Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі

12 мам 2012, Сенбі
Категориясы: Информатика
Пән аты: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі.
Паскаль тілінің қарапайым операторлары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің программа құрылымы мен қарапайым операторлары туралы мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, оқулық, слайд
Сабақтың типі:Дамытушылық
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен материалды қайталау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
1.Ұйымдастыру: Сынып оқушыларымен амандасу
2.Өткен материалды қайталау сұрақтары:
• Алгоритм дегеніміз не?
• Блок-схема дегеніміз не?
• Алгоритмдік тіл, программалау тілі дегеніміз не?
• Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
• Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
• Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
• Тармақталу алгоритм дегеніміз не?
• Циклдік алгоритм дегеніміз не?
• Арифметикалық цикл мен қадамдық циклдің айырмашылығы неде?
3.Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейінірек бекітілді, ол сол кездерде кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген, жұмыс істеуге ыңғайлы тіл болды.Қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген күрделі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды.
Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады:
PROGRAM BASTAU;
СИПАТТАУ БӨЛІМІ
BEGIN
ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ
END
Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.Одан кейін программаның ішкі объектілерінің Сипатталу бөлімі жазылады және begin және end сөздерімен қоршалған операторлар бөлімі болуы керек. Сипаттау бөлімі толық жағдайда, 7 бөліктен тұрады, олар:
1. Программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (ол түйінді сөзімен басталады);
2. Белгілерді (label) сипаттау:
3. Тұрақтыларды (const) сипаттау;
4. Мәліметтер типтерін (type) анықтау;
5. Айнымалыларды (var) сипаттау;
6. Процедураларды (procedure) сипаттау;
7. Функцияларды (function) сипаттау;
Белгілерді сипаттау. Белгі программаның бір жолын, яғни бір операторын ерекшелеп белгілеу үшін қолданылады. Бұл белгі арқылы қажетті жағдайда программаның кез келген жолынан осы белгісі бар операторға көшіп, оны қайталап кезексіз орындауға болады.
Тұрақтыларды сипаттау. Программадағы тұрақтылар өз мінін (мысалы, 5, 14, 13.5 т.б.) немесе оған қойылған атау арқылы белгілеуі мүмкін.
Пішімі: const атау 1=мәні; атау 2 =мәні;...., атау n =мәні;
Мысалы, const рі =3.14; е =2.7; a = `bol`; max = 1000;
Айнымалыларды сипаттау. Программада пайдаланатын айнымалы шамалардың атаулар тізімі және олардың топтастырылып көрсетілген типтері төмендегі пішімде, сипаттау бөлігінде көрсетілуі қажет.
Пішімі: var айнымалы атауларының

тізімі:------------------------------------тип:
Мысалы: var af, m, n:------------integer;
h, sg:-----------------------------------real;
d, ch:----------------------------------char;
kd, b:----------------------------------boolean;
1.Турбо Паскаль ортасын қосу үшін: TURBO прогр. Ашу.Құрамында: меню жолағы, жұмыс аумағы, төменгі жағында статус жолы(мәртебе).File-Neu
І. Меню командасын пайдалану үшін:
Alt+F9 - Compile - Программаны компиляциялау
Ctrl+F9 - RUN - Орындау
Аlt+F5 - Нәтиже шығару
F2 - File - Save - Сақтау
File - Exit -Турбо Паскаль ортасын жабу
F3 - File – Open - Ашу‏
Операторлар бөлімі

Программаға енетін айнымалылар мен тұрақтыларды, сандарды пайдаланып түрлі әрекеттер (нұсқау, жарлық) орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалар деп атайды. Операторлар қарапайым және күрделі (құрама командалар) деп екі топқа бөлінеді. Вegin және end түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады.
Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретіне біртіндеп бірінен кейін бірі тізбектей орындалады.
Операторлардың жалпы жазылу түрі:
Вegin
1-оператор;
2-оператор;
....................;
n-1- оператор;
n-оператор
end.

Паскаль тіліндегі операторлар қарапайым және құрама болып екіге бөлінеді.
Паскаль тілінің қарапайым операторлары
Меншіктеу операторы. Меншіктеу операторы барлық тілде пайдаланатын негізгі оператор болып табылады. Математикадағы қарапайым теңдеу тәрізді айнымалылар сандық мән беру бұл жағдайда меншіктеу операторы деп аталады.
Меншіктеу операторы жазылған өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалы меншіктеу үшін қолданады. Өрнек мәнінің типі айнымалының типіне міндетті түрі сәйкес келуі тиіс. Оператордың жазылу ережесі: : = ;
Мұндағы - айнымалы идентификаторы, : = - меншіктеу белгісі, арифметикалық өрнек немесе сан.
Бұл оператор екі міндет атқарады:

