Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақшаңыз қалай?

14 наурыз 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту «Қазақшаңыз қалай?»
Сабақтың мақсаты: Өткен материалдарды бекіту.
2. дамытушылық: ойлау қабілетін арттыру.
3. тәрбиелік: ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар, сөзжұмбақтар, тірек сызбалар.
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Балалар бүгінгі сабағымыз сайыс сабағы болғандықтан екі топқа бөлініп, ат қойып алайық.
1- топ «Тапқырлар»
2 - топ «Қырандар» болсын.

Сабағымыз мынадай бөлімдерден тұрады.
1. «Сен маған, мен саған».
2. Сөзжұмбақ шешу.
3. Кім көп сөз құрастырады.
4. Қонақпен танысу.
5. Сөйлем құрастырыңдар.
6. Мәселені шешу.
7. Қатесін тап.
8. Топ басшыларының сайысы.
9. Жұмбақ шешу.
10. Мәтін құрастыру.
«Сен маған, мен саған»
Екі топ бір - біріне сұрақтар қояды.
1. Сен қай қалада тұрасың?
2. Бүгін неше сабақ болады?
3. Сенің досың бар ма, ол туралы айтып бер.
4. Қазақ тілі қандай тіл?
5. Мемлекеттік рәміздерді аташы
6. Сенің мектебіңде қандай кабинеттер бар?.
«Сөзжұмбақ шешу»

«Кім көп сөз құрастырады»
Нағашы, қарындас, Қазақстан, қарлығаш, қызғалдақ, мектеп, аппақ, жаңа оқу.
«Қонақпен танысу»
Екі топтан екі бала шығып, қонақпен танысады, сұрақ қояды, жауап бермесе өзі айту керек.
«Сөйлем құрастыру»
Топ басшылары конверт алады. Конверттегі сөздерден сөйлем құрастыру керек.
«Мәселені шешу»
Екі топ та ойнайды. бір - біріне «көмек» беру керек, сол арқылы өз мәселесін шешеді, өзіне берілген «мәселені» көмек арқылы табуы керек.
1 «Менің сабағым нашар»
2 «Мен досымды ренжіттім»
«Қатесін тап»
Интерактивті тақтада екі сөйлемнен жазылады. Балалар қатесін табады.
«Топ басшыларының сайысы»
1А. әрпінен басталатын адам аттарын ата.
2 Б әрпінен басталатын жануарлардың аттарын ата.

«Жұмбақ шешу».
1. Мамықтай ұлпа,
Қантай ақ.
Қыста жер бетін басады.
Жазда сайға қашады. ( Қар)
2. Ерте тұрады,
Жар салады ( қораз)

3. Отбасында құмған,
Екі көзін жұмған. ( Мысық)
4. Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (Көз)
5. Күндіз шайқасады,
Түнде айқасады. ( Кірпік.)
6. Жаны жоқ болса да,
Ақылы адам ісін істейді. (Кітап.)
«Мәтін құрастыру»
«Менің отбасым», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіме құрастыру
3 025
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған "Қазақшаңыз қалай?" ойын - сайыс
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру.
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылы, Әл - Фараби атындағы орта мектеп Шынтаева Рауан Жайлаубекқызы
Қазақшаңыз қалай?
Қазақшаңыз қалай?
Қарағанды облысы, «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі»КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Жанат Нуроллаевна
Туған тілім өркенде!
Туған тілім өркенде!
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы № 13 бастауыш мектеп мұғалімі Маржан Жидебаева
Тіл білгірі
Тіл білгірі
Қарағанды облысы, Шет ауданы, "Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі" бастауыш сынып мұғалімі Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Бақытты сәт (ойын сабақ)
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің математика пәні мұғалімі Нургабылова Абзал Магиева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×