Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Орындаушы компьютерлік орталарындағы сызықтық алгоритмдер

10 мам 2019, Жұма
Категориясы: Информатика
Информатика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мәтін үзінділерін алып тастау және форматтау. Буферді алмастыру. Редакторлеу
Сабақтың мақсаты:
а) бiлiмдiлiк: MS WORD редакторын іске қосу, жұмысты аяқтау, және оның терезесі, сызғышы, құрал – саймандар тақтасы туралы оқушылардың алған мәліметтерін бекіту, оларға текст тер ережелерін, әдістерін, текст үзінділерін алып тастау, орнына қайта қою әрекеттерін үйрету;
ә) дамытушылығы: оқушылардың MS WORD редакторы туралы алған білім және біліктерін дамыту, олардың құжат құру және құжат тере білу дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
б) тәрбиелiгi: оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелейді, олардың компьютерлік сауаттылығын арттырады.
Сабақтың типі: білік пен білімді бекіту сабағы
Сабақтың түрi: аралас сабақ.
Сабақтың әдiсi: сұрақ – жауап, баяндау, компьютермен практикалық жұмыс.
Сабақтың көрнекiлiгi: тест, деңгейлік тапсырмалар, сөз жұмбақ.
Пән аралық байланыс: математика, ағылшын тілі, орыс тілі
Пайдаланылатын компьютерлік бағдарлама: MS Word, MS Excel, MS Power Point

Әдебиеттер: Информатика. Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутина
Интернет материалдары.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өтілген оқу материалдарына шолу жасау
ІІІ. Жаңа оқу материалын оқушыларға игерту
IV. Жаңа оқу материалын пысықтау
V. Практикалық жұмыстарды компьютерде оқушыларға орындату
VI. Үй тапсырмасын белгілеу және оған түсінік беру
VII. Сабақты қорытындылау

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңi: (2 мин - 8 50 - 8 52)

 Пән бөлмесiнiң сабаққа әзiрлiгiн тексеру;
 Оқушылардың сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру.
II Үй тапсырмасын тексеру және өтілген оқу материалдарға шолу (8 мин - 8 52 - 9 00):
ІІІ. Жаңа оқу материалын оқушыларға игерту (10 мин – 9 00 - 9 10)

Word бағдарламасында мәтіннің үзінділерін маустың көмегімен апару (тасымалдау) және көшіру әдістерімен немесе меню командалары арқылы көшіруге және жылжытуға болады.
Апару және орналастыру әдісі - бұл мәтіннің үзіндісін бөліп алып, маустың сол жақ батырмасын басып тұрып бөлініп алынған үзіндіні іліп алып, қажетті орынға апарып орналастыру.
Word - та жұмыс істегенде кейбір кездерде мәтіннің белгілі бір бөліктерін құжаттың ішінде бір орыннан басқа орынға, тіпті басқа мәтінге, немесе Word - тың басқа құжаттарының арасында ауыстырып апаруға және көшіруге тура келеді. Бұл жағдайларда апару және көшіру әдістері онша қолайлы болмайды.
Бұл мақсатта жылжытатын ақпаратты уақытша сақтауға арналған жад алмасу буферін пайдаланған жөн.
Белгіленген үзіндісі бар мәтіннің Правка – Копировать командасын орындағаннан кейінгі түрі.
Word Pad бағдарламасы немесе басқа қолданба жасаған ақпаратты файлға көшіру үшін, мәтіннің қажет блогын бөліп алып, стандартты тақтадағы Копировать в буфер батырмасында маусты бір рет шертіңдер немесе Правка – Копировать командасын орындаңдар.
Сонан кейін бөлініп алынған блокты өшіріп алатын орынға меңзерді орналастырып, Вставить из буфера батырмасында маусты бір рет шерту керек немесе Правка – Вставить командасын орындаймыз.
Мәтіннің Правка – Вставить командасын орындағаннан кейінгі түрі
Мәтіннің үзіндісін бір орыннан екінші орынға жылжыту үшін, оны белгілеп, стандартты тақтадағы Удалить в буфер батырмасын шерту немесе Правка – Вырезать командасын орындау керек. Белгіленген үзінді алмасу буферіне жазылғаннан соң, экраннан өшеді.
Одан соң меңзерді экранда үзінді жазылатын жерге апарып орналастырып, маусты Вставить из буфера батырмасын бір рет шерту керек немесе Правка – Вставить командасын орындаймыз.
Орындаушы компьютерлік орталарындағы сызықтық алгоритмдер. жүктеу
1 309
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Word мәтіндік процессорында практикалық жұмыс
Microsoft Word мәтіндік процессоры тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тексеру, редактормен жұмыс жасау ережелерін практикалық сабақта бекіту, тақырыпты қорытындылау.
WordPad мәтіндік редакторы
WordPad мәтіндік редакторы
Оқушылардың WordPad - ты іске қосу, WordPad терезесімен танысу, мәтіндік құжат құру, сақтау, жаңа құжат ашу, құжатты пішімдеу туралы білімдерін қалыптастыру.
Microsoft Word мәтіндік редакторы
Microsoft Word мәтіндік редакторы
Қызылорда облысы, Шиелі кенті, №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Архарова Алтынай
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Мәтіндік редактор. Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау
Алматы облысы, Райымбек ауданы, «Көмірші орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің физика - информатика пәндері оқытушысы Сайсанбекова Дания Абдикаймовна
Microsoft Word - ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру
Microsoft Word - ты іске қосу. Мәтіндік құжат құру
Алматы обысы, Райымбек ауданы, Жалаңаш селосы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің информатика пәні мұғалімі Бимағанбетова Шарапат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×