Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Циклдық операторларға есеп шығару

03 желтоқсан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
№175 «Жаңа Ғасыр» гимназиясы
информатика мұғалімі Дүйсембиева Г. Р.

Информатика 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Циклдық операторларға есеп шығару
Сабақтың мақсаты: Өткен сабақта алған теориялық білімімізді практикада пайдалану
Сабақтың міндеттері: 1. Білімділік: Белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанатын болса, онда циклдік алгоритмдерді қолданып, есептерді шешу керектігін оқушыларға түсіндіру.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды білім мен біліктілікке тәрбиелеу. Оқушылар техникалық қауіпсіздік ережесін сақтай отырып еңбекке баулу.
3. Дамытушылық. Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді бастапқы оқып үйрену және есте сақтау іс - әрекеттерінің тәсілдері(дәріс, киносабақ, саяхат сабақ, әңгімелесу, сырттай саяхат және т. б).

Білімін және іс - әрекет әдістерін жетілдіру (практикум, семинар, «ашық ойлар» сабағы, «брейн - ринг ойыны, тренинг сабақ, өзіндік жұмыс, т. б»).

Білім және іс - әрекет тәсілдерін кешенді қолдану (әңгімелесу және практикалық сабақ, дәріс және тренинг(бірінші және екінші түрдің өзара үйлесуі)

Білім мен іс - әрекет тәсілдерін жүйелеу және қорытындылау(бірінші және екінші түрдің үйлесуі)
Білімді және іс - әрекет әдістерін тексеру, бағалау, түзету сабағы(бақылау жұмысы, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу)

Сабақтың әдісі: 1. Оқытудың түсіндірме - бейнелеу әдістері: семинарлар, әңгіме, оқу материалымен өзіндік жұмыс
2. Репродуктивті әдіс: жаттығуларды орындау, практикум, бағдарламаланған оқыту, дағдыларды жаттықтыру.
3. Проблемалық - ізденушілік оқыту әдістері: проблемалық мазмұндау, жартылай ізденушілік, зерттеушілік, миға шабуыл 4. Оқытудың коммуникативтің әдістері: талқылау, пікірталас, диалог, «ызылдаған топтар», «қар кесегі», жобалар әдісі, тұсаукесерлер.
5. Рольдік ойындарды қолдана оқыту әдістері: іскерлік ойын, рөльдік ойын, ұйымдастыру - әрекеттік жаттығулар, ұйымдастыру - ойлау ойындар, аквариум, нақты жағдайды саралау(кейс - стади)

Таным қызметін ұйымдастырудың үлгісі:
1. Жекелік үлгі – танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады.
2. Жан-жақтылы – барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылған кезде пайдаланылады.
3. Топтық – жалпы міндеттен туындаған мақсатты шешу жолында топ түрінде
әрекеттеніп, жауап топ ішінде жинақталады.
4. Ұжымдық форма – ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту әрекетіне келеді.

Сабақтың көрнекілігі және жабдықталуы: интерактивті тақта, компьютер, флипчарт, оқулық
Пәнаралық байланыс: математика
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмаларын тексеру кезеңі.
Қатесін тап
Полиглот
Сәйкесін тап
Сұрақ - жауап
3. Топ аттарын таныстыру
4. Сергіту сәті
5. Практикалық жұмыс
6. Тест сұрақтары
7. Білімді бағалау кезеңі
8. Рефлексия кезеңі
9. Үй тапсырмасы туралы мәлімет беру кезеңі

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
Сыныпты топқа бөлу
2. Үй тапсырмаларын тексеру кезеңі.
Қатесін тап
Полиглот
Сәйкесін тап
3. Топ аттарын таныстыру (қосымша ақпарат ресурстар таратылады)
Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін қайталау операторы - WHILE.
Көп жағдайда аргументтердің әртүрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдық құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады.
Цикл деп программадағы қайталанатын әрекетті айтады. Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар: арифметикалық цикл – FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE, шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT операторлары.
WHILE операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталуды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (оқылуы: уаил, аударылуы: әзірше) және DO (оқылуы: ду, орындау болып аударылады) түйінді сөздері қолданылып аударылады.
Цикл қайталанар алдында, логикалық өрнектің мәні тексеріледі. Егер True (ақиқат) болса, онда цикл денесі қайталанып орындалып отырады. Керісінше False (жалған) болса, циклдің орындалуы аяқталып, WHILE операторынан кейінгі жолдар орындалады.
Егер, ең басында өрнектің мәні False (жалған) болса, онда цикл бір ретте орындалмайды.
Мысалы: y = 3x+1, мұндағы х, - 1 мен 2 аралығындағы сандарды қабылдайды, қадамы 0, 5 тең

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 123
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Салынған циклдер. Циклдік алгоритм
Салынған циклдер. Циклдік алгоритм
Оқушылар циклдық алгоритмдерді блок – схема түрінде өрнектеуді және программа құруды үйренеді
Паскаль программалау тілінде есептер шығару
Паскаль программалау тілінде есептер шығару
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті. Информатика пәні мұғалімі Зайнагиева Жадыра Тулемисовна
Циклдік операторлар
Циклдік операторлар
Информатика пәні мұғалімі: Д.Исметова
Циклдік алгоритм
Циклдік алгоритм
Балқаш қаласы. информатика пәні мұғалімі Тогжанка Дауреновна
Циклдық алгоритмдер
Циклдық алгоритмдер
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы, №31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебі Информатика пәнінің мұғалімі Бейсенбаева Жадыра
Программалау еліне саяхат
Программалау еліне саяхат
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Баян Сабырғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×