Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәтін, сандарды, формулаларды енгізу

14 мам 2013, Сейсенбі
Категориясы: Информатика
Тақырыбы: Мәтін, сандарды, формулаларды енгізу.
Мақсаты:
Білімділік: Сабақта мәтін, сандарды, формулаларды енгізу, көшірме алу, бағаналар мен жолдардың биіктігін өзгерту амалдарымен таныстыру
Дамытушылық: Алған білімін одан әрі дамыту
Тәрбиелік: Ізгілікке тәрбиелеу

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: программалау негіздері
Көрнекті құралдар. оқулықтар, компьютер, буклет, видепроектор, презентация
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты қайталау
1. Электрондық кестелер не үшін арналған?
2. Қай информация бастапқы деректер, ал қайсы – нәтижелер деп аталады?
3. Электрондық кесте ұяшығының адресі дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Тексті енгізу
2. Сандар енгізу
3 Формулалар енгізу
4. Бағаналар енін және қатарлар биіктігін өзгерту
5. Ұядағы мәліметті түзету
6. Жылжыту
7. Көшірме алу
1. Мәтін – кез келген символдар тізбегі, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда оны ‘’’’ таңбасымен бастау керек. Егер мәтін ені ұяның енінен артық болса, экрандағы элемент солардың да ішінен көрініп тұрады. Ал, егер оң жақтағы ұяға басқа мәлімет енгізілсе, онда оның алдындағы көрінген мәлімет тек өз ұясында ғана бейнеленіп қиылып қалады. (бірақ ЭВМ жадында толық сақталады)

2. Электрондық кестеге сандар енгізу =,+,- таңбаларынан немесе бірден цифрдан басталады. Егер енгізілген сандарының ені ұяның енінен артық болса, онда сан экспоненциялық түрде бейнеленеді немесе ол санның орнына # # # # тәрізді таңбалар шығады (бірақ ЭЕМ жадында ол санның барлық разрядтары толық сақталады).

3. Excel - де кез - келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұя адрестері мен сандарының, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады.

4. Бағаналар енін және қатарлар биіктігін өзгерту
Бұл әрекеттерді тышқан арқылы немесе меню көмегімен атқаруға болады. Тышқанды пайдаланар кезде оның сілтемесін бағаналар әріптері арасындағы немесе қатарлар нөмірі арасындағы бөлу сызығына жеткізіп, сілтеме екі тілсызығы бар бағыттауыш бейнесіне айналғанда тышқанның сол жақ батырмасын басып бағананың немесе қатарды кеңейту ( тарылту) керек.
Менюді пайдаланатын болсақ, көлемі өзгертілуге тиіс бағаналарды
( қатарларды) белгілеп қойып, Формат Қатар Мөлшер (Размер)
Формат Бағана Мөлшер (Размер) командаларын орындау керек.

5. Ұядағы мәліметті түзету
Мәліметтерді түзету ұяға оларды енгізіп жатқанда немесе енгізіп болған соң да жүргізіле береді. Егер мәліметтегі қатені енгізу сәтінде байқасаңыз, онда артық символдарды BackSpase пернесімен өшіріп, керектілерін қайта тере отырып өзгерте аламыз. Esc пернесі ұяға мәлімет енгізбей, оның қайталап теру мүмкіндігін береді.

Мәлімет бұрын енгізілген ұяны түзету үшін теңбілторды, яғни кестелік курсорды керекті ұяға жеткізіп, түзету режиміне көшу үшін Ғ2 пернесін басып, немесе тышқан курсорын формула қатарындағы мәліметтер арасына алып барып, оны сырт еткіз қажет. Одан кейін керекті түзетулер енгізіп, ең соңында Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басса болғаны.
Мәліметтер енгізілісімен олар есептеу процесіне араласып, өздеріне қатысты ұялардағы нәтижелік мәліметтерді бірден өзгеретініне назар салыңыздар?
Бұл – электрондық кестелердің ең маңызды қасиеттерінің бірі.

6. Жылжыту
Мәліметтердің бір орнынан бір орынға жылжыту барысында НЕНІ және ҚАЙДА орналастыратынымызды айқындап алғанымыз жөн. Жылжыту кезінде орнынан көшірілетін мәліметтерді, яғни ұяны не блокты ( НЕНІ тасымалдау керек) белгілеп аламызда оған тышқан курсорын алып барамыз. Сол сәтте курсор ақ бағыттауыш тілсызыққа айналады. Сонан соң белгіленген блокты не ұяны тышқанмен іліп алып басқа орынға (ҚАЙДА тасымалданады) алып барамыз.

7. Көшірме алу
Көшірме алу кезіне түп нұсқа түріндегі мәлімет өз орнында қалады, ал басқа орында (ҚАЙДА) оның көшірмесі қосымша пайда болады. Көшірме алу операциясы жылжыту тәрізді орындалады, тек бұл жолы Ctrl пернесін басулы күйінде ұстап түру қажет
Плюсті толтыру әрекеті арқылы да көшірме алуға болады. Курсорды тордың оң жақ төменгі шетіне алып барса, ол «плюс»таңбасына айналады, оны толтыру маркері деп атайды Толтыру әрекетін оңға қарай және төменгі бағытта жүргізеді. Толтыру, жылжыту сияқты орындалады, бірақ сол сәтте курсор ұяның немесе блоктың оң жақ төменгі шетінде тұруы тиіс (қара плюс түрінде) Толтыру кезінде бастапқы ұядағы немесе блоктағы мәлімет (НЕ ) тышқанның батырмасын басып тұрып оны жылжыту арқылы бірнеше рет қайталана алады. Ол әсіресе формулаларды көшіруге өте ыңғайлы.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау.
1.. Электрондық кестеге сандар енгізу қандай команданың көмегімен жүргізіледі?

2 Көшірме алу қандай команданың көмегімен жүргізіледі?
Ү. Үйге тапсырма: 282 - 285 бет
7 690
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Microsoft Word мәтіндік редакторына мәтін енгізу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп - лицейдің информатика пәні мұғалімі Айтқалиева Бақыт
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Соркөл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Сүлейменов Нұржан Мақсатұлы
ExceI менюімен жұмыс атқару
ExceI менюімен жұмыс атқару
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы, №17 кәсіптік лицейінің математика, информатика және арнаулы пән мұғалімі: Ақшабақова Кульзипа Амирхановна
Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel – де деректермен жұмыс істеу
Excel кестелік процессоры. Негізгі ұғымдар мен амалдар. Excel – де деректермен жұмыс істеу
Қарағанды қаласы,Қазыбек би ауданы, №21 негізгі мектеп мұғалімі Нурмаганбетов Талгат Сабитович
Электрондық кестелер. ЭЕМ - да сандық ақпаратты өңдеу
Электрондық кестелер. ЭЕМ - да сандық ақпаратты өңдеу
ШҚО, Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі информатика пәні мұғалімі Муратканова Перезат Муратовна
Excel кестелік процессоры
Excel кестелік процессоры
Алматы облыс, Ақсу ауданы, Қапал ауылы Есболған Жайсаңбаев атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі Исаев Аблай Есетұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×