Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кестелерді пішімдеу

14 мам 2015, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Ш. Берсиев атындағы орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Әжмұханбетова Айгүл Бақытсиыққызы

Сабақтың тақырыбы: Кестелерді пішімдеу.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды үйрету.
Тәрбиелілік: Жеке жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылуға, өзінше ізденімпаздыққа, бағытталған тапсырмалар беру арқылы тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының үш деңгейлік тапсырмаларды біртіндеп орындауына жағдай жасау арқылы оның қабілетіне сәйкес жеке құзырлылығын дамыту.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, кеспе қағаздар, тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Қызығушылықты ояту «Кім жылдам?»(Үй тапсырмасын тексеру)
ІІІ. Мағнаны тану.
ІҮ. Сергіту сәті
Ү. Ой толғаныс.
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру. Оқушылар бағалау парағының түстері арқылы топқа бөлінеді. Білемін, Білгім келеді. Үйрендім (ББҰ) кесте таратылады.
ІІ. Қызығушылықты ояту «Кім жылдам?»(Үй тапсырмасын тексеру)
3 топқа жекелеген тапсырма беріледі.

І топ: Суретте берілген батырма қандай қызмет атқарады?. Дұрыс жауапты дөңгелектеңдер

Кестемен жұмыс
ІІ. Мағынаны тану.
Жетектеуші сұрақтар беру арқылы оқушылардың көмегімен жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
1. Құрылған кестені әрлеуге арналған тіркемелі парақ қалай аталады?
2. Конструктор парағындағы қаламұш батырмасы қандай қызмет атқарады деп ойлайсыңдар?
3. Кестенің түсін өзгертуге болама және қандай түстің түрлері бар, жұмыс барысында қолданып көрдіңдер ме?

Олай болса оқушылар сіздердің берген жауаптарыңа сәйкес бүгінгі біздің сабақтың тақырыбы «Кестелерді пішімдеу» деп аталады?

Жаңа тақырыпқа байланысты қосымша ақпарат.
Кестені әрлеу үшін жолақтың кестемен жұмыс істеуге арналған Конструктор тіркеме парағы қолданылады.
Әрлеуді таңдар алдында қоршау немесе құйып бояу амалдары орындалатын ұяшықтар тобын немесе кестені тұтастай ерекшелеп алу керек.
- Қаламұштың мәнерін таңдауға арналған батырманы. Төмен қарай ашылатын мәзірде әр түрлі сызықтар бар: жіңішке, жуан, қосарланған, пунктирлі, толқынды.
- Төменірек қаламұштың жуандығын таңдау батырмасы орналасқан. Жуандық пунктерімен көрсетіледі.
- Егер қажеттілік болса, қаламұштың түсін баптайды. Басқа түстер бұйрығын таңдағанда түсті баптаудың қосымша терезесі ашылады.
бөлігінде горизонтал сызықпен екі бөлікке бөлінген тікбұрыш орналасқан. Сендер таңдаған түс тікбұрыштың жоғарғы жартысында «Жаңа» деген атаумен көрсетіледі.

Кестелердің ерекшеленген ұяшықтарына жасалған өзгертулерді қолдану үшін Шекаралар батырмасы қолданылады. Бұл батырманың төмен қарай ашылатын мәзірі ұяшықтың әр түрлі қоршауларынан тұрады. Тек жоғарғы сызықты жүргізу, тек төменгі қоршауды өшіру, қоршауды тек ерекшеленген ұяшықтардың айналасында қосу немесе ішкі сызықтарды да бірге сызу

Практикалық жұмыс. Жұппен жұмыс. 3 топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі. Деңгейдің тапсырманың біреуін таңдап, тапсырманың орындалуын бағалау парағына түсіріп отырады.

Толық нұсқасын жүктеу
2 938
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру. Кестелерді жиектеу.
Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін қалыптастыру;
Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу
Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу
Оңтүстік Қазақстан, Сарыағаш қаласы. Информатика пәні мұғалімі Жорабеков Елшібек
Натрий және калий
Натрий және калий
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Нияз Улан Комшабайулы
Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу
Microsoft Word кесте құру. Кестелерді пішімдеу
Қаниева Айнұр Қылышбайқызы Шетпе лицейінің информатика пәні мұғалімі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы
WORD –тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру
WORD –тың графикалық мүмкіндіктері. Мәтіндік құжатқа графикалық бейне кірістіру
Қаниева Айнұр Қылышбайқызы Маңғыстау ауданы, Шетпе лицейінің информатика пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×