Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын

07 сәуір 2014, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Қыз емес, қыздың аты - қызыл алтын.
Сабақтың мақсаттары: Халық ауыз әдебиетіндегі қазақ қыздарының бейнесін талдау арқылы қазақ қызына тән мінезді ашып көрсету. Бұрынғы қазақ қыздарының тәрбиесін қазіргі заман қыздарының тәрбиесімен салыстыру арқылы талдату.
Көркем тексті талдату арқылы оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру.
Сұлулықты көре білуге, сұлулық сезіміне баулу. Сүйсіну, жек көру, сүйіспеншілік сезімдерін тану.
Сабақтың түрі: тіл ұстарту.
Қолданылған технология: ГСО
Сабақтың көрнекіліктері: қазақ қыздарының суреттері.

Сабақтың барысы:
Сабақтың ұраны:
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған,
«Қыз өссе - елдің көркі»- деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
О. Сапарбаев

Поэзия минуты (мәнерлеп жатқа оқу)
А) Ақ Жүністің сұлулығы
«Қара жерге қар жауар, қанды көр де, етім көр, қар үстіне қан тамар, қарды көр де бетім көр»Оның жіпке тартқандай қиылған қасы сұлулығын бірден айтпай «Қиюлы жатқан қалам бар, қаламды көр де қасым көр»Ақ Жүністің бас бітімінің сұлулығын «Зергер болсаң қасында, Алтыннан соққан түйме бар, түймені көр де басым көр»

Б) Баянның бейнесі
Тал шыбықтай бұралған өзі көрім,
Мінеки, оны айтатын келді жерім.
Қыпша бел, алма мойын сұлу Баян
Сипаты жаннан асқан ол бір серім,
Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты.
Шашының ұзындығы тізін басты
Гүл төгілер аузынан меруерт тісті
Ондай жан дүниеде жаралмасты
Аппақ керік маңдайлы, қылығы наз.
Малың түгіл басыңды берсең дағы аз.

Қыздардың бейнесі жасауда әртүрлі әдіс тәсілдер қолданылған. Шығармадан сол әдістерді таптыру.
Көркем текстен Айманның, Ақ Жүністің және Баянның бейнелерін тапқызу. Олардың мінездеріндегі ерекшеліктерді айтқызу.
Пікірталас: «Қазақ қыздарының бұрынғы кездегі және қазіргі кездегі тәрбиесі»
Тақтада: Қыздың көркі - киім. Қыз тілінбеген қарбызбен тең. Қызы бар ауылдың қыдыры бар. Қыз бала әкесіне – жұлдыз, шешесіне - күн. Қыз қылығымен көпке жағады. қыздың малы - қардың суы. Қыз балаға қырық жерден тиым.
Осылардың барлығын түйіндей келе шағын шығарма жазу:
Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі.
Есімі дүниені жер сілкіндірген сияқты өз ауылдарыңның немесе қазақ халқының атақты қандай әйелдерін білесіздер? Олар туралы не айта аласыздар?

Сабақты қорытындылау.
Қыз емес, қыздың аты - қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің сөзін орап сөйлемеген
Халқының салт - дәстүрін сақтай білген
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: ана туралы немесе қыздар туралы бір - екі шұмақ өлең құрастырып жазып келу.
15 161
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Көктем аруы
Көктем аруы
«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді
Арулар – асыл жандар (тәрбие сағаты)
Арулар – асыл жандар (тәрбие сағаты)
Қыздар қауымымен сырласа отырып, олардың тәрбиесіне көңіл бөлу, эстетикалық тәрбие беру, оларға салт – дәстүрді үйрету, олармен пікірлесе отырып, өздерін мазалап жүрген сұрақтары болса, соған жауап табу, еркін өз ойларын ашып айтуға баулу.
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз өссе елдің көркі атты қыз сыны сайысы
Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Анаға қарап қыз өсер
Анаға қарап қыз өсер
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №64 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Райханқызы Жанар
Бұрымды қыз
Бұрымды қыз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент ауылы, Түймекент орта мектебінің технология пәні мұғалімі: Джумадилова Зура Адилхановна
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Көктем аруы қыздар арасында байқау
Мың бұралған арулар билей басып, Келеді міне ортаға толқып тасып. Аруларын сыйлаған халқым менің, Көңілді қошеметпен қарсы алайық.!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×