Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Таныстыру» поэмасын талдау

27 наурыз 2014, Бейсенбі
Сабақ тақырыбы: С. Торайғыровтың «таныстыру» поэмасын талдау
Сабақ мақсаты: 1. Жеті модульдікті пайдалана отырып, сабақты меңгерту:
2. Оқушыларды тарихқа шынайы көзбен қарауға,
3. Жаңа әдіс - тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту отырып, шығармашылыққа баулу..
Міндеті: Поэмадағы кейіпкерлерге мінездеме бере отырып, поэманың құрылысына, шындық болмысына тоқталу;

Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: РАФТ, алты телпек
Пәнаралық б/с: тарих
Көрнекілігі: слайд
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасып, сынып тазалығын тексеру, түгендеу.

ІІ Жаңа сабақ:
Қызығушылықты ояту:
Торайғыров Сұлтанмахмұт (1893 - 1920) – ақын, ағартушы. Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. Торайғыровтың 3 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болды. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанды. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, 1908 жылы баянауылдық Әбдірахман молданың қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дін мен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болды. 1911 жылы жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татар тілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет - журналдармен танысады. 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады.

Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой - түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы “Таныстыруда” Алашорда қозғалысыөкілдерін елге таныту мақсатын көздеді.
Сұлтанмахмұт 1918 жылдың қысында Абай елінде болып, «Таныстыру» атты поэмасын жазады. Ақын «Ақпан төңкерісінен кейін сара, даңғал жолға бастайтын азаматтар кімдер?» деген сұраққа жауап іздеп шарқ ұрады. Халыққа жаны ашитын, жол сілтейтін қазақ зиялыларының жарқын бейнесін ерекше мақтаныш сезіммен жырлай білді. Поэма қара қазақ пен оқыған зиялы қазақ арасындағы диалогке құрылған. Қара қазақ:
Туғанда құдай иіп мұндай заман,
Сұрайтын бір сөзім бар сенен, балам.
Тап біздің осы Семей облысының,
Көшбасшы адамдарын айтшы маған.
Біз - дағы жоспарлайық өзімізше,
Десе де түк білмейтін қазақ надан.

Аумалы - төкпелі кезеңде бұл сауалды ел болашағын ойлайтын әр адамның қоятын сұрағы екенін көреміз. Бұған оқыған зиялы қазақта бірден жауап береді. Ол:
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан,
Талассыз жеке - дара тұр ғой өзі.
Елі үшін құрбандыққа жанын берген,
Бит, бүрге, қандалаға қанын берген.
Ұрыдай сасық ауа, темірлі үйде,
Зарығып алаш үшін бейнет көрген.
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатовтарды таныстырып, олардың “бірі – күн, бірі – шолпан, бірі – ай” екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкәрімді ерекше атап көрсетеді.

ІІІ Алты телпек:
1. Ақ телпек – факт /тарихи шындық/
2. Сары телпек – сәттілік /Сәтті кезенді айту/
3. Қара телпек – сәтсіздік
4. Көк телпек – талдау жасау Неге? Не үшін?
5. Қызыл телпек – сезімтал /эмоция/
6. Жасыл телпек - шығарма /ақылға сыйымсыз ойлар/
ІҮ Р – оқушы
а - класс
ф – өлең, эссе, сурет
т -
Ү Үйге тапсырма: «Таныстыру» поэмасындағы кейіпкерлерге мінездеме беру
33 872
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам, адам болып», «Мен – қазақ»
Өлеңді көркемдік ерекшеліктеріне қарай талдау дағдыларын дамыту, тақырып бойынша өз ойын ашық айтуға дағдыларын жетілдіру; Оқушыларды оқу - білімге деген құштарлыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Қамар сұлу» романы
С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығы, «Қамар сұлу» романының идеялық мазмұнын меңгерту, романдағы әлеуметтік мәселелерге талдау жасау арқылы көркем шығарманы саралай білуге жетелеу.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері, өмірбаяны
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдері, өмірбаяны
Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омск уезінің Шағрай болысындағы Жантай ауылында дүниеге келген. Әкесі Шоқпыт Семей губерниясының Павлодар уезінен.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шілде» өлеңі
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шілде» өлеңі
ШҚО, Көкпекті ауданы, Теректі ауылы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ниязбаева Динара Амангелдіқызы
Кедей
Кедей
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893 - 1920)
Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 23 октябрь күні қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×