Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Фонетикадан өткенді қайталау

22 тамыз 2014, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Фонетикадан өткенді қайталау
• Сабақтың мақсаты.
Білімдік: Оқушыларға фонетика бөлімінен өтілген білімдерін еске түсіріп пысықтау, негіздеу.
Тәрбиелік: Сабақта мақал - мәтел, жұмбақтарды пайдаланып, Абай шығармаларынан үзінділер келтіре отырып, оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Фонетикалық талдау дағдысын одан әрі жетілдіру, ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың ойын дамыту, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ (топтық сайыс ).
Сабақтың әдістері: Сұрақ - жауап, көрнекілікпен жұмыс, әр түрлі ойындар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, математика.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а). Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оның мақсат - міндеттері, түрі және негізгі әдістерімен таныстыру.
ә). Тақырыбын анықтап алу.
б). Бағдарлаушы сұрақтар арқылы оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіру.
1. Фонетика бөлімі нені зерттейді?
2. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ата.
3. Буын, оның түрлері. Мысал келтір.
4. Үндестік заңына мысал келтір.
Сабақ басталарда оқушылар екі топқа бөлініп отырады да, топ басшыларын сайлайды, екі топ бір - бірін таныстырады (топтың аты, ұраны, әні ).
І топ. "Алғырлар"
ІІ топ"Тапқырлар"
Екі топтың бастаушылары келіп сандықшадан нөмір салынған асықты алған соң, асықты иіреді, асық қалай түссе, сол топ жауап беруді бастайды.
1. Сайысымыздың бірінші шарты бойынша екі топтан 2 оқушы келіп "Дауысты дыбыстар" және "Дауыссыз дыбыстар" атты кестені толтырады (топ болып орындайды).

ІI. Екі топ бір - біріне жаңылдырғыш сұрақтар қояды.
"Жаңылдырсаң да жаңылмаймын" атты ойын ойналады.
I топтың жаңылдырғыш сұрақтары:
1. Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
2. Сөз құрамында дыбыс көп бола ма, буын көп бола ма?
3. Шалға қарағанда балада не көп?

• ІІ топтың жаңылдырғыш сұрақтары:
1. Қай буында дыбыс көп болады? Ашықта ма, тұйықта ма, бітеуде ме?
2. Бота мен қозы ұқсас екен дейді! Олар қалай ұқсас бола алады?
3. Ерінде еріндік бар ма? Езуде езулік нешеу?

III. Викториналық сұрақтармен жұмыс.
1. Әліпбидегі сегізінші әріптен басталатын өзендердің аты ( Ертіс, Есіл, Еділ т. б. ).
2. Екі әріптен ғана құралатын планета атында әліпбидегі нешінші әріптер қолданылады? ( Ай ). 1, 13 әріптер.
3. Бірінші және он бірінші әріптен құралған сөз қай сөздің антонимі?
(Аз ).
4. Әліпбидегі бірінші әріп пен ең соңғының алдындағы әріптен құралған сөз қай аңның аты? ( Аю ).
5. Әліпбидегі жетінші, жиырмасыншы, жиырма екінші әріптерді тіркеп жазсаң балалар ойынына керек заттың аты шығады! ( Доп ).

ІV." Ең ұзақ сөз " ойын ( Тақтада орындайды ).
Ойынның шарты бойынша екі топтан 2 оқушы шығып, қазақ тіліндегі 33 дыбыс, 33 әріптен тұратын сөзді тауып, оны буынға бөлу керек.
Қа - на - ғат - тан - ды - рыл - ма - ған - дық - та - ры - ңыз - дан.

V. Сөз жұмбақ шешу
"С - дан басталатын 8 сөз ".
Берілген басқы әрпі бойынша төмендегі бос торкөзге сол әріптен басталған 8 сөз тауып жазыңдар.

1. С У 1. Сұйық зат
2. С Ө З 2. Зат немесе құбылыс атауы
3. С У Л Ы 3. Дақыл атауы
4. С Ә Б І З 4. Жемістің аты.
5. С Е М С Е Р 5. Қарудың аты.
6. С Т У Д Е Н Т 6. Жоғары оқу орнының оқушысы.
7. С А Р Ы М С А Қ 7. Өсімдік атауы
8. С Т И П Е Н Д И Я 8. Студентке төленетін айлы

VІ. Перфокартамен жұмыс
Берілген сөздерді тиісті орнына таңбамен + белгіле.
Р/ С Мысалдар Ашық буын Тұйық буын Бітеу буын
1. А ң
2. О ң
3. О т ы н
4. Е г і н
5. Ж о л
6. Ж е л
7. Ө м і р

VІІ. Жұмбақтар жасыру.
топ бір - біріне оқу - білімге байланысты үш - үштен жұмбақ жасырады.

VІІІ. Топ басшыларының сайысы.
"Кім тез тауып жаза алады?" о й ы н ы.
1. Көрсетілген әріптердің тиістісін орнына қойып, мәнісін түсіндіріңдер:
а). Шег(г) ара; Баш(сы); Сөс(зіз).
ә). Қорғам(н) бек; Жам(н) пейіс; сәң(н) қой.

2. Орнында отырған оқушылар тездетіп бітеу буынды тоғыз құс атын жазу керек.
( Тарғақ, бүркіт, қызғыш, торғай, кептер, сұңқар, байғыз, тұйғын, құзғын ).

ІX. Екі топтан екі оқушы шығып карточкалармен жұмыс жасайды.
Фонетикалық ( дыбыстық ) талдау. Дауысты және дауыссыз дыбыстарға талдау.
1 - карточка.
Ақыл мен қайрат жол табар
Қашқанға да қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
(Абай ).
2 - карточка.
Тоты құс түсті көбелек,
Жаз сайларда гулемек.
Бәйшешек солмақ, күйремек,
Көбелек өлмек, сиремек.
(Абай ).

X. Оқулықпен жұмыс. 184 - жаттығу./b]
[b]XІ. Кім көп мақал біледі?
Мына мақалдардың екінші сыңарын тап.
(Ауызша оқып беремін).
1. Ашу – дұшпан,....... (ақыл дос).
2. Ақ –....... (ақталар).
Қара –....... (байланар).
3. Сабыр түбі –....... (сары алтын).
4. Жігіт бір сырлы –....... (сегіз қырлы болсын).
5. Аузында әзілі жоқтың....... (қолында қол шоқпары бар).

Сабақты қорытындылау.
а). Ойын қорытындысын шығару.
ә). Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма. Фонетикадан өткенді қайталау.
11 788
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Фонетикадан өткенді қайталау
Фонетикадан өткенді қайталау
Оқушылардың фонетикадан алған білімдерін нығайту, тиянақтау, теориялық білімін практикамен ұштастыру. Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, оқу - білімге деген ынталарын арттыра отырып, сөздік қорын дамыту.
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Дауысты және дауыссыз дыбыстар
Петропавл қаласы, «№ 42 орта мектеп» КММ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманжолова Т. Т.
Қазақ тілінен жылдық қайталау 5-класс
Қазақ тілінен жылдық қайталау 5-класс
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, К. Бозтаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әдемі Асылханова
Фонетикадан өткенді қайталау
Фонетикадан өткенді қайталау
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Фонетикалық кешенді талдау
Фонетикалық кешенді талдау
Ақтобе облысы, Ойыл ауданы Жақсыбайкөл негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жумабекова Нурсауле Рысжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×