Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)

11 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 6 сынып

Тақырып: Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)
Мақсат: Алгоритм тақырыбы бойынша оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір алгоритмдерге мысалдарды келтіруге үйрету
Білімділік – оқушыларды алгоритмнің типтері туралы тексеру
Дамытушылық – Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік – оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ типі: қорытынды сабақ.
Құрал - жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер.
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушылардың құрал - жабдығын тексеру.
3. Оқушыларды топқа бөліп, назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы - алгоритмнің 4 тәсілі берілген есептерін тексеру
1. Сұрақ - жауап
Сыныпты екі топқа бөлеміз бірінші топ "Программисттер" ал екінші топ "Хакерлер"
Әр оқушы бір сұрақ таңдап жауап береді.
Топ басшысы бағалау парағын толтырып отырады.
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. «Алгоритм» термині қай ғалымның есімімен байланысты? Қай ғасырда пайда болған?
3. Алгоритмге мысал келтір
4. Алгоритмнің атқарушылары
5. Алгоритмнің неше қасиеті бар, ата.
6. Алгоритмнің дәл, айқындылық қасиетін қалай түсіндіресің?

2. Мына фигуралар қандай жұмыс атқарады:
Қандай қызмет атқарады?
-------------
3. Алгоритм қандай түрде берілген?
1. Гүлге су құятын ыдысты аламын.
2. Ыдысқа су құямын.
3. Гүлдің жанына барамын.
4. Гүлге суды құямын.
5. Су құйып болдым.
6. Ыдысты орнына апарып қоямын.

Алгоритм қандай түрде берілген?
Алг. үй тапсырмасын орындау
басы
күнделікті алу, тиісті бетін ашу,
үй тапсырмасын анықтау
үй тапсырмасын орындау
күнделікті орнына қою
соңы

4. Тапсырмаларды орында:

Тапсырма №1..
Бес сан берілген: a, b, c, d, f. Осы сандардың қосындысын, көбейтіндісін және орташа мәнін есептейтін алгоритм блок - схемасын құр. Сызықтық алгоритм.
Тапсырма №2.
Бағдаршам алгоритміне блок - схема құр. Тармақталу алгоритмін пайдаланыңдар.
Тапсырма №3.
Бес сан берілген: a = 3, b = - 4, c = - 19
Осы сандарды енгізу және шығару алгоритмін құр. Циклдік алгоритмін пайдаланыңдар.

5. Сөз жұмбақты орында

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 359
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алгоритм түрлері
Алгоритм түрлері
Алгоритм – қажетті нәтижеге жеткенге дейін орындалуы тиіс әрекеттер тізбегі.
Алгоритм типтері
Алгоритм типтері
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс - әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету. Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Жуалы ауданы, Ертай ауылы, №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің информатика мұғалімі Қиясова Гүлнұр Жаңбырбайқызы
Циклдік алгоритм
Циклдік алгоритм
Балқаш қаласы. информатика пәні мұғалімі Тогжанка Дауреновна
Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×