Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

12 наурыз 2014, Сәрсенбі
Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Мақсаты:
Білімділік: ақынның шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту, поэма мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылық: оқушылардың сын ойлау, баяндау, іздену, салыстыру арқылы поэманың ең негізгі идеясын ашу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: ұлттық құндылықтарды сыйлауға, Отанды, ананы құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Отан!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден құр өксумен кетер ем.

1 кезең 5 - 7 мин
Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсат - міндеттерін түсіндіру.
Жаңа сабақ
1. Қызығушылықты ояту кезеңі
Көпір тапсырмаларын орындау
Көпір тапсырмаларының міндеті
а/ Мақсат - міндеттерін айқындау
ә/ Жаңа тақырыпқа

Ми шабуылын өткізу;
“Менің елесімдегі Мұқағали Мақатаев”
ИNSЕRТ стратегиясы бойынша жұмыс;
Психологиялық дайындық. Поэзия сәті – ән.
Фариза Оңғарсынова.

Мұқағали әр адамның қуаныш - қайғысын басынан кешкендей етіп жазады...

2 кезең - /топтық жұмыс/ оқушылар өз бетінше оқыған Мұқағали Мақатаев және “Аққулар ұйықтағанда” поэмасы бойынша жұмыс

1 - қадам. Білу
а/ Арық сұрақтарға жауап беру арқылы топтастыру;
2 - қадам. Түсіну
ә/ “Бүркіттер” және “Аққулар” тобының жұмысы

Көпір тапсырмалары. Топтастыру. Ақын және шығармашылығы туралы не білеміз?
Т А П С Ы Р М А (жеке жұмыс)
М. Мақатаевтың шығармашылығындағы кездесетін символдар (аққу - махаббат,
ана - бала, бүркіт, кие парақшаларындағы тапсырмаларды орындау).
1. М. Мақатаев өлеңдеріндегі үш бақыты.
2. «Отан» тақырыбына жазылған өлеңді ата.
3. Поэмадағы аққу ненің символы?
4. Ақынның балалық шағы қалай өтті?
5. Шығармаларының негізгі тақырыптары.
6. Мұқанның бойындағы “Қарағайға қарсы біткен мінезі” кімнен дарыған?
7. Пай - пай, өмір, өтесің - ау бір күн - қай өлеңінен алынған?
8. Оның әкесі қайда қайтыс болды?
9.“Махаббат” тақырыбына жазылған өлеңін ата.
10. Тектіліктің символы -
11. Ақын өлеңдеріне жазылған қанша ән бар?
12. “Аққулар ұйықтағанда” поэмасының басты кейіпкері?
13. Поэмадағы киелі құс?
14. “Қасиет” деген ұғымды қалай түсінесің?
15. Поэмадағы ана бейнесі саған ұнады ма?
16. “Мәңгілік ел” дегеніміз не?
17. Армысың сен, арамызда жалғыз перзент қай өлеңінен?
18. “Ұлттық құндылыққа” ақын нені жатқызады?
19. Бүгін талдайтын поэмамыз...
20. “Ұлтжандылық” тақырыпқа жазылған өлеңді оқы.

ІІ - тапсырма “INSERT” стратегиясын толтырады
V - +?
Білемін Мен үшін түсініксіз Мен үшін жаңа ақпарат Мені таңқалдырады, ойландырады

ІІ - кезең “Мағынаны ажырату” (топтық жұмыс)
“Аналар”
“Бүркіттер”
“Кие - Қасиет”
“Аққу”
“Бүркіттер” тобының тапсырмасы
I топ. “Бүркіттер” тобы.
Поэманың негізгі идеясын, тақырыбын,“балық сызбасы» арқылы анықтап, талдап, қорытынды шешу жолын беріңдер.

“Аққулар” тобының тапсырмасы
Төмендегі берілген сөздерге ассоциация құру, бұл ұғымдар бір - біріне қарама - қарсы келген жағдайда оқиға қалай өрбуі мүмкін. Ой толғаңдар.
Қасірет. Кие. Қасиет.
… Тірек болатын өлең жолдары.
.... Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.
.... Білмеймін, сор аттың ба, бақ аттың ба?!
.... Аққу атқан оңбайды?

3 - қадам
а/ Талдау. Аналар тобының жұмысы. Мінездеме жазу.
4 қадам. Жинақтау, қолдану кезеңі. “Кие - қасиет” тобының жұмысы. Ойтолғау жазу.
3 кезең. /Кері байланыс/
а/ қорытынды шығару
Рефлексия
ә/ INSERT стратегиясы бойынша ой бөлісу.
б/ Эссе жазу “Мені толғандырған ойлар” /түсіндіру/ үй тапсырмасы.

Ана” тобының тапсырмасы
ой - толғаныс кезеңі
Тапсырма: М. Мақатаевтың қолданған эпитеттерін салыстыру арқылы ақын ананың істеген әрекетін қалай бағалайтынын табу, іздену, дәлелдеу арқылы мінездеме жазу.
Ана

ғазиз – ана +
жаралы аққу секілді +
бейне бір адасқан жан +
орамалды ұрғашыдан -
қарақшыдай -
қарабет -
балам +
келіні +
байғұс әйел +
көргенсіз -
адуынды жан екен алған жары -
ошақ қасы, отбасы +
пақыр +

Кие - қасиет” тобының тапсырмасы
Семіз сұрақтарға жауап беру арқылы ой - толғау жазыңдар

Ананың балаға деген махаббат символы
Аққу - киелі құс махаббат символы

Поэмада екі символ бір - біріне қарама - қарсы келді. Кімді жақтаймыз?
Кімді даттаймыз? Кім жеңді? Кім жеңілді? Неге жеңілді? Шығар жолы бар ма еді?
Қарт адам қандай шешім айтты? Ал сен қандай шешім айтар едің?
Өзіңе осы поэмадан қандай ғибрат алдың?

“Мұқағали - сырласым, Мұқағали - мұңдасым”
“Шешем менің иілген сұрақ белгі,
Сәл ғана шаттық көрді, жылау көрді.
Қалай ғана қалпына келтірерсің,
Дауылдар майыстырған мынай белді...”

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 358
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Поэмаға талдау жасай отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы жайында игерген білімдерін тереңдету, поэманың идеясын, мақсатын ұғындыру.
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»
«Үш бақытым» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды Мұқағали Мақатаев өмірімен таныстыру; Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу. Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»
Ана мен бала, адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынастың жырдағы көркемдік шешімін таба білуге үйрету.
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Нұрғалиева Марзия Мубаракқызы
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Матниязова Айнур
Мұқағали Мақатаев
Мұқағали Мақатаев
Жамбыл обылысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Г. Орджоникидзе атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кемпрекова Жанар Жансериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×