Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі, блок-схемалар

21 қыркүйек 2017, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Сабақ №10
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі, блок - схемалар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға алгоритм және алгоритмнің атқарушылары туралы түсінік беріп, алгоритмнің жазу жолдарымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, ақыл - ойларын дамыту.
Тәрбиелік: өздігінен тақырыпты меңгеріп, жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекіліктері: электрондық оқулық, слайд, жұмыс дәптері, оқулық, таратпа карточкалар.
«Біле бер, қанша білсең, - тағы тіле,
Жетерсің мұратыңа біле, біле».
Жүсіп Баласағұн

Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй жұмысын тексеру. “Кім жылдам?” ойыны (тест жұмысын орындау).
3. Жаңа сабақты түсіндіру.
4. Компьютермен жұмыс. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.
5. Сергіту сәті.
6. Ашық тест жұмысы сабақты қорытындылау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылармен сәлемдесу, сыныптың тыныштығы мен тазалығын қадағалап, назарларын сабаққа аудару. Әр оқушыға бағалау парағы және смайлик сонымен қатар түрлі түсті парақшалар таратылады.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Тест жұмысы бойынша үй жұмысын тексеру
1. Қайсысы алғашқы есептеу құрылғысы емес?
a) Шоттар
b) Арифмометр
c) Калькулятор
d) Соробан
2. Программа бойынша жұмыс істеген бірінші құрылғы:
a) Арифмометр
b) Холлерит машинасы
c) Шоттар
d) Беббидж машинасы
3. Бірінші программалаушы кім?
a) Чарльз Беббидж
b) Герман Холлерит
c) Ада АвгустаЛавлейс
d) Блез Паскаль
4. Қазіргі кезде компьютердің неше буыны бар?
a) 3
b) 4
c) 5
d) Анықталмаған
5. Қай буынның компьютерлері дербес компьютерлер деп аталады?
a) Екінші
b) Үшінші
c) Төртінші
d) Бесінші
6. Алғашқы ЭЕМ қай жылы пайда болды?
a) 1946 ж.
b) 1949 ж.
c) 1980 ж.
d) 1956 ж.
7. Бірінші буын компьютерлерінің элементтік базасы – ол:
a) Транзистор
b) Интегралдық сызба
c) Электрондық лампа
d) Үлкен интегралдық сызба
8. Екінші буын компьютерлерінің элементтік базасы:
a) Транзисторлар
b) Интегралдық сызба
c) Электрондық лампа
d) Үлкен интегралдық сызба.
Тест жауаптары
1 2 3 4 5 6 7 8
b d c c c a c a

ІІІ. Жаңа сабақ.
Бұл тарауда сендер алгоритмнің не екенін және алгоритмнің түрлерімен танысасыңдар. Әртүрлі алгоритм түрлерін құрып, ақпаратты модельдерді жасауды үйренесіңдер.
Жаңа түсініктер тақтада көрсетіліп тұрады.
Слайдпен жұмыс.
Алгоритм – берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің қарапайым етіліп жазылуы. Басқаша айтқанда, алға қойған мақсатқа жетуде немесе берілген есепті шешуде орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқауларды алгоритм дейміз.
Алгоритм кез келген іс - әрекет бұйрық деп аталады.
Алгоритм тек қана адамдарға ғана емес, роботтарға және компьютерлерге де жазылады.
Алгоритмді жүзеге асырушыны орындаушы деп атайды.
Кез келген алгоритм «Соңы» деген бұйрықпен бітеді. Берілген бұйрық алгоритмнің орындалғандығын білдіреді.
Мысалы:
Шайды дәмдеу алгоритмі:
• Басы
• Ыстық сумен шәйнекті шаю
• Шәйнекке шай салу
• Қайнаған су құю
• 3 - 5 минут күту
• Шайды шыныаяққа құю
• Соңы
Бұл мысалдан байқағанымыздай кез келген алгоритмнің «Соңы» болады екен.
Алгоритм анықтамасын электрондық оқулықта көрсету.
Электронды оқулықпен жұмыс.
Алгоритмнің орындалу кестесі.
«Сөз жазу» алгоритмі.
Бұйрық нөмірі Алгоритмнің бұйрығы Бұйрықтың орындалу нәтижесі
1 Қаламды ал Қалам қолда тұр
2 «Ана» сөзін жаз «Ана» сөзі жазылды
3 Қаламды орнына қой Қалам үстелге қойылады
4 Соңы Алгоритм орындалды
Электрондық оқулық, алгоритм ұғымы, 4 тапсырма орындау.
Блок - сызбалар тақтада көрсетіледі.
Енді, алгоритмнің жазылу формаларымен танысайық. Алгоритмді әртүрлі формада ұсынуға болады. Алгоритмнің жазылу формалары көбіне орындаушыға тәуелді болады.
Алгоритмнің мынадай формалары ұсынылады:
• Сөздік формада
• Графикалық
• Алгоритмдік тілде
• Программалау тілінде.
Жаңа біз алгоритмдер қарастырған болатынбыз. Осы қарастырған алгоримдер қай формаға жатады деп ойлайсыңдар?
Алгоритмді ыңғайлы түсіну үшін графикалық әдіс қолданылады. Оны блоксызба деп атайды.
Блок - сызбада әр іс - әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады.
Алгоритмнің басы мен соңы сопақша шеңбермен (эллипс) сипатталады
Іс – әрекет тіктөртбұрышқа жазылады
Барлық элементтер бір - бірімен нұсқалармен байланысады, яғни алгоритмнің орындалу бағытын көрсетеді.
Енгізу және шығару мәліметтері параллелограмға алынады.
Екі санды қосу алгоритмі.
Берілген алгоритм кез келген екі сан үшін орындалады. Есептеу барысында алгоритмде берілгендерді және есептеу нәтижесін кез келген әріппен белгілейміз. Оны айнымалы деп атаймыз. Біздің мысалда берілгендерді а және в деп белгілеп, ал алгоритм нәтижесін с деп белгілейміз.