1. Айнымалылардың белгілі мәндері бойынша арифметикалық өрнектің сандар мәнін есептейді.
2. Табылған мән айнымалы атауына меншіктеледі, яғни анықталған мән санды айнымалыға сәйкес компьютер жады ұяшығына орналасады.
Көшу операторы. Көшу немесе шартсыз көшу операторы операторлардың рет-ретімен орналасуын бұзып, келесі атқарылуды, яғни белгісі бар операторға көшуді орындайды. Бұл оператор GOTO (көшу) түйінді сөзінен басталады да, одан кейін LABEL бөліміне сипатталған белгі атауы жазылады. Көшу операторының форматы:
GOTO ;
Мұндағы - LABEL бөлімінде сипатталған белгінің біреуі.
Мәліметтерді енгізу операторы READ (ағылшынша оқу). Паскаль тілінде мәліметтерді енгізу және шығару үшін, яғни адам мен компьютер арасында мәлімет алмасу мақсатында алдын ала анықталған Input , Output файлдары қолданылады.Программа берілген мәндерді файлынан алады да, алынған нәтижені файлына орналастырады.Ол үшін енгізу операторы пайдаланады.
Оператордың жалпы түрі.
READ(al, a2,…,an);
READLN(al, a2,……,an);
READLN;

Мұндағы а1,а2,...,аn- айнымалы атаулары.Оларды енгізу операторының параметрлері деп те атайды.Енгізілетін айнымалылардың мәндері:integer,real,char және string (сөз тіркесі) типтеріне жатуы мүмкін.
Шығару операторы. Паскаль тілінде нәтижені экранға шығару үшін WRITE (жазу) операторы қолданылады.
WRITE (al, a2,…,an);
WRITELN(al, a2,……,an)

Мұндағы жақша ішінде жай айнымалылар немесе апострофтармен қоршалған символдар тобы болуы мүмкін.Шығарылатын мәндердің түрі айнымалылардың типі арқылы анықталады.Олар: integer,real,char және string (сөз тіркесі) типтер түрінде беріле береді.Шығарылатын параметрлер бір – бірімен үтір арқылы ажыратылып WRITE түйінді сөзінен соң жай жақша ішіне жазылады.Паскаль тілінде параметрсіз шығару операторы WRITELN жаңа жолға өту үшін қолданылады.
Сергіту сәті: «Ойлан тап» ойыны

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым-------....-------...------қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. (Никлаус Вирт)
Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: ...........,
,---------------------(тақырып, сипаттау бөлімі, оператор бөлімі)
Кез келген программаның алғашқы жолы------............------сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады.(PROGRAM) Одан кейін программаның ішкі объектілерінің------...........------жазылады. (Сипаттау бөлімі)
Практикалық жұмыс
№1 – есеп.Кез келген екі санның қосындысын есептейтін программа құру .
Program kosu;
Var a,b:integer;
Begin
readln(a,b);
Y:=a+b;
Writeln(‘y=‘,y);
End.
№2-есеп. Екі санның көбейтіндісін табуға программасын құру.
Program kobitu;
Var a,b,y:integer;
Begin
readln(a,b);
Y:=a*b;
Writeln(‘y=‘,y);
End.
№3 - есеп. Екі санның бөліндісін табуға программасын құру.
Program bolindi;
Var a, b, x:real;
Begin
Write (‘a, b-сандарын енгіз');
Readln(a, b);
X:=a/b;
Writeln(‘x=’,x);
End.

4.Сабақты бекіту сұрақтары:
1) Паскаль тілінің негізін салушы кім?
2) Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
3) Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзден басталып, қандай сөзден аяқталады?
4) Оператор дегеніміз не? Олар қандай топтарға жіктеледі?
5) Меншіктеу операторы қандай қызмет атқарады?
6) Көшу операторы қандай қызмет атқарады?
7) Енгізу және шығару операторларының атқаратын негізгі міндеттері қандай?
5.Үйге тапсырма: Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі.
Паскаль тілінің қарапайым операторлары. 71 – бет,4-жаттығу
23 506
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау кезеңіне түсінік беру, сызықтық алгоритмдерді программалауды практикада қолдана білуге үйрету, оқушылардың практикалық және логикалық дағдыларын қалыптастыру, компьютерде жұмыс істей білуін тереңдету, ой - өрісін
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Pascal программалау тіліндегі енгізу және шығару операторлары туралы мағлұматтар қалыптастыру. Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Салынған циклдер. Циклдік алгоритм
Салынған циклдер. Циклдік алгоритм
Оқушылар циклдық алгоритмдерді блок – схема түрінде өрнектеуді және программа құруды үйренеді
Циклдік алгоритмдерді програмалау - FOR
Циклдік алгоритмдерді програмалау - FOR
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Қалымбетова Айман Алтынбаевна
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы, Подстепный қазақ ЖОББМ мұғалімі Айткалиева Баян Сабырғалиқызы
Стандартты функциялар
Стандартты функциялар
Информатика Сабақтың тақырыбы: Стандартты функциялар. Стандартты типтердің сипатталуы. Өрнектер және олардың жазылуы Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің стандартты функцияларға, өрнектер және олардың жазылуы туралы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×