Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ашық және қысаң дауыстылар

19 наурыз 2014, Сәрсенбі
Сабақтың тақырыбы: Ашық және қысаң дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
Ашық және қысаң дауыстылардың жасалу жолын меңгерту.
Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке, өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Оқушыларды сөйлем талдауға бейімдеу, сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ - жауап арқылы тілдік талдау, жаттығы, сергіту.
Сабақтың көрнекілігі: Интарактивті тақта, плакат сызбалары, карточкалар, кубик.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімін өткізу (Кластың қатысымын, даярлықтарын тексеріп өтемін).
2. Үй тапсырмасын тексеру. Жаттығуды тексеріп болып, Кубизм әдісі бойынша өткен тақырыптарды қайталау (Сұрақтар арқылы).

Сұрақтар:
1) Фонетика дегеніміз не?
2) Әліпбиді қалай түсінесің?
3) Жазу мен айтылудағы әріп пен дыбыстық өзгешелігін мысал арқылы түсіндір.
4) Дауысты дыбыс дегеніміз не және оларды ата.
5) Жуан дауыстылар қалай жасалады? Дауыстыларды ата.
6) Жіңішке дауыстылар қалай жасалады? Дауыстыларды ата.
Жаңа сабақ
Жақтың ашылуына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді (таблицадан көрсетемін).
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз.
Ашық дауыстылар: а, ә, о, ө, е, э
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз.
Қысаң дауыстылар: ы, і, и, у, ұ, ү.
Жаңа сабақты бекіту.
Сөздік диктант жазу.

Ашық дауысты сөздер: жаз, орақ, еңбек, қонақ, тағалау, сәукеле.
Қысаң дауысты сөздер: күн, қызыл, Ақтөбе, күндізгі, құндыз, мыс.
Аралас сөздер: жарыс, өсімдік, түйме, инелік, былғары, қуаныш.

Осы берілген сөздердің үшеуіне әр қатардан бір оқушыдан шығарып, фонетикалық талдау жасатамын.
Орақ Құндыз Түйме
245 – жаттығуды орындатамын (тақтаға).
1қатарға 1 жұмбақты
2 қатарға 2 жұмбақты
3 қатарға карточкаға жазылған жұмбақ беремін.
Деңгейлік тапсырмалар беремін.

1 – деңгей
Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбысты қойып жаз.
... депті бала, бір ж... шік алма,... лең айт, ағаш к... пір, с... р көйлек, ақша б... лт, қыран б... ркіт, бір... йір жылқы, қол... рақ.
Төмендегі сөздерді екі топқа бөліп жазып, ол сөздермен сөйлем құра.
Ашық дауыстылар / Қысаң дауыстылар
Ыссылы – суықты, ізгілікті, алажабақ, ноқта, өрмек, өрнек, хабар, тігін, тұқым, білгір.

2 - деңгей
Ашық дауысты дыбыс қатысқан 7 туыстық атау жаз. (Әке, әже, әпке, жеңге, жезде, немере, шөбере)
Қысаң дауысты дыбысы бар 5 ұлттық тағамның атын жаз. (Ірімшік, шұжық, қымыз, құрт, уыз).
3 – деңгей
Жуан және жіңішке дауыстылардан тұратын 3 мақал – мәтел тауып жаз.
«Қыс» тақырыбында шағын әңгіме жазу. (ашық және қысаң дауыстылардың астын сызу)
4 - деңгей
1) Сергіту сәті. Сөзжұмбақты шешу.
Ел ордасы қай қала?
Тіл білімінде атын тура атауға тыйым салынған сөздер қалай аталады?
«Көне» сөзінің антонимі.
Қазақ әліпбиінің 13 - әріпі.
А С Т А Н А
Т А Б У
Ж А Ң А
Й

Сабақты бекіту:
Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар?
Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
Ашық дауысты дыбыстар қалай жасалады?
Қысаң дауысты дыбыстар қалай жасалады?
Үй тапсырмасын беру: 246 – жаттығу (ашық және қысаң дауыстыларды ажырату).
Бағалау
33 833
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ашық және қысаң дауыстылар (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді. Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э.
Ашық және қысаң дауыстылар
Ашық және қысаң дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды ашық дауыстылар дейміз. Олар: а, ә, о, ө, е, э. Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды қысаң дауыстылар дейміз. Олар: ы, і, и, у, ү, ұ.
Еріндік және езулік дауысты дыбыстар
Еріндік және езулік дауысты дыбыстар
Фонетика туралы түсініктері кеңейеді, еріндік, езулік дыбыстарды меңгереді. Азаматтық ұстанымдары күшейеді, дамиды.
Қазақ тілінен тест сұрақтары 10-11 сыныптар үшін
Қазақ тілінен тест сұрақтары 10-11 сыныптар үшін
СҚО, Петропавл қаласы №42 орта мектеп Оразалина Әсия Қабиденқызы
Фонетика
Фонетика
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, №31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Н.Н.Әлімбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×