Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Информатикадан күнделікті сабақ жоспарлары 5 сынып

17 тамыз 2018, Жұма
Категориясы: Информатика
Пәні: Информатика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.
Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Жаңа материалдың мазмұны:
Сендердің жұмыс орындарында компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Жұмыс кезінде монитордың сәуле түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді.

І. Төмендегі әрекеттерді жасауға болмайды:
1. Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды
2. Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды.
3. Оқытушының рұқсатынсыз аппаратураларды ток көзіне қосуға, үзуге болмайды.
4. Кітап, дәптер және т. б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.
5. Су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.

ІІ. Жұмыс тәртібі:
1. Компьютер экранынан 60 - 70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет, ал ұдайы көзілдірік тағатындар – көзілдірікпен отыру керек.
2. Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек.

ІІІ. Жұмыс кезінде:
1. Аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс жұмыс істемей тұрғанын сезсеңдер, немесе өзгеше дыбыс пайда болса, немесе пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар. Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар.
2. Пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар.
3. Пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын.
4. Аппаратураның ақауын ешқашан өз беттеріңмен жөндеуге ұмтылмаңдар.
Кез келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғылардың кейбірі өте маңызды - бұл монитор, жүйелік блок пен пернетақта, өйткені компьютер оларсыз жұмыс істей алмайды.
Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.

Үйге тапсырма: Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау.
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдер бағалау.

Пәні: Информатика
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак. тақта, электронды оқул

Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма беру

Жаңа түсініктер:
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т. б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл - қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.
Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға генетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым - қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зертеу нәтижесінде пайда болады.
Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз. Оны қаршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсінуге болады.
Ақпарат материалымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.
Ақпарат түрлері
Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық - әлеуметтік - экономикалық, ғылыми - техникалық, химия - биологиялық, физиологиялық т. б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:
1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);
2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;
3. басқарушы және мәлімет беруші;
4. объективті және субъективті болуы мүмкін.
Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:
Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет - журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп - табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар - феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.

Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?
5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
Үйге тапсырма: 1. 1 тақырып. Ақпарат.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 195
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік
Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру. Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.
Графикалық әдістер мен процедуралар
Графикалық әдістер мен процедуралар
VisualBasic те графикалық файлдарды қолдануға, әдістерді пайдалана білуге, процедураларды жаза үйрету. Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу. Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын
Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру
Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады: 1. Жалпы 2. ДК - де жұмысты бастау алдында 3. Жұмыс істеу кезінде 4. Жұмысты аяқтағанда 5. Авариялық жағдайларда
Информатикадан күнделікті сабақ жоспар топтамасы
Информатикадан күнделікті сабақ жоспар топтамасы
Информатика пәні мұғалімі: Ташходжаев Султанмурат Акмалович
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау
Есептегіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережесін сақтау
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №248 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Меңдалиева Райса
Алгоритм құрылымы
Алгоритм құрылымы
Информатика пәні мұғалімі: Назым Узбекова Сапаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×