Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Blender (3D графикасымен) бағдарламасымен танысу

21 қараша 2015, Сенбі
Категориясы: Информатика
Сабақтың тақырыбы:
1. Blender (3D графикасымен) бағдарламасымен танысу. Программа интерфейсі, терезелер, объектілер
2. Blender - ортасы туралы түсінік. Blenderдегі текстура, материалдар, дәл өлшемдер бойынша объектілер құру
3. Blender бағдарламасында орын ауыстыру, айналдыру, масштабын өзгерту
4.


Сабақтың мақсаты: программа терезелерімен таныстыру.
Сабақтың міндеті:
а) білімділік: Blender программаның негізгі принциптерін, терезелер және объектілердің қасиеттерін меңгерту;
ә) дамытушылық: өмірден мысалдар келтіруді және программамен жұмыс жасауда компьютерді тиімді қолдануды үйрету, шығармашылық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
б) тәрбиелік: оқушының шығармашылық білігін, танымдық қабілетін, өзі тұжырым жасауға және өзінің айтқанын дәлелдеуге тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың көрнекілігі:
ДК, интерактивті тақта, Blender программасы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) кабинетті және құрылғыларды сабаққа әзірлеу;
ә) оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;
б) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

II. Оқушыларды сабақ жоспарымен және мақсатымен таныстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Жалпы 3D анимацияның не екенін түсіну үшін көзіңіздің алдында тұрған барлық заттарды кеңістікке (декарттық X, Y, Z кеңістігі) жайғастырыңыз. Сонда әрбір заттың белгілі бір координатасы бар нүктелерден және түрлі өзінен кіші фигуралардан (сызық, эллипс, куб т. б) құралғанын байқаймыз. Міне 3D модельдеу және оны анимациялау негізінде осы принцип жатыр, яғни „аса күрделі заттарды қарапайым нүктелер не фигуралар көмегімен кеңістікте құрастыру„.
Құрастыру кезеңдері:
Blender бағдарламасы:
1. Тақырып жолы
2. Мәзір қатары
3. Құрал - саймандар қатары
4. 3д көрініс терезесі
5. Таим лаин терезесі
6. Қасиеттер терезесі

Құрастру кезеңдері:
1. Моделлинг
2. Текстуринг
3. Риггинг
4. Анимациялау
5. Рендеринг

1) Моделлинг – бұл ең алғашқы этап және ең негізгі деп айтсақ та болады, себебі мұнда бүкіл фигуралар детальизация жасалады. Қоршаған орта, жер бедері, кейіпкерлер болса солардың бейнесі барлығы осында жасалады. Бұл этапта дайын болған фигуралар „3 қатпарлы модель„ деп аталады. Бұл модельдің әлі түсі, жасайтын қимылдары жоқ. Барлық нәрселер сұр - ақшыл түсте. Модельдерді жасау үшін бізге 3D бағдарламалар кез - келген фигураны бір - біріне қосу, кесу, деформация жасау сынды кең ауқымды мүмкіндіктер береді. Оларды қолданып модель жасау тек жасаушының таланты мен тәжрибесіне және, әрине, оның фантазиясына тәуелді.
2) Текстуринг – бұл этапта 3D модельдер нормалдар картасына бөлініп, яғни барлық модельдің фигуралары жазықталып, керекті түстерге боялады. Бұл процессті мынадай көзге елестетсе болады: „кез - келген фигураның беткі бөлігін (терісін) сылып алып, оны жайып, керекті түске бояп, қайтадан фигураның бетіне жабыстыру„ сынды. Бұл этаптан өткен соң объектілерге шынайы (реалистичный) түр енеді, яғни олардың сыртқы көрінісі шын өмірдегіге қатты жақындайды. Оң жақтағы сурет осыған мысал.

3) Риггинг – бұл процессті былай сипаттаса болады „қимылдайтын фигуралардың сүйектерін жасау„. Яғни, бұл этапта барлық қимылдайтын фигураларға сүйектер енгізіледі. Бұл сүйектер фигураны қимылға келтіру үшін керек, яғни модельдің әрбір бөлігін белгілі бір сүйекке бағынышты етіп қойып, сол сүйекті қимылдатқанда сол сүйекке бағынышты бөлік қимылға келеді.

4) Анимациялау – бұл этапта барлық дайын модельдер қимылға келтіріліп, анимация жасалады. Жоғарыдағы риггингте жасаған сүйектеріміз осында кеңінен қолданылады.

5) Рендеринг – бұл этапты екі түрге бөлуге болады: 1) Сурет рендерлеу 2) Видео рендерлеу. Сурет рендерлеу бұл модельдерді текстуралап болған соң оны белгілі бір ракурстан (бір камерадан) суретке түсіру. Ал видео рендерлеуде модельдерді бірнеше, я одан да көп камералар көмегімен түлі ракурстан қимылдап жатқан кезінде бейне түсірілім жасау. Бұл соңғы этап компютерге аса үлкен ауырлықтар түсіреді, сондықтан ең ұзақ этап болып естептеледі. Егер рендеринг супер компютерлерде орындалмаса, бұл процесс ондаған жылдарға, тіпті ғасырларға созылуы мүмкін. Мысалға: «Шрек 3» мультфильмінің рендерингі 20 миллион сағатты алған. Ескеретін жайт: мұнда 1000 линуксте істейтін дербес компьютерлер және 3000 мың линукстегі серверлер күші қолданылған.
Сіздерге аздап болсын түсінікті болған шығар деген сенімдемін. Енді аздап 3D модельдеуге байланысты пайдалы ақпарат:

Қызылорда қаласы, №253 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Изтлеуова Гульмира Танатовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Паскаль тілінің параметрлі қайталану операторы (практикалық сабақ) жүктеу
9 239
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері
Windows терезелерімен, терезелерді көрсету нұсқаларымен және терезелерді басқару тәсілдерімен, терезелердің менюімен, Windows оқулығымен жұмыс істеу мүмкіндіктерімен таныстыру
Информатикадан қысқа мерзімді жоспарлар
Информатикадан қысқа мерзімді жоспарлар
Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру тәсілдерімен танысады; Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырма орындауда тиімді пайдаланады. Компьютерде дұрыс жұмыс істеу ережесін ұстануға үйренеді.
Параметрлі цикл
Параметрлі цикл
Параметрлі цикл туралы түсіндіру. Қайталану командаларын Pascal – да программалауда қолдануды үйрету.
Программалау тілдері
Программалау тілдері
Оқушылар программалау тілдерін біледі. Программамен жұмыс жасауды біледі
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Power Point программа интерфейсімен танысу. Презентация
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Сызу кеңістігінде Компас 3D
Сызу кеңістігінде Компас 3D
Білімділік мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, автоматтандырылған жобалау жүйесі Компас 3D бағдарламасында өз бетімен жұмыс жасауға, ізденуге үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×