Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бағандар. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын - ала қарау. Құжатты баспадан шығару

03 желтоқсан 2016, Сенбі
Категориясы: Информатика
Бағандар. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын - ала қарау. Құжатты баспадан шығару.
Сабақ мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға тізімдерді маркерлеу, номерлеу және парақ параметрлерін баптау, құжатты баспадан шығару туралы түсінік беру
Дамытушылық мақсаты: Осы тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикалық тапсырмаларды орындауда тиімді пайдалану
Тәрбиелік мақсаты: компьютерлік сауаттылыққа, икемділікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың типі: Ертегі сабақ.
Сабақтың әдіс тәсілдері: Сұрақ – жауап, ойын.
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру:
Сұрақтар:
1. Word текстік редакторының қызметі
2. Microsoft Word программасын іске қосу ретін түсіндір және іске қос.
3. Мәтіндік құжатты қалай сақтаймыз?
4. Word текстік редакторының терезе элементтерін ата.
5. Беттің параметрлерін қою үшін қандай бұйрықты орындаймыз?
6. Бағандар бұйрығы мәзірдің қай пунктінде орналасқан?
7. Алдын - ала қарау бұйрығы не үшін керек?
8. Құжатты басып шығару үшін қағаздың қандай мөлшерін қолданамыз?

ІІІ. Практикалық жұмыс
Ханзада мен ханшайым ертегісі.
Ерте – ерте, ертеде байлығы бір – бірінен асқан, ынтымағы жарасқан екі хандық болған екен. Үлкен көлдің екі бетінде орналасқан екі хандықтың біреуінде ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу ханшайым, екіншісінде бес аспап, екі иығына екі арыстан мінгендей ханзада өмір сүрген екен. Күндердің күнінде ханзада ханшайымға ғашық болып, онсыз өмір сүре алмайтын жағдайға жетеді. Ал, достар ханзаданы ханшайымға «ЖОЛЫҢ БОЛСЫН» - деп аттандырайық.

1 – саты: Ханшайымға лайық сыйлықтар сатып алуға көмектесейік.
Word мәтіндік редакторында тапсырма дайындау.
Тапсырма №1
«Наурыз» мәтінін теріңдер және оны тағы да 2 рет көшіріңдер. Әріптің кескіні Times New Roman мен көлемін 14 пен жаз және тақырыптың пішінін жуанқылып астын сызындар да мәтінді қисайтып (курсив) пен жазыңдар.
Наурыз
«Наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер және т. б. атап өтеді.
Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі 22 наурыз күні не сәйкес келеді.

Тапсырма №2
Берілген мәтінді теріңдер және жиектеме қойыңдар.
Бесікке салу. «Кең жайлау жалғыз бесік жас балаға». Бесік - баланың ұйықтауына таза болуына өте жақсы. Бесікке ауылдың өнегелі, ұрпағы өскен, ел құрметіне бөленген бәйбішіге (кәртең) салғызады. Бесік жырын айта отырып бөлейді. Баланы бөленген соң қарияға «бесік салу» құрметіне сыйлық беріледі.

2 – cаты: Ол өзеннің арғы бетіне өтуге «Кеме» керек емес пе? Кәне,
ханзадаға кеме жасауға көмектесейік.
Суретті әкелу жолын пайдаланып кеме жасау.

3 – саты: Ханзада ханшайым ауылына де жетті. Міне, керемет! Хан сарайы
өте әсем, аса үлкен екен. Ханшайым қай бөлмеде? Іздесіп
жіберейік!
1) Берілген мақалдардың жалғасын табу және оны компьютерде теріп жазу
Күш - білімде, білім - кітапта.
Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді
Білегі күшті бірді жығады, Білімі күшті мыңды жығады.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Бірлік болмай, тірлік болмайды.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Алтын алма, білім ал.
Ғылым - теңіз, білім - қайық.

2) Әзіл – оспақты жұмбақтар шешу.
Адам есектен неге құлайды? Жауабы Адам есектен жерге құлайды.
Шайға қант салған кезде, қандай жағдайда қант құрғақ болады? Жауабы Құрғақ шайдың үстіне салғанда.
Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса қанша кг? Жауабы 3 кг
Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын шашын тарайды екен, неге? Жауабы Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды екен
Елімізде талдармен жасалған қорған қай қалада? Жауабы Талдықорғанда
Есікті ашу үшін не қажет? Жауабы Есіктің жабық болуы қажет
Теңіздің ортасында не бар? Жауабы “ң” әріпі
Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады? Жауабы Үсті су болып шығады Бір кісі төсегінің айналасында жүгіріп жүр екен, себебі не? Жауабы Ұйқысы қашып кетіпті, соны қуалап жүр екен

4 – саты:
Ханзадаға ханшайымымен кездесудің сәті түскендей, бірақ, ханзадамыз сөзге шорқақ еді. Ол не істейді, сезімін қалай білдіреді?
Іздеп келем, іздеп келем
Жүгіріп келем, жүгіріп келем.
Ханшайымды көруге
Жүрегімді қолыма алып келем.
Терезені екі бағанға бөліп 1 - ші бағанға ханзада аттарын, 2 - ші бағанға ханшайым аттарын жазу.

Ү. Үйге тапсырма
Бағандар. Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын - ала қарау. Құжатты баспадан шығару.
ҮІ. Бағалау
3 728
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару
Беттердің параметрлері. Жиек. Алдын ала қарау. Құжатты баспадан шығару
Құжат беттерін рәсімдеу әрекеттерімен таныстыру. Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу. Мәтіндік құжатты баспаға шығару. Беттерді нөмірлеу. Құжаттарды басу. Кесте құру. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру кестелерді жиектеу туралы білімдерін
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
Қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Мәтінді редакциялау
Қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Мәтінді редакциялау
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының "№11 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ Информатика мұғалімі Сыдық Жырғау
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
Нөмірленген және маркерленген тізімдер
Нөмірленген және маркерленген тізімдер
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылы, Ш. Т. Еркінов атындағы орта мектептің информатика пән мұғалімі Тапаева Бақтыханым Төлеубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×