Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алгоритм типтері, сызықтық алгоритм

03 желтоқсан 2015, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы,
Шайыр орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Құлымжан Гүлжанат Жеңісқызы

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері, сызықтық алгоритм
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға алгоритм түрлері туралы түсінікті, сызықтық алгоритм туралы түсініктерді қалыптастыру;
Дамытушылық: себеп-салдарлық байланысын орнату арқылы логикалық және алгоритмдік ойлауын дамыту; пәнге деген қабілеттерін дамыту;
оқушылардың қабілеттерін кеңістіктегі ой - қиялы мен шығармашылығы арқылы дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу; танымдық қызығушылыққа, коммуникативтік дағдыны қалыптастыруға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Математика
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру сабағы.
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДЭЕМ, Pascal бағдарламасы, интерактивті тақта, тест тапсырмалары, презентация.
Оқушылар нені білуі керек:
Алгоритм типтерін;
Сызықтық алгоритмнің не екенін, анықтамасын;
Блок - сызбасының жалпы түрін;
Программасының жалпы түрін;
Сызықтық алгоритмдерге программа құра білуді.
Мұғалім іс - әрекеті:
Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы жаңа материалды меңгеруге мүмкіндік жасау;
Ең нашар оқитын оқушыға дейін осы тақырып бойынша минимум ұпай алуын қамтамасыз ету;
Есепті тексеріп тұру, түзету енгізу;
Оқушыларды мұқият бағалау.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушыларды құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабақты бастау.

ІІ. «Мен нені үйрендім»
Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша білімдерін бекіту мақсатында сұрақтарға жауап беру
Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм атқарушылары дегеніміз не?
Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?
Алгоритмнің түсініктілік қасиеті дегеніміз не?
Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті дегеніміз не?
Алгоритмнің жалпылық қасиеті дегеніміз не?
Алгоритмді жазудың қандай тәсілдерін білесің?
Алгоритм графикалық түрде қалай ұсынылады?
Программалық түрде ше?
Мәліметтерді енгізу мен шығарудың блок – сызбасы қандай?

ІІІ. «Мағынаны тану» Жаңа сабақты түсіндіру:
Есепті шешу үшін алгоритмнің негізгі үш түрін бөліп алуға болады:
Сызықтық алгоритм;
Тармақталған алгоритм;
Циклдік алгоритм.
Сызықтық алгоритм дегеніміз – іс – әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритмдер. Мұнда командалар белгілі бір ретпен орындалады.

Сызықтық алгоритмнің блок – сызбасының түрі:
Сызықтық алгоритмнің программасының түрі:

ІҮ. Бекіту кезеңі.
«Ойға шабуыл кезеңі» (деңгейлік тапсырмалар орындау)
І деңгей тапсырмалары:
Төмендегі өрнектерді Паскаль тілінде жаз:
А) 〖(a - b)〗^2/2a
Б) x^2/(2x+√y)
В) √(1+√x)
Г) √(x^2 )/(x - 1)

ІІ деңгей тапсырмалары:
Y=x^2+3 мәнін есептеудің алгоритмін, блок - сызбасын, программасын құру.

S=(a+b) h/2 Трапецияның ауданын мына формула бойынша есептеудің блок сызбасын және программасын жазу.

ІІІ деңгей тапсырмалары:
Жаяу адам таулы жерде кетіп барады. Оның жазықтағы жылдамдығы U1 км/сағ, өрге шыққандағы жылдамдығы U2 км/сағ, ылдиға түсу жылдамдығы U3 км/сағ. Қозғалыс уақыты сәйкесінше t1, t2, t3 сағ. Жаяу адам қанша жол жүрді?

2. Сергіту сәті (логикалық сұрақтарға жауап беру)
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? (4)
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
стакан)
Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15 км/сағ)
Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? (жоғары)
Қараңғы бөлмеде май шам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? (шырпы)
Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? (8)
3. «Білгенімді дамыту» (тест тапсырмаларын орындау):
1. Алгоритм дегеніміз -...
а) командалардың кез - келген ретсіз тізбегі
б) блоктар мен сызбалар түріндегі арнайы құрылым
в) нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау қажеттігін
түсінікті әрі дәл етіп көрсететін нұсқаулар реті
г) компьютерде ғана орындауға арналған машиналық тілдегі нұсқаулар
2. Алгоритмнің жалпы сипаттамасы -...
а) алгоритм атқарушылары
б) блок – сызбалар
в) командалар жүйесі
г) алгоритм қасиеттері деп аталады
3. Алгоритмнің әрбір ережесі анық, мағыналы болу қасиеті?
а) алгоритмнің дискреттілік қасиеті
б) алгоритмнің анықтылық қасиеті
в) алгоритмнің нәтижелілік қасиеті
г) алгоритмнің түсініктілік қасиеті
4. Алгоритмнің қандай да бір алгоритмді түрлі бастапқы мәліметтермен бірнеше
рет қолдануға болатын қасиеті
а) алгоритмнің жалпылық қасиеті
б) алгоритмнің анықтылық қасиеті
в) алгоритмнің нәтижелілік қасиеті
г) алгоритмнің түсініктілік қасиеті
5. Алгоритмнің графикалық түрде жазылуы қалай аталады?
а) программа
б) блок - схема
в) сөздік
г) кестелік
6. «Басы» сөзі жазылған эллипс нені белгілеуде қолданылады?
а) алгоритмнің басын
б) әрекеттерді орындау үдерісін
в) мәліметтерді енгізу мен шығаруды
г) алгоритмнің соңын

7. Тіктөртбұрыш нені білдіреді?
а) алгоритмнің басын
б) әрекеттерді орындау үдерісін
в) мәліметтерді енгізу мен шығаруды
г) алгоритмнің соңын
8. Командалары бірінен соң бірі орындалатын алгоритм?
а) тармақталған
ә) циклдік
б) сызықтық
в) дұрыс нұсқасы жоқ

Ү. Үйге тапсырма беру:
3 725
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алгоритм түрлері
Алгоритм түрлері
Алгоритм – қажетті нәтижеге жеткенге дейін орындалуы тиіс әрекеттер тізбегі.
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдер мен оларды программалау тілінде аудару туралы білім меңгерту
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер)
Жуалы ауданы, Ертай ауылы, №18 М.Ғабдуллин атындағы орта мектебінің информатика мұғалімі Қиясова Гүлнұр Жаңбырбайқызы
Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)
Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)
«Зеленов аудандық білім беру бөлімнің Махамбет жалпы орта білім беретін мектебі» Информатика пәні мұғалімі: Н. Алишева
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі Айткалиева Баян Сабырғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×