IV. Сабақты бекіту. Компьютермен жұмыс.
І деңгейлік тапсырма.
Мына жұмыс түрлеріне сәйкес орындаушыларды жазыңыздар.
• Аяқ киім жөндеу
• Тісті пломбалау
• Көлікті жүргізу.
ІІ деңгейлік тапсырма. «Сурет сал» алгоритмі кестесін толтырыңдар.

Бұйрық нөмірі Алгоритмнің бұйрығы Бұйрықтың орындалу нәтижесі
1 Көк қарындашты ал
2 Шардың суретін сал
3 Шарды боя
4 Қарындашты орнына қой
5 Соңы

Сергіту сәті.
1. Көз жаттығуын орындайық.
2. Орнымызда отырып көзімізді алыс бір нүктеге қадап ұзақ қарау.
3. Басымызды қозғамай көзімізбен оңға, солға қарау.
4. Басымызды қозғамай көзімізбен жоғары, төмен қарау.
5. Көзімізді қатты қысып немесе қолымызбен жауып тұру.

ІІІ деңгейлік тапсырма. (тақтамен жұмыс)
Жоғары (Ж), Төмен (Т), Оңға (О), Солға (С) бұйрықтарын пайдаланып, алгоритмді орындағанда не болатынын анықтаңдар.
Басы
Қарындашты ал
Шаршылар бойынша диктант жаз: 1Ж 1О 3Ж 2С 3Ж 2О 1Ж 1О 3Т 6О 1Ж 1О 2Т 1С 4Т 2О 1Ж 1О 1Ж 5С 2Т 2С
Алынған суретті аяқта.
Қарындашты орнына қой
Соңы.

V. Сабақты қорытындылау. (ашық тест орындау). Қазір тақтада сұрақтар жауаптарымен беріледі. Егер жауабымыз дұрыс болса, жасыл қағазды, қате болса сары қағазды көтеру керек.
1. Алгоритм дегеніміз -...
берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіліп жазылуы.
2. Алгоритм орындаушысы адам бола алмайды.
3. Кез келген алгоритмнің соңы болады.
4. Блок - сызба алгоритміндегі іс - әрекет дегеніміз: ромб.
5. Блок - сызбада алгоритмнің басы мен соңы берілетін фигура эллипс.
Бағалау кестесі
Барлығы неше ұпай
30 - 36 ұпай - «5»
19 - 29 ұпай – «4»
9 - 18 ұпай – «3»
Сабақтағы эмоционалдық жағдайды анықтау. (күншуақ)
Сіздердің столдарыңызда күннің суреті жатыр, оның бетіне қараңыз, сол және оң жақ беті әртүрлі: сол жақ қуаныштың белгісі, оң жақ көңілсіз. Егер сіздерде сабақтан кейін жақсы көңіл - күйлеріңіз қалса, онда сол жақ бетіне айшық суретін салыңыз. Егер жоқ болса, оң жағы.
Барлық жұмыстарыңызға рахмет!

VІ. Үйге тапсырма:
§8, 9 оқу. 57 беттегі 7 тапсырма, 61 беттегі, 8, 9 тапсырмалар.
VІІ. Бағалау. Оқушылардың бағалау парағындағы бағаларды қараймын бағалаймын. Әр оқушы жұмысын өзі бағалай

Толық нұсқасын қарау
2 782
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алгоритмді жазу түрлері. Блок - схема
Алгоритмді жазу түрлері. Блок - схема
Алгоритмнің жазылу формаларын түсіндіре отырып, оқушылардың пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны
Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок - схемалар
Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок - схемалар
Алгоритм туралы және алгоритмнің қасиеттері туралы мағлұмат беру.
Алгоритм типтері, сызықтық алгоритм
Алгоритм типтері, сызықтық алгоритм
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шайыр орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Құлымжан Гүлжанат Жеңісқызы
Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок - схемалар
Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок - схемалар
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласының "№11 жалпы орта білім беретін мектеп"КММ Информатика мұғалімі Сыдық Жырғау
Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)
Қорытынды сабақ алгоритм бойынша (сызықтық, тармақталу, циклдік алгоритм)
«Зеленов аудандық білім беру бөлімнің Махамбет жалпы орта білім беретін мектебі» Информатика пәні мұғалімі: Н. Алишева
Алгоритм және оның атқарушылары
Алгоритм және оның атқарушылары
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жаңажол орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Көбенова Қарылғаш Жанұзаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×