Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Меншіктеу операторы. Сандық функциялар

14 наурыз 2019, Бейсенбі
Категориясы: Информатика
Информатика 9 сынып
Тақырып: Меншіктеу операторы. Сандық функциялар
Мақсаты:
1. Білімділік – Оқушыларды Паскаль тілінің меншіктеу операторы және сандық функцияларымен таныстыру, меншіктеу операторы мен сандық функцияларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
2. Дамытушылық – Оқушылардың меншіктеу операторы мен сандық функцияларды қолдану дағдысын қалыптастыру
3. Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан - жақты тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ – жауап, практикалық,
Құрал - жабдықтар компьютер, презентация, электронды оқулық
Пәнаралық байланыс математика,

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылар тізімі;
ә) кабинет жағдайы;
б) сабақ барысымен таныстыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру. Мәліметтер типі, өрнек, айнымалы
Тест Тест Айнымалы типтері. html
3) Жаңа тақырыпқа кіріспе
1) Операторлар тiзбегi орындалғаннан кейін, m және n айнымалыларының мәні қандай болады?
а) m:=25;
N:=m+1;
M:=m - 25
ә) m:=5;
n:=6;
m:=m*m;
n:=n*m
2) a=1, b=2, c=3 айнымалылары берілген. Келесі операторлар орындалғаннан кейін осы айнымалылардың мәндері қандай болады?
A:=b;
B:=c;
C:=a
Есептерді шығару.
:= белгісі не үшін қолданылады?
Презентация көрсету Меншіктеу операторы. pptx
4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3 - 5 мин)
Меншіктеу операторы
Меншіктеу операторы – берілген өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға меншіктеу үшін қолданылады. Ол кез келген бағдарламаның негізгі операторының бірі болып табылады
Меншіктеу операторының жазылу форматы:
:=;
:= - символы ` меншiктеу` деген мағынаны бiлдiредi.
х:=3; {х айнымалысына 3 - тi меншiктеу}
Мысалы,
Меншіктеу операторлары Нәтижесі
r:=5; 5
r:=r+1; 6
r:=8; 8
Идентификатордың және меншiктелетiн өрнектiң типтерi сәйкес болу керек. Кейбiр жағдайларда нақты айнымалыға бүтiн мәндi меншiктеуге болады, ал бүтiн айнымалыға нақты мәндi меншiктеу үшiн, оны trunс функциялары арқылы түрлендiру қажет.
Мысалы - үш бүтiн санның арифметикалық ортасын табатын программа
program pr0;
var a, b, c: integer;
s: real;
begin
a:=2; b:=4; c:=6;
s:=(a+b+c)/3
end.
Стандартты функциялар.
Pascal - да есептеу процесін жүргізу үшін көптеген стандартты функциялар қолданылады(кесте 1). Стандартты функцияларды бағдарламада жазу үшін алдымен функцияның атын, содан соң жай жақшалардың ішінде аргументін көрсету керек. Стандартты функциялардың атын идентификаторларға беруге болмайды.
Кесте 1 – Паскаль тілінің стандартты функциялар
Меншіктеу операторы. Сандық функциялар жүктеу
2 062
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Айнымалар типтері.
Паскаль тілінің қарапайым операторлары. Айнымалар типтері.
Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.
Меншіктеу операторы
Меншіктеу операторы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі Хамзина Индира Сабырғалиқызы
Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар
Меншіктеу операторы. Стандартты функциялар
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға меншіктеу операторы, стандартты функциялардың және олардың жазылу ерекшеліктерін ұғындырып, программалау тілінде жазу туралы толық мағлұмат беру; Дамытушылық: оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру,
Программа және оның құрылымы
Программа және оның құрылымы
Пән: Информатика Класс: 9 Сабақтың тақырыбы: Программа және оның құрылымы
Программа құрылымы. Шамаларды  сипаттау бөлімі
Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі
Информатика Сабақтың тақырыбы: Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Паскаль тілінің қарапайым операторлары.
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
№35 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Баймурзина Майдагүл Сағынғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×