Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шоқан Уәлиханов және француз тілі

22 ақпан 2014, Сенбі
Сынып: 9
Тақырып: Шоқан Уәлиханов және француз тілі (презентациясымен)
Мақсаты: білімділік: оқушыларды Шоқан Уәлихановтың шығармашылығымен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту, қосымша мәліметтер ізденуге нығайту.
Дамытушылық: оқушыларды ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, өз ойын, пікірін айтуға
қалыптастыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: ғалым еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, мақтап етуге, отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, білімге, өнерге, ізденімпаздыққа, өздік шығармашылыққа баулу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, ойландыру, баяндау, іздендіру, сұрақ – жауап.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, бейнематериал, оқулықтар, кескін карта,
Сабақтың түрі: интегралды сабақ.
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка
Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, дайындықты тексеру, сабаққа бейімделу
2 Үй жұмысын тексеру. Оқушылар семантикалық карта толтырады
Шоқан Уәлиханов - қазақ халқының 19 ғасырдың екінші бөлігіндегі талантты ғалым ұлдарының бірі. Шоқан – ғалым, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы, этнограф, тарихшы
(Слайд көрсету)

Жаңа сабақ.
Кіріспе сөз:
Бүгін біз сабақта Шоқан Уәлихановтың қандай шетел тілдерін білген екенін білеміз. Шоқан араб, неміс, парсы тілдерін жақсы меңгерген осы саяхатшылық жұмысында үлкен көмек болған. Қазір біз топпен жұмыс жасап отырып, мәтінді оқып, аударамыз.
Мәтінді оқу алдында сөздікпен жұмыс жасаймыз.
Сөздік жұмыс
Шоқантану - Шокановедение
Пікір – мнение, соображение
Меңгеру – усвоить, научить
Деректер – информация, сведения
Ықпал – влияние
Дәлел – аргумент, доказательство

Мәтінмен жұмыс
Бірінші топ. Шоқантану ғылымында Шоқанның тіл біліміне байланысты зерттеулер, пікірлер көп. Қазақ, орыс тілдерінен басқа бірнеше Еуропа тілдерін меңгергендігі туралы деректер бар. Белгілі фольклоршы, публицист Г. Н. Потанин Шоқан туралы жазған естелігінде Шоқанның француз тілін жақсы меңгергенін және сол тілде жазылған еңбектерді еркін түсініп, оқығанын сөз етеді.
Екінші топ. Орыс ғалымы П. П. Семенов - Тянь-Шанский Шоқан туралы былай деп жазады: “Петербургте жүргенде менің ықпалыммен университетте лекция тыңдап, француз және шет тілдерін меңгеріп кеткені сонша, Шығыс тарихының, әсіресе қазақ халықтар тарихының терең білгірі болып шыққаны дәлелденді.
Оқушылар мәтінді мазмұндайды Диалог құрастырады.
- Шоқанның достарың білесің бе?
- Ол Орыс географиялық қоғамының мүшесі болғаны туралы білесің бе?
- Қай жылы мүшелікке сайланды?
- Шоқан Уәлиханов 1857 жылы Орыс географиялық қоғамының мүшесі болды.
- Ол қандай жерлерді аралады?
- Ол қандай тілдерді білген?
- Оның әжесінің аты кім?
Көрдіңдер ме, балалар, Шоқан әртүрлі шетел тілдерін меңгерген екен. Қазақ тілі, біздің мемлекеттік тіліміз дегенмен, тек орыс тілін ғана меңгеріп қоймай, қазақ және ағылшын тілде қатар алып жүрсек, дұрыс болар еді
Біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тұғырлы үш тіл туралы айтқан (Слайд көрсету)
Берілген сөздер мен сөз тіркестерін сөз құрамына талдайды.
Шоқантану ғылымында, орыс тілдерінен, еркін түсініп, жазылған еңбектері.
Мұғалім сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесін сұрайды, олардың түрлерін ажыратады, сөйтіп оқушыларға талдау жасатады.
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.
1 топ. Шоқантану ғылымында Шоқанның тіл біліміне байланысты зерттеулер, пікірлер көп болғандықтан, Еуропа тілдерін меңгергендігі туралы деректер бар.
Басыңқы сөйлем қайсысы, бағыныңқы сөйлем қайсысы? Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас.

2 топ. Қазақ, орыс, француз тілдерін үйрену үшін, Шоқан көп еңбек жасаған.
Қандай сабақтас құрмалас сөйлем? Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем.
1 топ. Фонетикалық талдау жасайды: Шоқан
2 топ. Фонетикалық талдау жасайды: еңбек

Шоқан қазақ ауыз әдебиетін, тарихын, әдеп - ғұрпын зерттеген. Ауыз әдебиетінің кең тараған түрі – мақалдар. Қазір білім, өнер туралы мақалдарды құрастырамыз
Ғылым – теңіз, оқу - кеме. Оқу - білім азығы, білім - ырыс қазығы. Тіліммен - жүгірме, біліммен жүгір Жеті жұрттың тілің біл, жеті түрлі білім біл. Кітап - ғылым, тілсіз мұғалім. Білегіңе - сенбе, біліміңе – сен

Қорытындылау. Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі – егемен еліміздің жастары үшін үлгі - өнеге. Шоқан бабамызға арнап жазған өлеңін ұсынамыз.
Қазақтың бір ғалымы бар Шоқан деген
Туыпты Қостанайдың Құсмұрын бекетінде
Арғы атасы аңызға айналған Абылай екен
Ол жастайынан зерек болған ақын екен
Өз ұрпағын әрі қарай асқақтата,
Сенімді боп білім жолын қуған екен
Қазағының табиғатына қызығып,
Зерттеуші, әрі саяхатшы болған екен
Бағалау.
Үй тапсырмасы. Қаныш Сәтбаев туралы мәліметтер іздеу, мәтінді мазмұндау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 946
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы
Шоқан Уәлиханов – қазақтың ұлы ғалымы
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін таныстыра отырып, ғалым, этнограф, суретші, зерттеуші әрі жан – жақты шығармашыл тұлға болғандығын көрсету.
Шоқан Уәлиханов – ұлы ғалым
Шоқан Уәлиханов – ұлы ғалым
Шоқан өмірі - үлгі, өнеге екенін оқушыларға түсіндіру арқылы, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, диалогтық әдісті, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалануды жетілдіру.
Шоқан Уәлиханов “Жоңғар очерктері”
Шоқан Уәлиханов “Жоңғар очерктері”
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Достаева Гулшат Игликовна
Шоқан Уәлиханов
Шоқан Уәлиханов
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №105 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айтбаева Айгерім
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Астана қаласындағы Халықаралық үздіксіз білім беру колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиымбаева Рысжан Ермұханқызы
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
Пәні: Қазақстан тарихы Сыныбы: 8 Сабақтың тақырыбы: Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ мәдениетінің көрінісі, орыс демократиялық мәдениетінің әсері, орыс – қазақ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×