Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тіл ұстарту “Әдеп”

19 наурыз 2014, Сәрсенбі
Қазақ тілі 5 класс
Сабақтың тақырыбы: Тіл ұстарту “Әдеп”
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың өткен тақырыптардан алған білімдерін пысықтау, қорытындылау.
ә) Фонетикалық талдау дағдысын одан әрі жетілдіру, жазбаша және ауызша сөйлеу тілін дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
б) Мақал - мәтелдерді пайдалана отырып, адамгершілік, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: алған білімдерін жинақтау және дамыту.
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, көрнекілікпен жұмыс, проблемалық сұрақ, шығармашылық жұмыс, талдау жұмыстары.
Сабақтың түрі: өнеге сабақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері, өзін - өзі тану сабағы
Сабақтың барысы: 1) ұйымдастыру
a) Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсат - міндеттері, әдістерімен таныстыру
сабаққа әзірліктерін байқау

2) Үй тапсырмасын сұрау
“Жылдам жауап”?
1) Фонетика білімі нені зерттейді?
2) Дауысты дыбыстарды ата.
3) Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстарды нешеге бөлеміз?
4) Буын түрлері.
5) Ашық буынға мысал келтір.
6) Тұйық буын дегеніміз не?

3) Жаңа сабақ
- Бүгінгі сабағымыз тіл дамыту негізінде өнеге сабағы ретінде өткелі отыр. Сабағымызды бастамас бұрын мына суретке назар аударалық. Бұл кім, балалар? ( интерактивті тақтадан Ыбырай Алтынсариннің суреті көрсетіледі.)
- Қандай шығармаларын білесіңдер.
- Осы, балалар, әдебиетінің атасы атанған Ыбырай аталарымыздың «Әдеп» әңгімесін тыңдап көрелік.
Әдеп
Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып, сөйлесіп тұрғанда, қасында бір жарлы мұжық өтіп бара жатып, иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі әкім төре онан да төменірек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз?- деп айтты дейді.
Сонда әкім:
- Ешбір ілім - білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қаламын ба? - дейді.

I. Мәтінмен жұмыс
- Осы мәтіннен не түсіндіңдер?
- Оқыған адам ғана әдепті бола ала ма?
- Әдеп, әдептілік сөздерін қалай түсінесіңдер?
(2 - 3 оқушыға әңгіменің мазмұнын айтқызамын)
1 - Деңгейлік тапсырма “Қиыннан қиыстырар ер данасы”
(Осы мәтіннің мазмұнына ұқсастырып, әңгіме құрастыру)
2 - Деңгейлік тапсырма “Мақал - сөздің мәйегі”
(әдеп, әдептілікке байланысты мақал - мәтелдер жазу)
3 - Деңгейлік тапсырма “Сурет сала білу - өнер”
(Мәтінге сурет салу)
(Оқушылар деңгейлік тапсырмаларын орындайды, тақтаға 2 оқушы жазба жұмысын орындайды)
1. Кешірімді болады жақсы бала
2. Үлкеннің ақылын қор болмайды алған
3. Адамдардың бөгемеу керек жолын
4. Жақсы бала кешікпейді сабаққа
(Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жаса)

II. Мәтінмен жұмыс
Мақпал әжей қолындағы жүгін ауырсынды ма, сәл жүріп барады да, тоқтайды. Сөйтеді де:- Белі түскір үзіліп барады,- деп ұзақ тұрады. Маңдайының терін жаулығының ұшымен сүртеді. Мұны көрген Марат:- Болат, жүр, әжейдің заттарын үйіне апарысып тастайық, - деді.
- Қойшы, ойнаймын,- деп Болат кетіп қалады. Марат әжейдің қасына келді де, жүктерін көтерісуге көмектесті. Ауыл шетіндегі үйге жеткенде әжей:
- Балам, өркенің өссін, азамат бол!- деп, алғысын айтты да. екі алманы қолына ұстатты. - Бұл еңбегің үшін ала ғой, қалқам, біреуін әлгі жолдасыңа берерсің, - деді әжей.( Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бал.
1) Осы мәтелге мақал мәтелмен ат қою керек.
2) Фонетикалық талдау жасаңдар.
3) Ұйқасын тап ойыны ойналады.
1) Үлкендерді сыйлайды
Кіші қамын....
Сүймейді жат әдетті
Сәрсенбай дос
2) Құрметтеймін атамды
Ардақтаймын апамды
Көкемді жақсы көремін
Үнемі ________
Үлкенді сыйлау кішілік
Үлгілі мінез _______

Кеспе қағаздармен жұмыс. (ауызша)
5. Бекіту.
“Жаңылдырсаң да жаңылмаймын” ойыны арқылы
1. Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе? А - яқ (2буын )
2. Шалға қарағанда балада не көп? ба – ла ( 2 буын)
3. Ерінде еріндік бар ма? жоқ
4. Езуде езулік бар ма? Бар - “е”
5. Бота мен қозы ұқсас дейді. Олар қалай ұқсас? (буын түрлері дыбыс әріп )
Әдепті сөздер - ақылдан шыққан аяулы сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жаттыққан адам - мәдениетті де әдепті адам. Сондықтан әдептен озбайық, балалар.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма.
А) Әдеп сөздерін жазып келу
Ә) Тиым сөздерді жинақтау
Б) 5сөзге фонетикалық талдау жасау
8 398
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Қазақ тілі № 1. Тақырыбы: Сөйлем және сөз № 2 Тақырыбы: Дыбыс және әріп (5 - 9 жаттығулар) № 3 Тақырыбы: Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. 10 - 14 жаттығу. № 4. Тақырыбы: Буын және тасымал. 14 - 18 жаттығулар
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар
Оқушылардың дауысты дыбыстар туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Фонетикадан өткенді қайталау
Фонетикадан өткенді қайталау
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №3 Алға қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сисекенова Бибигуль Уразовна
Фонетикалық кешенді талдау
Фонетикалық кешенді талдау
Ақтобе облысы, Ойыл ауданы Жақсыбайкөл негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жумабекова Нурсауле Рысжановна
Не деу керек? Буын
Не деу керек? Буын
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы № 90орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсылық Айгул Шындалықызы
Фонетика
Фонетика
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, №31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Н.Н.Әлімбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×