Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шарттарды ұйымдастыру операторлары

26 қаңтар 2014, Жексенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шарттарды ұйымдастыру операторлары
Шарттық операторлар
Сабақтың мақсаты:
• Басқару операторларымен таныстыру;
• Шартты және таңдау операторларының түсінігін енгізу. Айырмашылықтарын көрсету;
• Басқа пәндерден алған білімдерін жан - жақты қолдануларын қалыптастыру.
• Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Оқушылар білуі тиіс: Басқару операторларын, оларды қолдану ережелерін, қызметтерін білуі тиіс.
Оқушылар меңгеруі тиіс: есеп шығарғанда шартты операторларды орнымен қолдану керек.
Көрнекіліктер: ДК, проектор, экран, презентация
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Оқыту формасы: ұжымдық, жеке
Көрнекілігі: үлестірме тапсырмалар (Дайындық қалай? Сәйкестендір), тірек – схема, сөз жұмбақ, электронды құжат «АС9», ЭЕМ
Пәнаралық байланыс: математика, ағылшын, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын ретке келтіру
2. Компьютер журналын толтырту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Паскаль программалау тілі әр түрлі блоктардан тұратындықтан, бүгінгі сабағымызды да блоктарға бөліп алайық.
І. Зерделеу блогы
1.«Дайындық қалай?» тапсырмасын тездетіп орындау
А. Қатені тап Ә. Шама түрін анықта Б. Сызбаны толтыр

2. Үйге берілген есепті, компьютерге салып, нәтижесін табыңыз
• u=69, 3, r=3, 3 – ке тең алып, нәтижені шығарыңыз.
• Кернеу мәніне биылғы жылды, кедергі мәніне желтоқсан оқиғасы болған жылды енгізіп, нәтижені шығарыңыз.
3. Егер сіздің программаңыз дұрыс құрылған болса, нәтиже мынадай болып көрінуі керек.

4. Өткен тақырыпты қайталау мақсатында мына сөз жұмбақты шешейік.
1. «WRITE» қандай оператор? (шығару)
2. Паскаль тілінің программа құрылымы (сипаттау)
3. Алгоритмдік тілді машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш программа (транслятор)
4. Алгоритм жазудың бір түрі (табиғи)
5. Алгоритм құрылымы (тармақталу)
6. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм (сызықтық)
7. Дисплей, экран,... (монитор)
8. Программалау тілі (паскаль)
9. Әркім өз қалауы бойынша тағайындайтын шама аты (бейстандарт)
10. Символдық типтегі шамалар қайда жазылады? (апостроф)
11. Эллипс блок – схемасына алгоритмнің қай бөлігі жазылады? (басы)
12. Алгоритм қасиеті (ортақтық)
13. Араб математигі Әл – Хорезми есімінің латынша жазылуынан пайда болған атау (алгоритм)
14. Паскаль тілін ұсынған швецариялық ғалым. (Вирт)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 252
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары: шартты және шартсыз көшу операторы, қайталау операторы жайлы түсіндіру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары
Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары
Паскаль тілінің шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары туралы түсінік бере отырып, программа құруға үйрету. Оқушылардың ой - өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту. Өз беттерімен программа құруға дағдыландыру
Циклдік алгоритм. 8 - сынып
Циклдік алгоритм. 8 - сынып
Сабақтың мақсаты: Циклдік операторларды қайталау; While, REPEAT – UNTIL, FOR – TO оператор түсініктерін енгізу. Айырмашылықтарын көрсету. Оқушылар білуі тиіс: Қайталану операторларын қолдану ержелерін, қызметтерін, бір – бірінен айырмашылықтарын.
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау. Қарапайым операторларды қолданып, сызықтық программаларды құру. Синтаксистік, семантикалық ережелерді сақтау, операторларды дұрыс жазып, дұрыс қолдану. Өздігінен жұмыс істеп, пікірлерін айта білуге үйрету.
Паскаль тілінің басқару операторлары
Паскаль тілінің басқару операторлары
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Шөжеев Бауыржан Лепесұлы
Қайталау операторы
Қайталау операторы
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Жайнаков Сисенбай Сарсенбаевич
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×