Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Циклдік алгоритм

20 желтоқсан 2014, Сенбі
Категориясы: Информатика
6 сынып
Циклдік алгоритм
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанатын болса, онда циклдік алгоритмдерді қолданып, есептерді шешу керектігін оқушыларға түсіндіру.
Дамытушылық: Циклдік алгоритмдерді құру кезінде есепті жүйелеу арқылы шешіп, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Циклдік алгоритмдерді өмірмен байланыстыру арқылы оқушыларды циклдің мәнін ұғуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
I. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Алгоритм дегеніміз не?
А) іс - әрекеттің ретсіз орындалуы
В) іс - әрекеттің рет - ретімен орындалуы
С) тармақталу алгоритмі
D) қандай да бір іс - әрекеттің орындалуы
2. Алгоритмнің түрлері?
А) сызықтық, циклдік
В) тармақталу, сызықтық, негізгі
С) сызықтық, тармақталу, циклдің
D) негізгі, қосымша
3. Алгоритм ұғымын енгізген ғалым
А) Мухаммед Әл - Хорезми
В) Билл Гейтс
С) Лейбнец
D) Робертсон
4. Aлгоритмнің қасиеттері.
А) түсінікті, толық
В) негізгі, қосымша
С) қарапайым, күрделі
D) айқындылық, үзіктілік, нәтижелік, жалпылық, формалдылық
5. Тармақталу алгоритмінің негізгі түйінді сөздері
А) басы, соңы
В) алг, арг
С) егер, онда, әйтпесе, бітті
D) енгізу, шығару

III. Жаңа тақырып
Есептерді шығару кезінде әрекеттерді анықтайтын параметрлердің әртүрлі мәндерінде бір типті әрекеттерді бірнеше рет қайталау қажеттілігі туындайды.
Осындай әрекеттерді жүзеге асыратын алгоритмдер циклдер деп аталады.
Қоржынға салынған асықтардың ішінде жалғыз қызыл асық бар, сол қызыл асықты табудың алгоритмін құрыңдар.
Мысалы, ол мына түрде болуы мүмкін: қоржынға қолды саламыз, ілінген асықты аламыз. Қызыл асық па? Иә, қызыл асық табылды. Жоқ, қайта қоржынға қолды саламыз, асықтарды біртіндеп алып қараймыз және т. с. с.
Қызыл асық табылғанша берілген мысалдығы осы іс - әрекет қайталана береді. Бұндай алгоритмдерді циклдік алгоритм дейміз.
Алгоритмнің бірнеше рет қайталануын циклдік алгоритм деп атайды. Блок – сызбада алгоритмнің шарты алтыбұршты фигураға жазылады.

25 сурет. Асықты іздеу алгоритмі
IV. Практикалық жұмыс. Оқулықтың 70 бетіндегі 4 - 6 тапсырмаларды орындау.
V. Сабақты бекіту.
- Қандай алгоритмдерді циклдік деп атаймыз?
- Блок – сызбада алгоритмнің шарты... фигураға жазылады.
- Шарттың циклдің басында тексерілуі мүмкін және соңында тексерілуі мүмкін, екеуінің айырмашылығы неде?
VI. Үйге тапсырма: Ережелерді жаттап келу. Сызықтық, тармақталған, циклдік алгоритмдерге ойдан есеп құрастырып алгоритмін және блок - схемасын құрастыру.
VII. Бағалау. Үй жұмысы және сынып жұмысы бойынша бағалау.
12 749
0
  • 40
3 дауыс


Жаңалықтар
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау кезеңіне түсінік беру, сызықтық алгоритмдерді программалауды практикада қолдана білуге үйрету, оқушылардың практикалық және логикалық дағдыларын қалыптастыру, компьютерде жұмыс істей білуін тереңдету, ой - өрісін
Алгоритм типтері
Алгоритм типтері
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) тақырыбын түсіндіре отырып, оқушыларды күнделікті өмірдегі әрбір іс - әрекеттерінің алгоритімін құра білуге үйрету. Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,
Циклдік операторлар
Циклдік операторлар
Информатика пәні мұғалімі: Д.Исметова
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Жуалы ауданы, Ертай ауылы, №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің информатика мұғалімі Қиясова Гүлнұр Жаңбырбайқызы
Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)
Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)
«Зеленов аудандық білім беру бөлімнің Махамбет жалпы орта білім беретін мектебі» Информатика пәні мұғалімі: Н. Алишева
Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Алгоритм типтері (сызықты, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Садыбаева Назкен Жақсылыққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×