Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тапқыр достар (білгірлер сайысы)

06 наурыз 2014, Бейсенбі
Тақырыбы: «Тапқыр достар» (білгірлер сайысы)

Білімділік мақсаты: Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша алған білімдерін жүйелеп, өзіндік пікірлерін қалыптастыру, өзіндік ойлау қабілеттерін арттырып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру;
Дамытушылық мақсаты: Түрлі тәсілдер арқылы балалардың байқағыштық, тапқырлық, сөз астарын түсіну, өз ойларын ауызша да, жазбаша да жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Тілдік қорларын байыту;
Тәрбиелік мақсаты: Берілген тапсырмалар арқылы оқушыларды мейірімділікке, бауырмалдыққа, достыққа тәрбиелеу. Елжандылық пен ұлтжандылық сезімдерін тереңдету.
Түрі: Білімділер сайысы.
Көрнекілігі: үлестірмелі материалдар, кеспе әріптер, сызбалар
Өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Бүгінгі сабақтың түрін, мақсатын айту, оқушыларды топқа бөлу
2. Өтілетін жұмыстың жоспарымен таныстыру.

« Тапқыр достар» сайысы төмендегідей жоспардан тұрады:
1. Таныстыру
2 « Сөз тапқанға …»
3 «Ойлан тап»
4 «Сен білесің бе?»
5. «Кім жылдам?»
6. «Сыңарын тап»
7. «Әріптерді қосып оқы»
8. «Қолқа салу»
Қазақ тілі - өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге, - дегендей, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, туын желбіретер жас ұрпақ өркен жайып өсіп келеді. Сендердей ұрпақ барда біздің тіліміз көркейіп, өркендей бермек. Олай болса, бүгін туған тіліміздің қыр – сырын танытуға арналған ерекше бір сабақтың реті келіп отыр екен, соған кезек берейік.

І. Таныстыру
(әр топ өздерін таныстырады)
І топ: «Жігер» тобы
ІІ топ: «Достық» тобы
ІІ. «Сөз тапқанға…»
(Екі топтан үш оқушыдан шығады. Әр оқушыға әріптер таратылып беріледі.
Сол әріптер бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
«Б»
- Сен бүгін не жедің?
- Қыздар әскерге бара ма?
- Мектеп ережесін білесің бе?
- Досыңның аты кім?
- Қандай жануарларды білесің?
- Жазда қайда болдың?
«А»
- Қыста балалар не істейді?
- Үйіңде неше жан бар?
- Қандай кітап оқыдың?
- Ұлттық тағам аты?
- Ата – анаңның есімдері кім?
- Қандай әнді жақсы көресің?
«Т»
- Қандай тамақты жақсы көресің?
- Жазда балалар не істейді?
- Қай қалада болдың?
- Оған немен бардың?
- Сені кім қарсы алды?

- Қандай киноны ұнатасың?
«Ж»
- Математика сабағы саған ұнай ма?
- Ұлдар көйлек кие ме?
- Атың кім?
- Фамилияң кім?
- Қандай құстарды білесің?
- Кім болғың келеді?
«С»
- Қайдан келдің?
- Немен келдің?
- Жасың нешеде?
- Нені ұнатасың?
- Қандай ұлттық киім түрін білесің?
- Нешеге дейін санай аласың?
«М»
- Қайда барасың?
- Немен барасың?
- Жазда не киесің?
- Әскерге кімді алмайды?
- Қандай ақын – жазушыларды білесің?

ІІІ. «Ойлан, тап!»
(Екі топқа бірдей «Таныстыру» деген сөз беріледі. Сол сөзден бір минут ішінде мағыналы бірнеше сөздер табу керек.)

ІV. «Сен білесің бе?»
(Сегіз ұяшық беріледі. Екі топ кезектесіп аша отырып жасырынған сұрақтарды шешеді)
1 «Сорқұдықтың басына,
Сорға бола қонды әкем...»
Үзінді қайдан алынған?

2. Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жатқа айт.
3. Асан Қайғы кім?
4. Бұқар жырау қойған бірден онға дейінгі сандардың мағынасын Қазыбек би қалай шешті?
5. Малайсарының Сырымға берген батасы.
6. Алпамыс батырдың зынданнан шығуына себеп болған жағдай.
7. С. Торайғыровтың «Шәкірт ойы» өлеңін жатқа айт.
8. Гипербола (әсірелеу) дегеніміз не?

V. «Кім жылдам?»
(екі топқа ортақ сұрақтар қойылады. Білетін топ жылдамдық танытып, жауап беруі керек.)
1. Батыр сөзінің синонимі.
2. АҚШ, АлМУ, БҰҰ қандай сөздер?
3. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
4. Қазақ батырларына серік болған қандай тұлпарларды білесіңдер?
5. Таулы сөзі қай сөз табына жатады?
6. Екінші сыңары «тау» болып келетін қандай қаланың, таулардың аттарын білесіңдер?
7. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар?
8. Мақалдың жалғасын айт. Айлалы батыр...
9. Ертегілердің қандай – қандай түрлері бар, аттарын ата.
10. Омонимдер дегеніміз не?
11. Қос сөздер, олардың түрлері.
12. Қазақ тарихындағы қандай шешендерді білесіңдер?

VІ. «Сыңарын тап»
Сызбада берілген сөздердің сыңарларына стрелкамен апару арқылы біріккен сөздерді табыңдар. Қай сөз қай сөздің сыңары? Біріккен сөздердің мағынасын түсіндір.
Ала, жалман, ит, ақ, адыр, балық және екінші сыңары – аспан, көз, сақал, мұрын, бота, ат
VІІ. «Әріптерді қосып оқы»
Төмендегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды ретіне қарай қосып оқысаңдар, жұмбақ шығады. Ол қандай жұмбақ? Шешуі не?
Дауыссыз дыбыстар:
С, н, м, ы, қ, н, ш,
Б, л, м, й, м, з,
Т, н, м, н, к, з,
Л, м, й, м, з,
Дауысты дыбыстар:
а, ы, ы, а, а
і, е, і,
ү, і, е, ө
І, е, і.

VІІІ. « Қолқа салу»
Жеңілген топ қарсыластарының қолқа салуы бойынша бір өнер көрсетеді.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
- Міне, оқушылар! «Ана сүті бойыңды өсіреді, ана тілі ойыңды өсіреді»,- дейді. Тіл ойды жеткізудің құралы. Тіл даму үшін алдымен ой даму керек. Тіл даму бесіктен басталатыны сөзсіз. Тіл өмірге араласып, заманға тірі күйінде қызмет етуі үшін тілдің өшпейтін өмірі болуы керек. Тілдің ұраны - өмір, қорғаны – қоғам. Ендеше, мемлекеттік тіліміз құдіретті, қасиетті болсын. Осы сайысымызды Төле бидің мына бір толғау сөзімен аяқтасақ деймін.
- Уа, халайық!
Көсіле шабар жерің бар!
Ту көтерер елің бар,
Қол бастайтын ерің бар.
Атадан қалған сара жолың бар,
Қазыналы ана тілің бар,
Сөз қадірін біліңдер!
12 316
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр достар!
Тапқыр достар!
Бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулнара
"Тапқыр достар" сайысы
"Тапқыр достар" сайысы
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, №2 орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Жапакова Гүлзат Санаққызы
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Ақтөбе қаласы, №53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Ермагамбетова Бакытгуль Токтаровна
Тапқыр достар (сайыс)
Тапқыр достар (сайыс)
Қарағанды қаласы, Ғабиден Мұстафин атындағы №83 ЖББОМ мұғалімі Искакова Назира Сайлаухановна
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×