сол қалпында саламын. (сканер)
5. Бір бассаң саламын мен әріптерді үлкейтіп,
Тағы бассаң әріптерім жазылады кішірейіп. (Caps Lock батырмасы)
6. Еселе десең еселеп, қи десең қиып аламын,
Қой десең қоя аламын, Word - та мен жазуды
Үздіксіз атқарамын. (алмасу буфері)
7. Компьютерде қолғабыс, жасаймын мен әрқашан,
Сиқырлы кілем мініп ап, көп іс келер қолымнан. (тінтуір)
8. Бұйрықты мен компьютерден аламын,
Сурет сөзді қағаз бетіне саламын.
9. Мен дөңгелек бір затпын ішім жылтыр,
Көптеген бейнелерді ішімнен көр.
10. Компьютерде болып жатқан «сыбысты»,
Мен өзімнен шығарамын дыбыс қып! (дыбыстық колонка)

Сайысты қорытындылау.
Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау.
2 821
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Информатикадан сайыс
Информатикадан сайыс
Информатикадан сайыс 5-6 сыныптар
Балдәурен информатиктер
Балдәурен информатиктер
Кызылорда қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектеп мұғалімі Баян Баймишева
Тапқыр достар!
Тапқыр достар!
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
Ғажайып қоржын
Ғажайып қоржын
Ақмола білім басқармасы АОБҚБА және ҚДИ тыңдаушылар курсының біліктілігін көтеруге арналған физика пәні мұғалімдерінің облыстық семинары. физика - математика мұғалімі Наушек Г.
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×