2026–2027 оқу жылындағы мектеп демалыстарының мерзімі белгілі болды
Қазақстанда 2026–2027 оқу жылында мектеп оқушыларының қашан білім алып, қай уақытта демалатыны анықталды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылының күнтізбесін және оқушылардың демалыс уақыттарын бекітті.
Келесі оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Оқу процесі төрт тоқсан бойынша ұйымдастырылады.
Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына жоспарланған. Одан кейін оқушылар 26 қазаннан 1 қарашаға дейін күзгі демалысқа шығады. Бұл кезеңдегі демалыс ұзақтығы – 7 күн.Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын қамтиды. Жаңа жылдық қысқы каникул 2026 жылғы 28 желтоқсанда басталып, 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жалғасады. Оқушылардың қысқы демалысы 14 күнді құрайды.
Бірінші сынып оқушылары үшін оқу жүктемесін жеңілдету мақсатында қосымша демалыс қарастырылған. Олар 2027 жылғы 8–14 ақпан аралығында тағы 7 күн демалады.
Үшінші тоқсан ең ұзақ оқу кезеңі болып, 10 оқу аптасына созылады. Осы тоқсаннан кейінгі көктемгі демалыс 22–28 наурыз күндері өтеді.
Ал төртінші тоқсан 8 оқу аптасын қамтып, оқу жылы 2027 жылғы 25 мамырда өз мәресіне жетеді.

Сонымен бірге министрлік мектеп бітірушілер үшін маңызды кезеңдердің бірі – 9 (10) және 11 (12) сыныптардағы қорытынды аттестаттаудың мерзімдерін де бекіткен.
Осылайша, жаңа оқу жылында оқушыларды үш негізгі маусымдық демалыс кезеңі күтіп тұр. Ал бастауыш сыныптағы бірінші сынып оқушыларына қосымша бір апталық демалыс берілмек.

Новый учебный год начнётся 1 сентября 2026 года и завершится 25 мая 2027 года.
Первая четверть продлится 8 учебных недель. Осенние каникулы будут длиться 7 дней — с 26 октября по 1 ноября 2026 года.
Вторая четверть также составит 8 учебных недель. Зимние каникулы продлятся 14 дней — с 28 декабря 2026 года по 10 января 2027 года.
Для учащихся первых классов предусмотрены дополнительные 7-дневные каникулы с 8 по 14 февраля 2027 года.
Третья четверть продлится 10 учебных недель. Весенние каникулы будут длиться 7 дней — с 22 по 28 марта 2027 года.
Четвёртая четверть продлится 8 учебных недель и завершится 25 мая 2027 года.
Также утверждены сроки проведения итоговой аттестации выпускников 9 (10) и 11 (12) классов.
2026–2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдері каникул демалыс демалыс мерзімдері 2026-2027 учебный год каникулы продолжительности и каникулярные периоды 2026 жыл каникул
Жаңалықтар
Әдістемелік нұсқау хат 2026-2027 жыл
Жаңартылған конституциялық нормалар мен құндылықтарды білім беру практикасына енгізу 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының (бұдан әрі – Конституция) тікелей талаптарына сүйенеді.
Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері 2026-2027 оқу жылы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026–2027 оқу жылына бөлінген мемлекеттік білім беру гранттарының нәтижесін жариялады.
Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері 2025-2026 оқу жылы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 – 2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері тізімін жариялады.
Об определении начала, продолжительности и каникулярных периодов 2020 - 2021 учебного года в организациях среднего образования
1. Определить следующие сроки начала, продолжительности и каникулярных периодов 2020 - 2021 учебного года в организациях среднего образования независимо от форм собственности и ведомственной подчиненности:
2018 - 2019 оқу жылының каникул кезеңдері
Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасы, 1 - і сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2 - 11(12) сыныптарда - 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

