Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еріндік және езулік дауысты дыбыстар

18 қараша 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ақмола облысы, Целиноград ауданы,
Фарфор ауылы, № 10 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тоқтаған Манарбек

Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы «Еріндік және езулік дауысты дыбыстар»
Лексикалық тақырып: «Ұлы жеңіске 70 жыл»
Сабақтың типі:
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру, игерілген білімді пысықтау.

Түрлендірілген аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, СТО құралдары
Жалпы мақсаты: а) білімділігі: Оқушыларға еріндік және езулік дыбыстарды меңгерту. Фонетика бойынша білімдерін молайту.
ә) дамытушылығы: Оқушылардың өзіндік ізденістерін дамыту, білімдерін арттырып, туған тілге қызығушылығын ояту, есте сақтау қабілетін дамыту, өздерінің білім алуына жағдай жасау.
б) тәрбиелілігі: Оқушыларды өмірмен таныстыра отырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, ұлт тарихын қастерлеуге, Отансүйгіштік сезімдерін тәрбиелеуге үйрету.
Күтілетін нәтиже: Фонетика туралы түсініктері кеңейеді, еріндік, езулік дыбыстарды меңгереді. Азаматтық ұстанымдары күшейеді, дамиды. Өз білімдерін қолдана алуға дағдыланады. Саяси көзқарастары мен ұстанымдары қалыптасады.
Негізгі идеялар: Фонетика, дыбыс, әріп, дауысты дыбыс түрлері.
Көрнекілігі: таратпа суреттер, тапсырмалар, слайдтар, стикерлер, смайликтер, флипчарт, маркерлер, маршруттық сурет.

Оқытушының іс - әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
Ұлы Отан соғысы қарулары (Танк, жойғыш ұшақ, «Катюша» реактивті зеңбірегі) суретінің қиықтарын құрастыру арқылы топқа бөлу.
Психологиялық кідіріс. Жаттығу сәті.
1. Сабаққа дайынсыңдар ма?
2. Өтірік айтпайсыңдар ма?
3. Ең жек көретін сөз қайсы?
4. Екіліктерге не дейміз?
Оқушыларға «Ұлы жеңіске 70 жыл» межесіне дейін 7 бекеттен өтетіндіктерін айтады. Әр бекетке сай тапсырмаларды орындау бойынша бағалау критерийлерін қояды. Әр бекеттің тапсырмасын орындаған соң белгі салып кетулерін тапсырады.

1 - бекет. «Есімдер елінде»
1 - топ.
1. Кімнің есімі бірыңғай жуан дауысты дыбыстардан тұрады.
2. Аралас жуан және жіңішке дауысты дыбыстардан құралған есімдер.
2 - топ.
1. Тек ашық, жіңішке дауыстыдан тұратын есімдер.

2. Еріндік пен езулік дауыстылар араласып келген есімдер.
3 - топ.
1. Қысаң және ашық дауысты дыбыстары бар есімдер.
2. Тек жіңішке дауыстыдан тұратын есімдер.

2 - бекет. «Стикерге жазылған сөз».
1 - топ. «Отан»
2 - топ. «Соғыс»
3 - топ. «Жеңіс»

3 - бекет. «Жалған жауап» бекеті.

Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар дейміз.
Дауысты дыбыстар жақтың ашылуына қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді.
Дыбыс - әріптің жазудағы таңбасы.
Қазақ әліпбиінде қазақ тіліне тән 12 дыбыс бар.
Қазақ тілінде 42 дыбыс бар.
Тілдің қатысына қарай дауыстылар ашық және қысаң деп бөлінеді.
“У” тек қана жуан дауысты дыбыс.
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және жабық деп бөлінеді.
Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған дауысты дыбыс езудік деп аталады.
Езулік дауыстыларға алдында жазылған еріндік дауыстылар әсер етпейді.

4 - бекет. «Санаға саяхат». Еріндік, езулік сөздерінің омонимдерін жазу.

5 - бекет. «Артығы қайсы?» бекеті.
1 - топ. Еріндік дауыстылар: о, ө, и, ұ, ү, у, е, й.
Ашық дауыстылар: а, и, у, ә, е, э, ү, ц, о, ө.
2 - топ. Езулік дауыстылар: о, ы, и, ұ, ү, у, е, й, а.
Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, а, ы, ұ, і, е, и, г, у.
3 - топ. Жуан дауыстылар: ө, ү, ұ, о, а, ы, и.
Қысаң дауыстылар: ы, і, о, и, а, у, ұ, п, ү.

6 - бекет. «Жаттығулар» бекеті.
1 - топ. 247 - жаттығу. 1 - анаграмманы шешкізу. Жауабына дыбыстық талдау.
248 - жаттығу. Өтірік өлеңдегі аралас буындарды теріп жазу.
2 - топ. 247 - жаттығу. 2 - анаграмманы шешкізу. Жауабына дыбыстық талдау.
248 - жаттығу. Өтірік өлеңдегі езуліктерді теріп жазу.

3 - топ. 243 - жаттығу. 4 - анаграмманы шешкізу. Жауабына дыбыстық талдау.
240 - жаттығу. Жұмбақтар құрамындағы еріндіктерді теріп жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 052
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Фонетика Дыбыстар
Фонетика Дыбыстар
Қазақ тілінен тест сұрақтары жауабымен. Фонетика. Дауысты дыбыстар
Буын буын түрлері
Буын буын түрлері
Буын түрлерімен танысады, дауысты дыбыс пен дуыссыз дыбыстың буын жасаудағы атқаратын ролін таниды. Дыбыстық топқа жіктелген сөз ағымының шағын мүшесі – буын. Дауысты дыбыстар буын құрайды.
Қазақ тілі пәні бойынша 5 - 7 сыныптарға арналған тест жинағы
Қазақ тілі пәні бойынша 5 - 7 сыныптарға арналған тест жинағы
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №14 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұғманова Алмагүл Нұртазақызы
Қазақ тілінен тест сұрақтары 10-11 сыныптар үшін
Қазақ тілінен тест сұрақтары 10-11 сыныптар үшін
СҚО, Петропавл қаласы №42 орта мектеп Оразалина Әсия Қабиденқызы
Еріндік және езулік дауыстылар
Еріндік және езулік дауыстылар
Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Жиренқопа орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Даулетиярова Айман Биржановна
Фонетика
Фонетика
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, №31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Н.Н.Әлімбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×